e-history.kz веб-порталы «Бір суреттің тарихы» жобасын бастайды
09.02.2015 1749
2015 жылдың 9, ақпанынан бастап e-history.kz веб-порталы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған, «Бір суреттің тарихы» атты жобаны жүзеге асыруды бастайды.

Аштық пен өлім, зорлық-зомбылықтан басқа адамзатқа ештеңе әкелмеген сұрапыл соғыстан бері қаншама уақыт өтті… Ұлы Отан соғысы майдандарында атылған соңғы оқтың түтіні өшкеніне 70 жыл болды.

Бүгін бейбіт елде өмір сүріп, халқымыздың болашағы жарқын болады деп сенеміз. Ата-әжелеріміз 1941–1945 жылдары көрген сұмдықты біздің білмей өтетініміз анық. Соғыс қаупін хабарлайтын сиренаның дауысы, бізге таныс емес… Лайым, әрқашан осылай болсын!

Осы бейбіт өмірге қалай жеттік? «Ешкім-де ұмытылған жоқ, ештеңе-де ұмытылмайды» — деп аталатын ұран, әскери шайқас алаңдарында денесі мәңгіге қалып, біздің тыныштығымыз үшін өз өмірлерін құрбан еткен сарбаздардың туысқандары мен жақындарының жүректерінде орын алады.

Тарих кеңес әскерлері мен аналардың, олардың әйелдері мен қарындастарының ерлігін ардақтап, құрметтейді. Бірақ, өкінішке орай, тарих өз кезегінде, Жеңіс күніне баға жетпес үлес қосқан қаншама адамдардың есімін ұмытып кете береді. Есімі белгісіз мыңдаған, жүздеген миллиондаған адамдар қаншама…

Әрбір қазақстандық отбасыда, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің суреті бар, көне фотоальбомдардың табылары сөзсіз, бұл суреттер ұмыт бола бастаған олардың ерлігі жайында естелік сыр шертері анық. Сарғайып кеткен фотосуреттер, майдан өмірінің толық шындығын, тылда қалған адамдардың басына түскен ауыртпашылықты жеткізер. Ұмытпауға тиісті оқиғаларды баяндар.

e-history.kz веб-порталы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсете отырып, олардың есімі ұмытылмасын деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған «Бір суреттің тарихы» атты жобасын бастайды.

Әр қазақстандық тұратын жері мен жасына қарамай, аталған жобаға қатыса алады.

«Бір суреттің тарихы» атты жобасына қатысу үшін отбасылық мұрағаттан бір фотосуретті және оның қысқаша тарихын жазып, kaz.ehistory@gmail.com электронды поштасына «Бір суреттің тарихы» Фотожобасына деген белгімен жолдаңыздар.

Сіздің сурет туралы қысқаша жазбаңыз келесідей, ақпараттарды қамтуы тиіс:
1. Фотосуретте кім бейнеленген.
2. Фотосурет қашан және қай жерде түсірілген.
3. Осы адамның қай жерде соғысқаны, майданнан оралғанда қандай естеліктерімен бөліскені жайлы жазу.
4. Тыл еңбекшісі жайлы айтып өтсеңіз, оның қай жерде тұрғаны және жұмыс істегені, тап болған қиындықтары (азықтың жетіспеушілігі, ауыр еңбек, техниканың жоқтығы, т.б.) туралы жазу керек.
5. Балалық шағы соғыс жылдарына тап келген, адам жайлы жазып өтсеңіз, онда отбасындағы не жетімдер үйіндегі баланың өмір сүру жағдайы жайлы жазсаңыз да болады.
Редакцияға келіп түскен барлық мақалалар өңделіп, e-history.kz веб-порталында 2015 жылдың 1 наурызынан бастап жарияланатын болады.

Әрбір ардагердің ерлігі мәңгі есімізде болсын!

Барлық сұрақтар бойынша e-history.kz веб-порталының байланыс мәліметтері:
kaz.ehistory@gmail.com
+7 (7172) 798206 (114)
+7 (7172) 798206 (111)