Тарихшыларға арналған семинар өтті
13.10.2013 1967
Астанада «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде қала мектептерінің ұстаздарына арналған семинар өтті.

Астанада «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде қала мектептерінің ұстаздарына арналған семинар өтті деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 Ұрпақ тәрбиелеудегі музей қызметінің ролі мен қызметін насихаттауға арналған бұл семинарға қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері, мектеп директорларының орынбасарлары, инновациялық орталық қызметкерлері қатысты. Семинар барысында «Атамекен» кешенінің 12 жыл бойы жинақатаған тәжірибелері ортаға салынды. Сонымен қатар, кешеннің осы уақытқа дейін ғалымдардың қатысуымен жазылған әдістемелік жинақтары көпшілік назарына ұсынылды.

Үмітхан Мұңалбаева, кешен директоры, пғ.д., профессор:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің кешен туралы айтқан сөзі бар:«Қазақстан қалай тыныс алса, «Атамекен» кешені солай тыныс алуы тиіс» деген болатын. Расында еліміз қалай тыныс алады, бізде солай тыныс аламыз. Қазақстандағы барлық музейлер қызметін көрсететін орталық болғандықтан біз еліміздің музейлеріне ғана емес, мектеп, колледж мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетеміз. Жақында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасынан магистранттарға арнап «Музейтану және оның педагогикасы» пәнін оқытуды қолға алдық.

Семинарға қатысушылар пленарлық отырыстан соң арнайы тақырыптық экскурсияларға қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.

Дерек көз: Baq.kz