«Өз елім. Өз отбасым. Өз тарихым» Фотожобасы басталады
06.02.2015 2878
2015 жылдың 6, ақпанында e-history.kz веб-порталы «Өз елім. Өз отбасым. Өз тарихым» деп аталатын бірегей фотожобаны бастайды.

2015 жыл мерейлі даталарға толы жыл. Бұл даталар, қазақстандықтардың өткеніне үңіліп, бүгінгі еліміздің тарихын мәңгілікке өзгерткен оқиғаларды еске алуға мүмкіндік береді.

Осыдан 20 жыл бұрын, нақтылап айтсақ, 1995 жылдың 1 наурызы күні еліміздегі ұлтаралық қатынасты үйлестіруші жалғыз институт, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бүгінде ол, елімізде тұрып жатқан 130-ға жуық ұлт пен ұлыстың билік пен екі арадағы байланыстырушы символ іспеттес.

Бүкіл этностар бір елде, бір шаңырақтың астында келісім мен бірлікте өмір сүруде. Алайда, Қазақстанды өз отанымыз деп санайтын әр этностың елімізге келуінің өзіндік тарихы бар.

e-history.kz веб-порталы ұсынып отырған, «Өз елім. Өз отбасым. Өз тарихым» фотожобасы ел халқының бірігу жолындағы тарих парақтарын қайта жинақтауға мүмкіндік бермек. Ол үшін, өзіңізді немесе өз отбасыңызды, ұлттық киімде суретке түсіріп, әулетіңіздің қысқаша тарихын қосымша түрде беріп, kaz.ehistory@gmail.com электронды поштасына «Өз елім. Өз отбасым. Өз тарихым» Фотожобасына деген белгімен жолдаңыздар.

Сіздің қысқаша жазбаңыз келесідей, ақпараттарды қамтуы тиіс:
1. Тегі (мысалы: Мамедовтар отбасы…).
2. Ұлты.
3. Тұрғылықты мекен-жайы, аймақ.
4. Отбасыңыздың Қазақстанға келу тарихы (келген уақыты маңызды емес).
5. Жергілікті халықпен қарым-қатынасты сипаттап жазу, бәлкім жаңа жерге қоныс аударған кезде жергілікті халықтан қол ұшын созып, отбасыңызбен араласып, жаңа жерге үйренісуге көмектескен жергілікті ұлт өкілдері жайлы да жаза кету.
6. Қорытынды ретінде, соңғы 20 жылда жұмыс жасап келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қалай бағалайсыз.

Егер, сіздің отбасыңыз Қазақстан аумағында бұрыннан бері тұратын болса, қоныс аудару тарихының орнына, еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынастарыңыз жайлы жазсаңыз болады. Мүмкін, мектеп, университет қабырғасынан танысып, араласатын достарыңыз болса, олардың сізді қызықтырған салт-дәстүрлерін-де қоса кетсеңіз болады.

Біздің бәрімізге ортақ отбасымыздың тарихын бірге жазайық!

Редакцияға келіп түскен барлық мақалалар өңделіп, e-history.kz веб-порталында 2015 жылдың 1 наурызынан бастап жарияланатын болады.

Жоба «Қоғамдық келісім» РММ қолдауымен жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша e-history.kz веб-порталының байланыс мәліметтері:
kaz.ehistory@gmail.com
+7 (7172) 798206 (114)
+7 (7172) 798206 (111)