ҚР Ұлттық музейінде «Алтын әйелдің» таныстырылымы болып өтті
29.11.2014 3139
Қазақстандық археологтардың соңғы олжалардың бірі — Батыс Қазақстанда табылған «Алтын ханшайым» немесе «Алтын әйел».

2012 жылы БҚО Тарих және археология орталығының қызметкерлері «Тақсай-1» деп аталатын оба кешенінде жерленген 15-16 жасар «Алтын әйелді» тапты. Табылған әйел дәулетті таптың өкілі болған екен. Екі жылдың ішінде археологтар және рестовраторлар осы әйелдің тарихын білу үшін еңбектенді. 26-27 қарашаның аралығында Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде өткен «Мәдени интеграцияның үдерістері мен келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында алғашқы рет «Алтын әйелдің» таныстырылымы ресми түрде болып өтті. 

Б.д.д. 4-3 ғасырларда өмір сүрген жас әйел жайлы археолог, БҚО тарих және археология орталығының директоры, «табылған олжаны» зерттеген ғалым Мұрат Сыдықов, «Алтын әйелдің» киім-кешегін қалпына келтірген белгілі реставратор Қырым Алтынбеков баяндады.

«Олжамызды 2012 жылы Орал қаласынан 40 км қашықтығында таптық. Археологтар «Алтын әйелді» зерттеу барысында Германия, Ресей ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасапты. Металл, ағаш пен сүйекке жасалынған сараптамасы осы әйел өмір сүрген кезеңнің біздің дәуірімізге дейінгі (б. д. д.) VI-V ғасырлардың аралығына жататынын анықтап отыр. Қазіргі кезде ғана табылған олжаны көпшілікке ұсынып, оның маңыздылығын түсіне алдық», — дейді Мұрат Сыдықов. 

Ол дәулетті әлеуметтік таптың өкілі болған, тіпті абыздардың бірі болуы мүмкін. Қыздың жасы: 15-18-де. Ол ұзын бойлы, бойы 170 см, шашы да ұзын қыз болған. Денесінде инемен салынған таңба (татуировка) бар екен. Табылған олжа туралы талас көп, әлі күнге дейін таусылмайды. Археолагтардың айтуынша, қабірдің өзінде де ерекшелік болған. Әйел жерленген орны «арба» («колесница») түрінде жасалған, осындай «арбалар» («колесницалар») тек әскери немесе атақты тапқа тән болған.

Әйелмен бірге табылған заттар әртүрлі болса да, дегенмен, олардың арасында қару-жарық жоқ екен. Осы жағдай «Алтын ханшайым» ерте көшпенділердің кезеңінде өмір сүргенін дәлелдеді. Бұл дәуірде әйелдер әскери шайқастарға қатыспаған. Кейінгі кезде, б.д.д. 4-3 ғасырлардағы сарматтар жерлеу орындарында қару-жарық элементтері пайдала бастаған. Осындай әскери әйелдерді «дала амазонкалары» деп атап кеткен. 

2015 жылы сарматтарды зерттеген ғалымдардың қатысуымен ірі халықаралық конференция өтеді. Мұрат Сыдықовтың айтуынша, осындай қайталанбас қабір жайлы пікір-таласты ұйымдастыру керек, өйткені зерттемеген мәселе әлі көп. «Біріншіден, адам өлігін өртеу рәсімі мақсатты түрде өткізілген. Бұл жәйт көптеген мәселелерді тудырып отыр: әлі дәлелденбеген дәстүрлі рәсім болған ба, әлде белгілі бір оқиғаларды жасырту мақсатын көздеген бе... Біздің пікірімізше, жас әйел зорлықпен өлтірілген», — деп көрсеткен археолог. Өрттенген жерде біздің уақытымызға дейін сақталып қалған заттар табылды. Көмірленген сүйектердің зерттелуі бойынша әйелдің жасын анықтауға мүмкіндік пайда болды, ал толығымен көмірге айналып үлгермеген, ерте заманда тұрған адамдар бейнесі бар ағаш тарақ әлемдік ғылыми ортада үлкен қызығушылық туғызды. 

 «Ағаш тарақ — қабірдің басты элементтерінің бірі. Ол инемен таңбаны (татуировканы) салу үшін арналған. Осы кезде инемен салынған таңбалардың маңыздылығы зор болған. Әйел жерленген орнының бүкіл ішкі жабдығы өртеніп кеткен, бірақ тарақтың «қанқасы» сақталып қалған еді. Біздің жолымыз болды, ерте замандарда тұрған адамдардың бейнесі бар тарақ қолымызға түсті. Қырым Алтынбеков және оның қызметкерлері көп жұмыс істеп, тарақтың бет жағын және сырт жағын қалпына келтірді», — деп айтты Мұрат Сыдықов. 

«Қазба орнында үлкен жұмыс өткізілген. Археологтардың біліктілігінің арқасында, олжа жақсы сақталған. Бізді, реставраторларды, қазба орнына шақырды... Бұл — өте дұрыс шешім, өйткені ағаш бұйымдар өртеніп кетті, және топырақтағы ылғалдық арқасында ғана өздерінің сыртқы пішінін сақтап тұра алған. Қазба жұмыстары барысында жел өртеніп кеткен ағашты ұшырып жібере жаздады. Қазба жұмыстарын біз дұрыс уақытта өткізіп алдық», — деді реставратор. 

Тақсай І оба кешенінің 6-ші обасы жақсы сақталып қалған. Мұнда «Алтын ханшайым» табылған. Алтын бұйымдар мен әшекейлердің саны көп болғандықтан, ғалымдар өз олжасын «алтын» деп атады. Қымбат алтын салпыншақтар, алтын түйіндіктерден жасалған тамға (атау мен өзіндік рулық белгі), қасқыр азуынан жасалған қол әшекей және көптеген басқа заттар табылған. Қыз қасқырдың терісінде отырған. Зерттеулердің айтуынша, осы әйел тұрған заманда қасқыр оның халқының тотемі (алғашқы адамдардың нанымындағы «Құдай» деп санаған айуан әлде өсімдік) болып саналған. Қасқыр азуынан жасалған білезік осындай тотемнің бар болуын дәлелдейді. 

ҚР Ұлттық музейінде «Алтын әйелдің» таныстырылымы болып өтті. Табылған олжа ерекше болып саналады, заманауи технололиялар қолдануымен, ғалымдар «Алтын әйелді» зерттеуді жалғастыруда. «Алтын ханшайым», «Алтын адам», «Сармат көсемі», «Сармат әйелі» сияқты музей қойылымдары археологтардың ең ғажайып олжаларының бірі болып табылады.