Тарихшылар «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жайлы ой бөлісті
31.01.2014 1804
«Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясы қоғамда қызу талқыға түсіп жатқаны белгілі.

Осыған орай ел тарихшылары да өз пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды 24.kz. 

Тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Қашқымбаев «Мәңгілік ел» ұғымын еркіндік пен елдіктің, ерліктің белгісі деп атады.  

Амангелді Қашқымбаев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:

- Тәуелсіздіктің жемісі, тәуелсіздіктің арқасындағы қол жеткізіп жатқан табыстарды Елбасымыз жинақтады. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бәріміз үшін сүрінбей өтуге лайықты емтихан екенін айтты. Мен ұстаз ретінде емтихан деген сөзге өте разы болдым. Емтиханға әрқашан дайын болуымыз керек, еліміздің әр азаматы осы төңіректе ойлануы тиіс.