«Қ.Бектаев оқулары: Ақпараттандыру-қоғам дамуының болашағы»
24.01.2014 1895

Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілгелі отырған  қазақ ғылымы мен оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз ф.ғ.д., академик Қалдыбай Бектаевтың құрметіне  «Қ.Бектаев оқулары: Ақпараттандыру-қоғам дамуының болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2014 жылы 5-6 ақпан күндер аралығында өтеді.

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан жоғары оқу орындары оқытушы-профессорлар құрамы мен ҒЗИ-тарының ғалымдары шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  Ақпараттық технологиялар;
  Жаратылыстану және математика ғылымдары;
· Педагогикалық ғылымдар;
   Гуманитарлық ғылымдар.

Конференцияға қатысу үшін  өтініш 2014 жылдың 1-ақпанына дейін қабылданады.  Баяндама қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады және авторлардың саны 3 адамнан аспауы тиіс. Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы шығарылады. 

Материалдарды жолдайтын мекенжай: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13-үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, бас ғимарат, “Информатика” кафедрасы,  413 және 415 каб. Е-mail: OKMPI_Informatika@mail.ru

Анықтама үшін телефон:  Алимкулова Гаухар 8771-320-34-46 және Одаманова Гульзира 8705-688-69-01. Е-mail: OKMPI_Informatika@mail.ru