Міне, бірнеше жыл бойы Лондондағы қазақстандық студенттер Қазақстан туралы айтып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап келуде
Орталық Азия елдерінің «Наурыз» (басқа елдерде Нәүрүз/Näwrüz, Наврӯз/Navroʻz, Novruz, Навруз, Нооруз – атауларымен белгілі) көктемгі мейрамы – бай мәдени мұра болып табылады және Кавказ, Таяу Шығыс, Орталық және Батыс Азияда ғасырлар бойы тойланып келеді. Оның мәні - әлем, адамгершілік, тазалық, махаббат, осы мейрам Жаңа жылға теңестіріледі - табиғат оянып, жаңару мен жаңа бастамалар жаңғырады.
Лондондағы түрлі ұйымдар мен қауымдастықтар өкілдері, осы мерекені өткізу үшін, күш-жігерлерін біріктірді. Оның нәтижелілігі ұлғайды және Орталық Азия (CASF) елдерінің көктемгі мерекесі ретінде, Лондонда танымал болды. CASF 2017, өткен фестивальдер тәрізді, University College London (UCL), Gower Street өтті. Осы жылы Наурыз мерекесін сегізінші рет тойлап отыр. Фестивальда Әзірбайжан, Қазақстан, Түркменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Иран, Түркия, Шығыс Қытай, Татарстан (РФ субъектісі) және Өзбекстан мемлекеттерінен 2 000 қатысушы жиналды.
Мерекенің қонақтарын музыкалық және би ансамбльдерінің көрнекі өнер көрсетулерімен, спорттық шаралармен (күрес, арқан тарту, нарды ойыны) және де мәдени көрмелермен қуантты. Әрине, тәтті тағамсыз болмады. Қонақтар Орта Азия халықтарының түрлі тағамдарынан дәм татты – бесбармақ, бауырсақ, палау, самса, мәнті, далма, құрұтөб, пахлава, пірмяш, учпучмак, чак-чак және тағы басқалары. Фестивальдан түскен кірістерді (CASF) ұйымдастырушылары Орталық-Азия аймақтағы: білім беру бағдарламалары, балалар үйлерінде денсаулық сақтауға, бала асыраушы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептерге қайырымдылық көмек мақсаттарына жұмсайды. CASF арқылы 25-тен астам қайырымдылық жобалар жеті жыл ішінде жүзеге асты.
Риджентс Лондондық университетінде оқып жүрген қазақстандық студент Райымбек Касеновтың (Көкшетау қ.) айтуы бойынша: жобаның түпкі мақсаты –Қазақстанды Ауғаныстаннан немесе Өзбекстанды Пәкістаннан айыра алмайтындарға өлкеміздің ерекшеліктері туралы айту және көрсету. Халықтық музыка және би, британдықтарға экзотика болып табылатын өзіндік - ерекше тағам, спорттық жарыстар, салт-дәстүрлер, өнер мен әдебиет және де ұлттық сувенирлерімен көрме арқылы жүзеге асыру. «Біз өз мәдениетімізді және мұрамызды мақтан етеміз және Лондон тұрғындарымен бөліскіміз келетіні сөзсіз», - деп Көкшетаулық студент.
Естеріңізге сала кетейік, осы бастама Лондонда оқып жүрген Орталық Азия студенттерінен болды. 2010 жыл фестивальдің бастапқы жылында, мұнда 200 адам қонақ болды, 7 жылдан соң - 2500. Осы жылы төрт мемлекет қатысты: Өзбекстан, Қазақстан, Татарстан, Әзірбайжан. Кейіннен, Тәжікстан қатысушылардың санын толтырды, ал бүгін фестивальға Түркия мен Ауғаныстан қосылды, 2016 жыл олар үшін алғаш фестиваль болды. Негіз салушылары Лондонға келіп, мұндағы адамдар Орталық Азия туралы өте аз білетіндігіне көздері жеткен соң, оларға жоба идеясы келді.
Орта Азиялық халықтарды Еуропада бір ортаға біріктіру және ескі континентті Шығыс мәдениетінің түрлі-түрлі жақтарымен таныстыру шешімі сол мезетте қабылданды. Лондон —интернационалды қала, мұнда еуропалықтар, азиаттар, американдықтар тұрмыс жасайды және осы аймақтың мәдениетін олар экзотика ретінде көріп, қызығады.
Махаббат БОЛЬШИНА
Көшірме жасау және материалдарды жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша не ауызша рұқсаты қажет. Міндетті түрде National Digital History порталына гиперсілтеме жасау қажет. Барлық құқықтар ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалған. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі. – 111)