«Бабалар ізімен» жаңа сапарға аттанады
11.04.2019 2458
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы 2019 жылдың 14 сәуір - 7 мамыр аралығында Грузия, Әзірбайжан, Иран және Түркия елдеріне сапар шегеді

Елорда төріндегі "Тілеп қобыз" сарайында қоғам қайраткері және әйгілі қазақстандық жиһанкез-саяхатшы Сапар Ысқақовтың қатысуымен "Бабалар ізімен" экспедициясының жалғасуына арналған баспасөз конференциясы өтті. 

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы 2019 жылдың 14 сәуір - 7 мамыр аралығында Грузия, Әзірбайжан, Иран және Түркия елдеріне сапар шегеді. 

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасын негізге алған бұл экспедицияның басты мақсаттарының бірі – қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихын тереңірек танысып, басқа ұлт өкілдерінің қазақ этносымен байланысын зерттеу.

Жоба алғаш рет 2016 жылы өз жұмысын бастап, Еуропа, Азия, Африка және Америка құрылығындағы 39 мемлекетті аралаған. Жоба жетекшілерінің айтуы бойынша, экспедиция құрамы 2021-ші жылға дейін жобаны жалғастырып, әлі де әлемнің 50 мемлекетіне саяхат жасау көзделген. Сондай-ақ, экспедиция барысында 70-тен астам деректі фильм түсірілсе, алдағы сапарларда 50-ге тарта  біздің бабаларымыздың әлем тарихында өшпес із қалдырғаны туралы деректі фильмдер түсірілуі жоспарлануда.

Ғылыми экспедициясы сапары табан тірейтін елдер: Грузия, Әзірбайжан, Иран және Түркия.

Грузия мемлекетінде ғылыми экспедиция: Тбилиси, Атабек қыпшақтардың көне астанасы – Ахалцихе (XIII-XVI); Кутаиси; сондай-ақ тарихи мекендер: қыпшақ жауынгерлері қорғаған Самшвильде бекінісі; XII ғасырда Давид IV және Артық хана тұсында Каспи қаласы мен Хашуры тауларының беткейінде өмір сүрген қыпшақтардың елді-мекендерін аралауды жоспарлаған. Сонымен қатар, Тамара ханшайым тұсында бас қолбасшы саналған қыпшақ Құбасар, Шота Руставелидің «Витязь в тигровой шкуре» шығармасының прототипі қайсар кыпшақ Кутлуг Арслан және де Грузияның дамуына өз үлесін қосқан Гурандохт ханшайымының (Артық ханның қызы, «Тұран қызы» және Давид IV əйелі) тағдырымен танысып, XIV ғасырдағы Грузия тарихында Жалайырлар әулетінен қандай із қалғанын зерттеу жоспарда бар.

Содан соң, ғылыми экспедиция Әзербайжанға аттанады. Мұнда олар Баку; XII - XIII ғасыр аралығындағы Ильдегизидтердің (қыпшақтардың), ал XIV ғасырда Жалайырлардың астанасы - Нахычьван қалаларына саяхат жасайды. Жалайырлардың билеушісі Ахмед Жалайыр тек билеуші болып қана емес, сондай-ақ ортағасыр ақыны әзербайжандық Низами Гянджевимен қатар өлең жазып, парсы поэзиясының дамуына үлес қосқан тұлға. Естеріңізге сала кетсек, Низами Гянджеви Ильдегизид Қызыл-Арсланға (1186-1191) «Хосров пен Ширин» екінші поэмасын арнаған.

Экспедицияның үшінші баратын елі - Иран. Мұнда олар: XII-XIII ғасырларда Ильгезидтер (қыпшақтар) мен XIV ғасырдағы Жалайырлардың басшылары билік жүргізген Тегеран, Марага, Ардебиль қалаларын аралайды. Сонымен қатар көшпенді тайпалар «қызылбаштармен» кездесу жоспарланған. «Қызылбаштар» XV ғасырда біздің бабамыз Қобыланды батырмен бірге шайқасқа түскен.

 

 

 

 

Ғылыми экспедиция бүгінде 5 мыңға жуық этникалық қазақ өмір сүретін Горган қаласын да аралайды. Олардың көбі Маңғыстау облысынан, мұнда сондай-ақ біздің Бас консулдығымыз орналасқан.

Оқи отырыңыздар: «Бабалар ізімен» экспедициясы елге оралды 

Ғылыми экспедиция өз сапарын Түркияда аяқтайды. Мұнда олар половец-қыпшақтар мен византиялықтардың арасындағы әскери, саяси, экономикалық қарым-қатынастары туралы сансыз деректерді таба алады. Қалалар ішінде Эдирне; Эрзурум; Қорқыт атаның кесенесі орналасқан Байбұрт; Трабзон; Ризе; біздің бабаларымыз VII ғасырдан бастап мекендеген Ван және Чылдыр көлі маңы, 1118-1124 жылдары Артық хан тұсында- бұл жерлер қыпшақтардың екінші отанына айналған; сонымен қатар Ардахан, Қыпшақ хандығы құрылған Карс қаласы (немесе «Atabek kipchak Turk Devleti»), мұнда қыпшақтар 1267-ші жылдар мен 1578-ші жылдар аралығында Осман империясы құрылғанға дейін өмір сүрген.

Конференцияға қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Келген қонақтар экспедиция құрамына ақ батасын арнап, елімізге қатысты көптеген құнды дүние болатынын айтты.