«Қазақ хандары және олардың ұрпақтары» атты кітап жарық көрді
17.08.2013 2745
«Қазақ хандары және олардың ұрпақтары» атты кітап жарық көрді

 «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер». Әр саналы азамат өз тарихын білгені абзал. Қазақ халқы тарих сахнасына қалай шықты, кімнен тарады? Бүгін Астана қаласында «Қазақ хандары және олардың ұрпақтары» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Туынды ХІІІ-ХХІ ғасыр аралығын қамтиды.

 Шыңғыс ханнан бастап, оның қазір өмір сүріп жатқан ұрпақтарын түгел қамтыған. Шыңғыс хан туралы тарихшылар арасында екі түрлі пікір бар. Бірі түрік десе, екіншісі моңғол дегенді алға тартады. Жиынға қатысқан тарихшылар осы тұрғыда пікір алмасты. Кітап орыс тілінде 300 данамен жарыққа шыққан. Ал қазақ тіліне жуырда аударылмақ.

Болат Көмеков, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Бұл кітапта тарихта айтылып жүрген қазақ хандары туралы мағлұматтар топтастырылған. Сонымен бірге, Шыңғыс хан ұрпағына қатысты он мың адамның аты бар.