Оралбай Әбдікәрімов: Елбасы тарихшы ғалымдарға жол ашты
23.11.2018 1920
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің Республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Әбдікәрімов Оралбай пікірін айтты.

 Елбасының мақаласы осы алдындағы «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде болып отыр. Шынында да бірақ жұмыстар жасалды. Енді, осы жұмыстарды жалғастыру үшін кешегі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өте күрделі бағыты деп айтуға болады.

Өйткені, адамзаттық өркениетке «қандай үлесіміз» бар екенін ұлтымыз да, басқалар да білуі керек. Осыған қарап, сонау жер бетіндегі адам пайда болып, тайпа-тайпаға бөлініп, ұлттар құрыла бастағанда сол кездегі біздің бабаларымыздың қосқан үлесі өте көп екен. Атты үйретуден бастап, оған қатысты қандай технологиялар болғаны, осылардың барлығы әрбір азаматтарға, ғалымдарды еңбектеріне сүйене отырып нақтылы дәлелдер алу керек. Шетелдегі мұрағаттардан тиісті жаңа деректер табу керек. Себебі, қазақтың тарихы шет мемлекеттерде жасырылып жатыр.  

Жақында Елбасы кітапханасында араб тарихшысы Рашид-ад-Диннің 1003 жылы жазылған «Жамиғ ат-Тауарих» атты тарихнамасының тұсаукесері өтті. Соған қарағанда біздің үйсіндер, қаңлылар сияқты тайпалардың қалай пайда болғаны, тарихқа қандай үлес қосқаны, Шыңғыс ханның империясы, жалпы түрік әлемінің тарихын шүбәсіз баяндайды. Осы тарихнама кезінде француз тіліне, ағылшын тіліне, орыс тілдеріне аударылған болса, біздің тілге енді тәржімаланып отыр. Сол сияқты тарихи құжаттарды алысқа бармай, Орта Азиядан іздесек табылады.  Қытай архивтеріндегі тарихымызды біздің түркітанушы үлкен ғалымымыз Қойшығара Салғарин тереңінен зерттеп жұр. Осыларды шығарсақ, көп нәрсеге қол жеткіземіз. Елбасы осы мақаласы арқылы ғалымдарға  үлкен жол ашып жатыр. Қандай мәселелерге көңіл аудару керек, қай саланы аудару керек, тек ғалымдар емес, әрбір азаматтарға өзінің тарихын білуге дұрыс бағыт көрсетіп отыр.

Біздің жұмысқа байланысты айтайық: ұлттық иттер – тазы мен төбет. Бұлар – біздің ұлттық құндылық. Өйткені қазақтар ғасырлар бойы жүйелі қалыптастырған селекциясы арқылы шығарған. Осыларды біздің құндылығымыз деп әлемге таныту керек. Біз бұл мәселені ұлттық комиссияға хат жазып, қолға алудамыз. Аз да болса қозғалыс бар.

Президент мақаласын Тәуелсіздіктің 27 сәтінде алға қарай ұмтылған үлкен қадам, үлкен табыс деп бағалаймын.