Түркі әлеміндегі тұлғалар жайлы ғылыми конференция өтеді
21.10.2014 1513

Елбасы Н.Назарбаев 2013 жылы Әзербайжанның Габала қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің ІІІ cаммитінде Түркі академиясына түркі әлемі туралы халықаралық жиын өткізуді және үстіміздегі жылы Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі кеңесінің IV саммитінде түркі әлемі интеграциясының бағдарламасын жасауды жүктеген болатын.

Осыған байланысты Академия Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, түркі әлемінің бірлігі жолында қызмет еткен қайраткерлер — Алибек Гусейнзаденің туғанына 150 жыл, Мамед Эмин Расулзаденің туғанына 130 жыл, Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың туғанына 120 жыл және Исмаил Гаспринскийдің қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай, үстіміздегі жылдың 27–28 қазан күндері «Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» халықаралық ғылыми конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Конференцияға қазақстандықтармен қоса, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Моңғолия, Жапония және т.б. елдердің ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысады.
Конференция 27 қазан күні сағ. 10.00-да Бейбітшілік және келісім сарайында басталады.

Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі
Байланыс тел: 744686