Көне ғимараттар. Қажы Талиға кесенесі
28.01.2015 3353
Қажы Талиға кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан.

Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Өкінішке орай осы кезге дейін, кесененің бастапқы қалпы сақталмаған. Сондықтан ол бастапқы қалпына келтірілген.

Кесене қабырғаларына бедерленген алғашқы оюлары жоғалып кеткен. Оның көлемі 6400 х 6300 және биіктігі 7,2 м квадрат үлгісінде салынған. 

Қабырғалары гипсті қоспамен жасалған квадрат кірпіштермен қаланған. Кесененің барлық бұрыштарында доғал бағаналары бар. 

Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталып қалған.

Кесене күмбезбен көмкеріліп салынған. Күмбез біртүрлі кірпішпен қаланып, сырты 1,1м кішкене күмбездермен аяқталады. 

Барлық периметрлері бойынша кесенеде екі ағаштан жасалған сейсмобелдеу бекітілген.

2009 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, қайта қалпына келтіруден өтіп, жөнделген.

Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып, kaz.ehistory@gmail.com электронды адресіне жіберсеңіздер болады.