Шара ресейлік-қазақстандық IQ-Клубы қызметінің шеңберінде өткізіледі. Пресс-турдың ұйымдастырушысы: постсоветтік елдерді зерттеу бойынша ақпараттық-аналитикалық «Урал-Евразия» сараптамалық клубы
27-30 қаңтар аралығында Мәскеудегі қазақ тілі мен мәдениеті орталығының ұйымдастыруымен қазақ диаспорасы, білім алушы студент жастар, Қазақстанды зерттейтін сарапшы мамандардың қатысуымен кездесу және қазақстандық жас журналистердің пресс-туры өтеді.
Пресс-тур кезінде екі ел арасымен келісілген бірқатар іс-шаралардың аясында «Қазақстан орысша» жобасын ашады. Жобаның мақсаты – Ресей мен Қазақстанның аралағында гуманитарлық, ақпараттық, мәдениеттік және тарихи салаларында серіктестікті нығайту, Ресей Федерациясындағы қазақ тілі мен мәдениетті сақтануымен шуғылданатын құрылымдарын және қазақстандық тарихын зерттеу бойынша ғылыми-аналитикалық орталықтары мен Қазақстан Республикасының медиа-қауымдастығының өзара байланыстарын өркендету.
Пресс-тур қатысушылары Дон зияратында жерленген «Алаш» партиясының көсемі Әлихан Бөкейханның басына, Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы мектебі мен музейіне бару жоспарланған. Сонымен қатар олар ресейлік оқу орындарда оқитын «Жас тұлпар» қазақ жастарының ұйымымен кездеседі.
Пресс-турдың маңызды ісі – былтыр 15 жыл мерейтойын атап өткен Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің жанындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығының жұмысымен танысу. Бұдан соң Ресей Федерациядағы Қазақстан Республикасының Елшігінің музейіне экскурсия жоспарланған.
Пресс-турдың қатысушылары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінің залында 29 қаңтарда сағат 10.00-да ашылатын «Информационное присутствие Казахстана в России - образ России в Казахстане» атты дөңгелек үстелге қатыспақшы.
Пресс-турдың соңы Мәскеудегі мұсылман мешітіне экскурсиямен және қазақ қауымдастығының имамымен кездесіп, пікірлесумен аяқталады.
Пресс-турға белгілі жас журналистері, қазақстандық жетекші БАҚ-ның өкілдері, «Хабар» ақпараттық агенттігі мен «Казконтент» компаниясының өкілдері, YouTube қазақстандық сегментінің видеоблогерлері қатысады.