Жаңа Қазақстанның өмірге келуі
18.12.2014 2430
Жаңа мемлекет жаңа жұлдыздай пайда болады. Кейбір жұлдыздар табиғатынан әлсіз болып келеді, осындай аспан денелерінің ғұмыры ұзақ емес... Олардың басқалары уақыт өте келе жарқырап шығады.

Жетістік — өмірдің нәтижесі емес, жетістік деген оның бастамасы ғана.

У. Черчилль

Қазіргі кездегі Қазақстандағы тез дамып келе жатқан үдерістер өздерінің өмірге қабілеттілігін толық дәлелдеді. XX ғасырдың 80-90-шы жылдарында осындай үдерістер енді ғана басталды, Қазақстан өзінің индустриалды-инновациялық жүйесін «нөлден» бастап құрастырды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көп ұлттық мемлекеттің азаматтарының қолдауымен қоғамды жаңғырту (қайсыбір нәрселерді қазіргі жағдайға сәйкес өзгертіп) мақсатымен өз саясатын бастады.

Тәжірибелі саясаткер және Сингапур елін ұзақ жылдар басқарған Ли Куан Ю КСРО-ның ыдырауына сенімді болды, алайда ол «Қазақстанның болашағы жарқын болады деп көрсетті», – деп жазады Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» кітабында.

Қысқа тарихи кезеңнің ішінде периметр бойынша «жер сілкінісіне тұрақты» («сейсмологиялық«) белбеуі бар қазіргі мемлекеттің негізі қаланды. Осылай, КОКП-ның тоталитарлық жүйесі жойылып, демократиялық құндылықтары басым  қоғам пайда болды. 

Сонымен бірге, қоғам шаруашылықтың кеңестік түрлерінен бас тартып, нарықтық қарым-қатынастарға көшті. Адамдардың бұрынғы стереотиптері (шаблон, штамп ретінде өзгермейтін, жалпы қабылданған үлгі) өшірілді. Осы уақытта адамдардың жаңа санасы қалыптасты. Ғасырлар тоғысында Қазақстан өзінің айқын, тұрақты экономикалық даму стратегиясын және шаруашылықтың даму жолын қабылдады. Қазақстанның орнатылған моделі ҚР-ның шикізаттары, жоспары, талаптары, мақсаттарын есепке ала отырып, мемлекеттің геосаяси жағдайы, тарихы, мәдениеті, «еңбек өсиетіне» назар аударды [1].

Республиканы Президент басқарады. Оның саясатының арқасында елдегі тұрақтылық сақталып қалды, қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі басталды. Президентте ұтымды шешім не дұрыс, біреумен көрсетілген алгоритм (қайсыбір міндетті орындау амалдарының реті; қайсыбір әрекет процесіндегі амалдардың рет-тәртібі) болмады. Сондықтан Елбасымыз өзіндікі алгоритмді іздеп жүрді. «Біз әр кезде диалог үшін ашық болып, жаңа және таныс емес идеяларға құлақ түріп отырып, сынға жағымды көзқараспен қарадық. Егер басқа елдердің тәжірибесі біз үшін қызықты болып көрінсе, онда оны тиімді пайдалануға үйреніп жүрдік»[2]. Осылай қол қусырып отырмай, қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу үдерісі дамып кете бастады. Озат елдер ретінде мойындалған мемлекеттер және олардың басшыларының тәжірибесін зерттеп отырдық. Маргарет Тэтчер, Франсуа Миттеран, Гельмут Коль, Үлкен Джордж Буш, Ли Куан Ю, Иоанн Павел II және басқалар назарымыз ерекше ауып тұратын.

Кейін Қазақстанның даму жолы айқындалды… «Түбегейлі өзгерістердің қандай орын алатындығын түсіну қажет болды, өйткені даму жолы, миллиондаған адамдардың мүдделеріне бағытталған өзгерістер мен реформалардың тиімді стратегиясын таңдау керек болды. Соның барлығын қысқа мерзімде істеу қажет болды. Тарих толғаулар мен зерттеулерге көп уақыт болмады. Әлем тез дамып келе жатқан. Ал бізге экономикалық жүйемізді бейімделу керек болды. Және соның барлығын ескере отырып, «әлемді қуып жету» керек болды», — Қазақстан Президенті «Қазақстан жолы» кітабында Қазақстан жолы қалай басталғанын есіне алып жатыр…

1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауында Қазақ КСР-ның Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды. 10 желтоқсан 1991 жылы, ұлықтау рәсімі болған күні (мемлекет басшысының өз лауазымын атқаруына кірісуінің салтанатты рәсімі), Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы» шешім қабылдады [3].


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің отырысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп айтты: «Біз үшін осы идея — егемендік, демократиялық Қазақстан»[4].

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап, оның тәуелсіз болу құқығын көптеген елдер мойындап жатты. Түркия, Румыния, АҚШ, Ирландия және басқа да салмақты елдер ҚР-ның егемендігін мойындап, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевты құттықтады.

Енді мәдениет, экономика саласындағы ынтымақтастық орнату керектігі пайда болды. Осы кезден бастап Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде танылды. Республика еуразиялық кеңестікте дербес мемлекет ретінде алғашқы қадамдарын жасады.


Ел үшін қалыптасқан жағдай өте қиын болды. Барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді. Ең алдымен экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі пайда болды. Осы кездегі шешімдерге Қазақстанның болашағы тәуелді болды.

Дағдарыс кезінде уақыт факторының маңыздылығы зор болып саналады. Бұрынғы КСРО-ның аймағындағы қоғам ішіндегі алаңдаушылықты тудырып отырды. Қазақстанның алдында тез шешім қабылдауды талап ететін мәселелер болды, сондықтан өндірістік қарым-қатынастарды бірден өзгерту керек болды. Сондықтан да нарықтық экономикаға көшу қажеттілігі туып отырды. — Елбасымыз атап айтты [4].

«Осылай, барлық қазақстандықтар үшін жаңа өмір, жаңа дәуір басталды. Біз қанат біткен қоғам болып, барын ынтамен істедік. Бір күннің ұзақтығын бір айға теңестіре отырып, ерінбей, тоқтаусыз еңбектендік. Осы кезде митинг құбылысымен ешкімді таңқалдыра алмайсың», — Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарын есіне ала отырып [5].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Р. Медведев. Экономика стран Содружества. На разных скоростях и по разным дорогам//Экономические стратегии — Центральная Азия. 2006. № 3.
2. Н.Ә. Назарбаев. Казахстанский путь.— Қарағанды, 2006.
3. О.Видова. Нурсултан Назарбаев: Портрет человека и политика. — Алматы: Білім, 1998.
4. Н.Ә. Назарбаев. Избранные речи. 2-ші том. 1991–1995 жж. — Астана: Сарыарқа, 2009.
5. Қ. Сұлтанов. Новая эпоха Казахстана//Казахстанская правда. 2010. 24 маусым.

«Независимый Казахстан и Лидер Нации (Новейшая история Казахстана и историческая роль Первого Президента Н. А. Назарбаева)» кітабынан алынған мақаланы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік тарихы институты ұсынған, Алматы, 2010 ж.