«Жібек жолының ортақ мәдени мұрасы» көрмесі
17.06.2019 2922
ҚР Ұлттық музейінде «Жібек жолының ортақ мәдени мұрасы» бірлескен жылжымалы көрмені дамыту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Бірлескен көрме «Ауғанстан, Орталық Азия және Ирандағы Жібек жолы мұраларының дәліздері - Еуропалық мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері» атты Еуропалық Одақ пен ЮНЕСКО үш жылдық жобасының шеңберінде ұйымдастырылады.

Үлкен жобаны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша осындай тарихи мұраның сақталуы өркениеттің дамуында үлкен рөл ойнайды. Атап айтқандай істеліп жатқан іс-шаралардың барлығы Еуропа елдеріне жақсы үлгі бола алады.

Сондай-ақ көрме ұйымдастырушыларының айтуынша 2018 жылы кейбір музей директорлары, тарихшылары, ғалымдар болып Самарқан қаласында жиналып, көптеген іс-шаралардың бастамасын көтерген болатын.

«Біздің жоба Еуропалық одақпен ЮНЕСКО ұйымдарының бірлесуімен жасалған. Бұл жобада туризмді дамытуға арналған. Жоба - Қырғыстан, Иран сияқты мемлекеттердегі бірнеше іс-шарамен жалғасады», - деді Юнеско жоба үйлестірушісі Гүлмира Рымбаева

Жиынға Еуропалық одақ, Юнеско жоба үйлестірушісі Гүлмира Рымбаева, Копенгаген университетінің Мәдениетаралық және діни зерттеулер департаментінің басшысы Ингольф Тойсен, Көрмелермен алмасу жөніндегі халықаралық комитеттің, Көрмелердің халықаралық кеңесінің басқарма төрағасы Антонио Родриго тағы да әлемдік сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара модераторының айтуы бойынша бірлескен көрмені әзірлеу кезінде таргеттеуге және жастарды тартуға баса көңіл бөлінеді. Бұған көрменің интерактивті экспозициялары және көрменің сүйемелдеуші білім беру бағдарламасының көмегімен қол жеткізіледі. Ол елдерді Жібек жолында біріктіретін ортақ мұраны, оның Еуропамен байланысын, сондай-ақ, олардың мәдениет аралық құзыреттерін жастардың түсінуін кеңейту мақсатында әзірленеді.

Көрме мен білім беру бағдарламасының онлайн нұсқасы оның нақты орналасқан жерінен тыс жерлерде таралуына жол ашып, оны қатысушы елдердің оқытушылары пайдалана алады,  сонымен қатар, Жібек жолына, ортақ мәдени мұра және мәдениетаралық түсінік тақырыптарына білім алушыларды тарту үшін қосымша білім беру көздері ретінде пайдалануға болады.

«Бүгінгі біздің жиналып отқан дөңгелек үстеліміздегі әңгімелерді дұрыс жолда жүргізсек, тек осы өңірде емес, басқа да әлемнің қалаларында әлемдік тыныштық болады. Бұл «мәдени диалог» деп  аталады. Мен осы диалогтың жақсы болуы үшін осы жерде отырмын. Бүгін мен сіздерге өзімнің тәжірибеммен бөлісіп, өзіміздің алып келген жобамызды таныстырамын»- деп Ұлы Жібек жолы туралы өз зерттеулерін жиналғандарға таныстырды  Копенгаген университетінің Мәдениетаралық және діни зерттеулер департаментінің басшысы Ингольф Тойсен

«Жібек жолының ортақ мәдени мұрасы» бірлескен жылжымалы көрмесі жыл сайын жеті мемлекет астаналарында түрлі іс-шарамен жалғаспақ.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты ортақ бай мұраны көрсету, Жібек жолындағы үздік тәжірибелермен алмасуға жәрдемдесу және Шығыс пен Батыс арасындағы көпір ретінде Жібек жолының мұрасын бірдей түсіну үшін жобаның ақпараттылығын арттыру.