Астаналық кітапханалар Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындалуда
12.02.2015 1917
Биыл мерейтойлы тарихи даталарға толы жыл үшін, ең айтулы оқиғалардың бірі — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өткелі отырмыз.

Қазіргі таңда елордада 23 қалалық жалпы көпшілік кітапхана, соның ішінде 16 көпшілік, 6 балаларға арналған, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана жұмыс істейді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық барысында әрбір кітапхана жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу бағыты бойынша жұмыс істеуде. Қызметкерлердің жұмысын көптеген қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар, мысалы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі, ардагерлердің қалалық кеңесі, мәдениет, спорт, ұлтарасындағы қарым-қатынастарды нығайту мен Отан қорғаушылар жасаған ерліктерді жадымызда мәңгі қалдыруға арналған тұрақты комиссия, «Мемориалды аймақ» іздестіру отряды және басқалар да қолдайды.

Қазіргі кезде барлық астаналалық кітапханаларда кез-келген адам Ұлы Отан соғысының батырларына арналған кітаби-иллюстрациялық көрмелерді тамашалай алады.

Осылай, мысалы, № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері «Жауынгердің жеке затары…» атты көрмені дайындады. Көрмеге медальдер, майданнан келген хаттар, куәліктер, майдан қасығы, К. Асаиновтың жауынгерлік құтысы қойылған.

№ 8 балалар кітапханасының қызметкерлері өзінің оқырмандарының ішінде «Мәңгі оттың қасында тұрғанымда…» тақырыбында жазылған ең үздік шығармаға байқау жариялады. Шараны ұйымдастырушылар сөзіне қарағанда, байқау 2015 жылдың қаңтар-сәуір аралығында өтеді, ал оның қорытындысын шығаруға ҰОС ардагерлері атсалысады. Осы жұмыстың алғашқы жемістерін — № 8 балалар кітапханасы оқырманының шығармасын — 2015 жылдың 15 қаңтарында шыққан «Вечерняя Астана» («Кешкі Астана») газетінің беттерінде көруге болады. Шығарманың авторы — № 36 орта мектебінің оқушысы Артем Форер. «Менің ұлы атам, ұлы әжемді майданда қездестірді» деп аталатын әңгімесінде бала қанды соғыстың қиын жағдайындағы жаңа отбасының пайда болу тарихын баяндаған.

Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында № 5 көпшілік кітапханың қабырғасында «Шинельдерді бұрын шешіп тастадық» атты кеш болады. Осы шара «Мемориалды аймақ» іздестіру тобы мен оның жетекшісі әрі осы кітапхананың тұрақты оқырманы Майдан Құсаиновтың қолдауымен өтеді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындықтың уақытында Астананың кітапханалар жүйесінде «Өз атаммен мақтанамын!» акциясы өткізіледі. Осы акцияның шеңберінде әңгіме-шолулар, кітап көрмелері, эстафеттер, зияткерлік ойындар, ерлік сабақтары, әдебиеттерді шолу сабақтары өтеді, бүктемелер мен ақпараттық үнпарақтар шығарылады.

Қала кітапханалары алдында тұрған негізгі мақсат — халық ерлігінің тарихын сақтау, батырлығын да мәңгі есте қалдыру, жер бетіндегі өмірдің құндылығын өсіп келе жатқан ұрпаққа насихаттау.