Номиналы 500 теңге болатын «XFC» (Халықаралық ғарыш станциясы) монетасы айналысқа шығарылды
18.10.2013 1907
Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген.

Номиналы 500 теңге болатын «XFC» (Халықаралық ғарыш станциясы) монетасы айналысқа шығарылды.

Биколорлы (құрамдас) монетаның пішіні шеңбер пішіндес, біріне бірі орналасқан сақинадан және дискіден тұрады. Монетаның ішкі дискі танталдан, сыртқы сақина күмістен жасалған. Монеталарды дайындау кезінде алғаш рет танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы «500 ТЕҢГЕ» бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар биколорлы монетада екі қатар етіп жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 14,6g Ta 26,g» деген жазуы бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жер маңы орбитасындағы Халықаралық ғарыш станциясының бейнесі орналасқан және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Жоғарғы бөлігінде - XFC эмблемасы. Айналдыра мемлекеттік тілде «XFC», орыс тілінде «МКС» және ағылшын тілінде «INTERNATIONAL SPACE STATION» деген жазулар бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Массасы 41,4 грамм (сақинасы сынамы 925/1000, массасы 14,6 грамм күиістен, дискі массасы 26,8 грамм танталдан жасалған), диаметрі - 38,61 мм., «proof» сапасымен дайындалған, таралымы - 5 мың дана.

Дерек көз: inform.kz