NDH порталы ҚР Президентінің архивінің жұмысын үнемі назарда ұстап, ондағы көзге көрінбес ізгі әрекеттері жайлы оқырманға хабардар етіп келеді
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты бірнеше бағыт бойынша, атап айтқанда архив құжаттарын, газет-журналда шыққан мақалаларды, құжаттар жинағын, т.б. аса маңызды әрі қызықты деректерді оқу залы арқылы зерттеушілер назарына ұсынады.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын тануда Мұрағаттың сан-салалы құрылымы мен ондағы қызықты, танымдық құжаттар кешені отандық және шетелдік зерттеушілердің қызығушылығын оятып келеді.
Жалпыға ортақ оқу залында Ресей, Украина, Армения, Өзбекстан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Франция, Польша секілді басқа да елдердің зерттеушілер зерттеу жұмыстарымен айналысады.
2017 жылы Мұрағат қорында жұмыс істеген қызметкерлердің, зерттеушілердің пікірлерін іріктеп, сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
12.04.2017 ж.
Құрметті Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының ұжымы! Мен М. Өтемісов атындағы БҚМУ 1 курс магистранты өз ғылыми ізденіс жұмыстарының барысында осы аталған мұрағатқа келген болатынмын. Президент мұрағаты ұжымына алғысым шексіз. Мұрағатта қолайлы жағдай жасалған. Барлығы ізденушіге әсерлі қызмет көрсетіліп, маған өте қатты ұнады. Әсіресе, Ақжан Мерейқызына айтар алғысым шексіз. Сіз басқарып отырған ұжымға тек бірлік, тыныштық, үлкен табыстар тілеймін.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ 1 курс магистранты Қайралы Қарылғаш.
12.04.2017 ж.
Құрметті ҚР Президенті Мұрағатының ұжымы!
Мен, Амангелді Миржан Бекболатұлы, М. Өтемісов атындағы БҚМУ 1 курс магистранты, Алматы қаласына қысқа мерзімге тағылымдамадан өтуге келген болатынмын. Бұл қаладан Сіздердей ұжымды көргеніме қуаныштымын. Әсіресе, Ақжан Мерейқызы материалдарды табуға көмегіңіз үшін көп рахмет! Материалдың тез табыла кетуі біз үшін қымбат. Өйткені уақыт өте тапшы. Барлықтарыңызға көп рахмет! Еліміздің болашағын өркендетуге тынбай еңбек ете беріңіздер. Еңбектеріңізге табыс тілеймін!
24.05.2017 г.
Аса құрметті ҚР Президенті Мұрағатының қызметкерлері! Сіздерге күллі осы қара шаңырақ – ҚР Президенті мұрағатының табалдырығынан аттап, керек ақпаратына қол жеткізген зерттеушілер және жеке өз атымнан басым төмен жеткенше иіліп алғыс білдіремін. Қызмет көрсету сапасы мен мамандар біліктілігі өте жоғары дәрежеде! Әсіресе, Исаева Ақжан Мерейқызының атқарып отырған еңбегіне баға жоқ. Қызметтеріңізге табыс пен қайрат тілеймін.
Тілек білдіруші: Сембаева Әйгерім Съезбекқызы. ҚазГЗИУ 1 курс магистранты. Семей қаласы.
30.05.2017
Құрметті ҚР Президенті Архивінің қызметкерлері! Барлық зерттеушілердің атынан үлкен РАХМЕТ айтамын. Сіздердің арқалараңызда істеген зерттеушілер өз іздегендерін табуда. Қызмет көрсету сапасы өте жоғары, әсіресе, Ақжан Мерейқызы Исаеваға рахмет! Сіздерге барлық жетістік, жеке өмірлеріңізде бақыт тілеймін!
Астана қаласы, Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері Алимкулов Сергали Амантайұлы.
31.05.2017
Құрметті Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұжымы!
Сіздерге алғысымыз шексіз. Сіздің көрсеткен қызметтеріңіз, ұжымның келген адамға деген ықылас, ілтипаттарыңыз ерекше. Жұмыс барысындағы көрсеткен қызметтеріңізге шын ниетімізбен алғыс білдіреміз! Мекемеңіздің соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталуы, замануи қызмет үлгісі таң қалдырды. Сіздерге жұмыстарыңызға жеміс, зор табыс тілеймін.
Ізгі ниетпен: Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Әбілов Айбар Сәтжанұлы.
01.06.2017
Құрметті Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының ұжымы!
Мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 1 курс магистранты, өзімнің зерттеу жұмысым бойынша мұрағатқа келген болатынмын. Мұрағат ұжымына алғысым шексіз. Әсіресе, Ақжан Мерейқызы берген тапсырымызды уақытында сапалы орындап отырды. Сізге үлкен алғыс білдіремін! Мұрағат маған өте қатты ұнады. Сіздерге алдағы жұмыстарыңызға жеміс тілеймін! Көп-көп рвхмет!
Ізгі тілекпен: Ботабекова А. Р.
25.10.2017
Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының ұжымына мұрағат құжаттарын іздестіру жұмыстарына қолқабыс еткені үшін алғысымды білдіремін. Әсіресе мұрағатта алғаш жұмыс жасауым мен үшін Ақжан Мерейқызының көмегі орасан болды. Электронды базамен жұмыс істеу, оны дұрыс пайдалану, құжат көшірмесін көшіру тәртібі Ақжанның түсіндіру кезінде ерекше қонымды болды. Осы сәтті пайдаланып, Ақжан сұлуға зор денсаулық, жұмысында талаптай табыс, ал Президент мұрағатына зор жетістіктер тілеймін!
Құрметпен: Мемлекет тарихы институтының қызметкері: Қ. Саманбеков.
30.11.2017
ҚР ПМ ұжымына үлкен алғысымды білдіремін! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Ақжан Мерейқызына ерекше ризашылығымды білдіремін. Тақырыбыма байланысты көп мәліметтер алдым. Көп рахмет!!! Болашақта әлі де шығармашылық байланыста болатыныма сенемін!
Ерекше құрметпен: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның 3 курс PhD докторанты Қоскеева Ә.М.