Түрік қағанаты
27.09.2013 5449
Түрік қағанатының құрылуы ортағасырлық Казақстанның бастамасы болды.

 Б.з. VІ Қазақстан территориясы мықты держава – Түрік қағанатының иелегіне өтті, оның билеушілері түрік тайпасы ашина династиясының өкілдерінен шыққан. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында  542 ж. кездеседі. Он жыл уақыт өткеннен кейін 552 жылы түріктер Ішкі Азия далаларында саяси және әскери билікті иемденіп, Түрік қағанатын құрды. VІ ғасырдың соңында Түрік қағанаты ең жоғары кезеңді бастан кешірді. 587 ж. Түріктер Бұхарада эфталиттерді талқандайды. 571 ж. Истеми қаған Солтүстік Кавказды иеленіп, Боспорға (Керчен бұғазы) шығады. Оның ұлы Түрксанф Керчьті жаулап алып,  Қырымға басып кіреді (576 ж.). Бірнеше жылдардағы өзара тартыстан соң Түрік қағанаты ыдырады. Батыста 603-704 жж. дербес Батыс-Түрік қағанаты өмір сүрген. Түрік империясының шығыс бөлігінде ұзақ мезгіл Тан мемлекетінің тәуелділігінде болған Ашин руының билігі Орхонда қайта жанданды. Олардың тарихы Күлтегін, Тоныкөк, Білге-каған  ескерткіштері мен стелаларында және тағы басқа да көптеген алып жазба түрік ескерткіштерінде сақталған. 679 ж. түріктер қағанатты жандандыру мақсатында Тан билігіне қарсы шықты. 682 ж. түрік халқының қолбасшысы болып Құтұлығ-чор тағайындалды. 734 ж. Білге-қаған қайтыс болды. Ол қайтыс болған соң, түріктер өткен даңқын қайтара алмады, 744 ж. Орхондағы қоныстардың мирасқоры Ұйғұр кағанатының  тарихының бастамасы болған ұйғырдың қағандық яглакар руы болды.