Т. Молдағалиевтың 80 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді
10.02.2015 2698
Ақын, сыршыл лирик Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Қазақ деген халықтың баласымын, Ағы менен көзінің қарасымын» атты әдеби кеш өтеді.

2015 жылы 11, ақпанда сағат 11.00-де «Астана» ұлттық сурет галереясы кітапханасының оқу залында белгілі, ақын, сыршыл лирик Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Қазақ деген халықтың баласымын, Ағы менен көзінің қарасымын» атты әдеби кеш өтеді.

Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылғын әр қазақ жақсы біледі. Т.Молдағалиевтың 80 жылдығына арналған тақырыптық сөрелер жасалынады. Кеш барысында, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы слайд арқылы таныстырылып, өлеңдерінен үзінділер оқылады.

Ақынның қазақ композиторларымен бірлесе жасаған туындыларына шолу жасай отырып, сол ретро әндермен жастарды таныстыру, Тұманбай Молдағалиев шығармаларына заманымыздың дарынды композиторлары Сейдолла Байтереков, Шәмші Қалдаяқов, Кенжебек Күмісбеков, Еркеғали Рахмадиевтар ән шығарды. Нұрғиса Тілендиевтің «Арманымның ақ құсы» әні халықтың сүйіктісіне айналды. Ақын сөзіне жазылған «Куә бол», «Жүрегімнің сөзі», «Сен менің әнімсің», «Сарыарқа», «Жан досым», «Көктем келді» және басқа да танымал әндер ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса бермек.

Шараға қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары шақырылып отыр.

Барлық қызықтыратын сұрақтарға (7172) 57-23-35 және 44-32-85 телефонына хабарласуға немесе astana.nag@gmail.com электронды поштасы арқылы жазылуға болады.