«Қазақ хандығының жаршысы» атты дөңгелік үстел өтті
14.01.2015 2806
Бүгін ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтында І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналған «Қазақ хандығының жаршысы» атты дөңгелік үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірлік жолы арқылы патриотизм үлгісін көрсетіп, оның шығармаларының тарихи рөлін анықтау болады.

Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі, ақын, сценарист, драматург, Қазақ КСР-ның Мемлекеттік премиясының лауреаты.

«Көшпенділер» трилогиясының арқасында ол бүкіл әлемге танымал адамға айналды. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін І.Есенберлин шығармалары өте маңызды.

Институттың баспасөз қызметі хабарлағандай, дөңгелек үстелдің қатысушылары жазушының өмірі, қызметіне қатысты барлық деректерді қарастырып, жаңа кітапта суреттелген оқиғаларға да лайықты баға беріледі.

Дөңгелек үстелдің жұмыс барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Ілияс Есенберлиннің көзі тірісінде онымен сырласқан Тұрсын Жұртбай, жазушының шәкірті, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жылқыбай Жағыпарұлы, белгілі ғалым Рахымжан Тұрысбек сөз алады.

Сонымен бірге, жиналысқа ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, ҒЗИ басшылары, тарих оқытушылары, орта мектептерде сабақ беретін мұғалімдер, БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.