Ерлан Саиров: Мұғалім мәртебесі – өте маңызды аспект
06.10.2018 1550
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы жолдауындағы өзекті мәселелерге қатысты белгіліі саясаттанушы Ерлан Саиров пікірін білдірді

Ғылыми-техникалық прогрестің әлемдік трендтері еліміздің қаржылық, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына көптеген міндеттерді жаңаша қояды.

Жолдауда «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау қажеттігі туралы айтылған.

Бұл уақытылы қозғалған және өте маңызды аспект.

Ұстаздың беделі мен мәртебесін арттыру жұмыстары бұрыннан қолға алынуы тиіс болатын!

Егер де біз еліміздің тұрақты дамуын қаласақ, бірінші кезекте ұстаздардың кәсіби деңгейіне, әлеуметтік сипатына, әл-ауқатына назар аударымыз тиіс.

Сана-сезімі, рухани әлемі жоғары және физикалық және психикалық денсаулығы қалыптасқан адам ғана жас буынды әлеуметтендірумен айналыса алады.

Елбасы еліміздің рухани жаңғыру үрдісінде ұстаздардың басты рөлін және мұғалімдердің ұлт келешегін тәрбиелеудегі орнын нақты түсінеді.

Әлеуметтік тұрақты даму дүниежүзілік өндірістік кластерлер қатарына қосылу дәрежесіне байланысты.

Инновациялық және сервистік секторлардың дамуына ерекше назар аударылады. Бәрінен бұрын, балама энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, заттар ғаламторы, жасанды интеллект, блокчейн сынды «болашақ экономикасының» бағыттарының дамуын қамтамасыз ету қажет.

Әлемде қалыптасқан мемлекеттің орны мен рөлі осыларға тығыз байланысты.

Сөз соңында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің жасампаз болашақ жолына дайын екендігінің айқын дәлелі болары хақ.