Бұл аумақ мезолит дәуірінен бастап қоныс болып жасап келген. Осы жерде тас ғасырынан бастап этнографиялық қазіргі уақытқа дейінгі археологияның 100-ден астам нысандары шоғырланған
Қошқарбай шатқалы Ақмола облысы Зеренді ауданының табиғаты әсем жерінде орналасқан. Ландшафттық белдеуге қатысы бойынша шатқал Шағалалы өзенінің аңғарына қарасты. Шағалалы өзені мен оның Қарсақ және Айдарлы ауылдарының арасындағы Қошқарбай өзенінің оң жақ саласының алқабы бірегей табиғи-тарихи аймақ саналады. Бұл аумақта адамдар сонау мезолит дәуірінен бастап-ақ, яғни 10 мыңға жуық жыл бұрын мекен еткен.
Әр кездегі археологиялық ескерткіштердің молдығы (мезолиттен бастап орта ғасырға дейін) өзінен кейін көптеген уақытша тұрақтарды, жыл бойы отыратын қоныстарды, қорғаннан және топырақтан тұрғызылған бейіттерді және жекелеген жерлеу құрылыстары елдің серпінді тарихы туралы сыр шертеді. Шағалалы өзенінің салыстырмалы түрдегі қысқа аумағында (20 шақырым шамасында) тас ғасырынан бастап этнографиялық қазіргі заманның 100-ден астам археология нысанының шоғырлануы Қошқарбай шатқалының бірегейлігі деп есептеледі. Шатқал ежелгі адамдар үшін қолайлы болды: мұнда ландшафттың тік зоналылығымен сипатталатын жағымды табиғи-экологиялық жағдайлар қалыптасқан еді. Шағалалы өзені мен оның салаларының салыстырмалы кең алқабы аласа тау түзінділерімен және Шағалалының сол жақ жағалауының адырлы суайрығымен қусырылған. Алқап және әсіресе жайылмалық жерлер мезолит пен неолит кезінде-ақ өсімдік және жануарлар дүниесіне бай болды. Мұнда балықшылық, аң аулау және терімшілік түрлері үшін барлық жағдай үйлесімді болған. Жазық алқап қатты желден қалқалаған, шоқыларда орман-ағаш қалың өсті, олар осы бөктерді жағалата үйлер, жерлеу құрылыстарын салуға және отын ретінде пайдаланылды. Тіпті энеолит заманындағы климаттың континенттілік жағына қарай дәуірлік өзгерісі де осы жерді мекен етушілердің демографиялық факторы мен дағдылы өміріне кері әсерін тигізе алмады.
Ал 2014 жылы археологтар шатқалдан крест салынған бірегей ыдыстарды табады. Бұған дейін, тарихшылар түрлі дәуірдегі жүз шақты ежелгі молалар үшін Өлілер алқабы атап кеткен алқапта тек қола кресттер ғана кездесетін еді. Енді қола ғасырының бір моласынан свастика бар ыдыс табылады. Әрі, ыдыстардың түбінде – свастика. Және ол қайталанбайды. Бірінші сурет қарапайым, екіншісі қиындатылған, үшіншісі күрделі, стильдік өрнек. Сонымен қатар басқа молалардан да қоланың, әшекейлердің қалдықтары табылған. Өлкетанушылар қорымдардың ерте замандарда тоналғандығын айтады, оның үстіне замандастар да «өз үлестерін қосуда». Қорымдардың жанынан ауылға апаратын жол өтеді. Ұрпақтар үшін көненің көзін осындай экспедициялар ғана сақтай алады.
Бұрын осы шатқалдан бақсы әйелдің, жауынгерлердің, жиектемедегі айна, пышақтар мен әшекейлердің табылғанын сөз реті келгенде айта кеткен жөн.