Тамыры терең достық
11.01.2018 2018
Қазақстан көптеген шет мемлекеттермен, соның ішінде Әзірбайжанмен дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығын атап өтті

Тарихи өлшем бойынша жарты ғасыр деген көп уақыт емес. Бірақ тәуелсіздігін жиырма жылдан астам уақыт бұрын ғана жариялаған мемлекеттер үшін – бұл тұтас бір кезең. 25 жылдың ішінде Қазақстан мен Әзірбайжан достықтың ғасырлар бойғы дәстүрін сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар оны көбейтіп, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізе білді. Бұның бәрі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің еңбегінің нәтижесі.

Әзірбайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әли Гасанов ынтымақтастықтың маңызды сәттерін атап өтті.

– Екі ел арасындағы қарым-қатынас терең тамырлы тарих пен географиялық жақындыққа, ортақ дінге, мәдениет ұқсастығына негізделген. Халқымыздың терең тарихқа кететін тамыры біз үшін аса құнды. Ол тарихтың өн бойында қазақ пен әзірбайжан халықтары арасындағы қарым-қатынастардың негізі. Бүгінгі екіжақты қарым-қатынастар жүзден аса мемлекет аралық және үкімет аралық құжаттарды қамтитын жүзжылдық шартты-құқықтық базаға негізделген, соның ішінде 2005 жылғы 24 мамырда Бакуде қол қойылған Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен серіктестік қарым қатынастар туралы Шартты атап айтқан жөн. Қазіргі кезде әзірбайжан мен қазақстан арасындағы қарым-қатынастар тұрақты әрі қарқынды дамуда, жоғары дәрежедегі беріктік пен сенімділікпен ерекшеленеді.

Жоғары деңгейдегі тұрақты түрде өткізіліп тұратын екіжақты кездесулер, жемісті парламенттік байланыстар, министрліктер мен ведомостволар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық қоғам институттары желісі бойынша жүргізілетін белсенді қарым-қатынастардың бәрі де жасампаз серіктестіктің нығаюы мен кеңеюіне  қызмет етеді. Біздің елдеріміз халықаралық аренада, оның ішінде халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында да өзара әрекет етіп, бірін – бірі белсенді қолдап отырады. 2017-2018 жылдарға Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануына Әзірбайжан алғашқылардың бірі болып қолдап дауыс берді, Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына да қолдау көрсетті. 

Әзірбайжан халықаралық ұйымдарда, оның ішінде біз мүше емес ұйымдарда да қазақ ағайындардың арқа тіреу көмегін үнемі сезінеді. Бұл жерде Н.Назарбаевтың Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруінің мүмкін еместігі туралы айтқан сөзін еске алсақ жеткілікті, ол бұл сөзді осы ұйымның құрылуы туралы шартқа қол қойылған күні айтқан еді, сол кезде Елбасы Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа тек қана БҰҰ-мен белгіленген шек аясында ғана кіре алатынын атап өткен еді. Екі ел президенттері 2017 жылғы сәуірде қол қойған бірлескен декларация арқылы Қазақстан тағы да өзінің Әзірбайжанның территориялық тұтастығын қолдайтындығын растады.

Жоғары деңгейдегі саяси байланыстар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа да оң әсерін тигізеді. 1999 жылдан бастап екі жақтың серіктестігін дамыту мен тереңдетуде зор рөл атқаратын үкіметаралық комиссия қызмет етіп келеді.  Бүгінгі күні Әзірбайжан Қазақстанға машиналарға арналған құрамдауыштар, механизмдер, майлар,ауылшаруашылық өнімдерін және көптеген басқа өнімдерді экспорттайды.  

Ал Қазақстан Әзірбайжанға химия шикізатын, қара металл, электр құрал-жабдықтарын және басқа да тауарларды жеткізеді. Ақтау портын қайта салу, Құрықтағы жаңа портты іске қосу екі ел арасындағы тауар айналымын біршама арттыруға мүмкіндік береді. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстар тек саудамен ғана шектеліп қоймайды. Әзірбайжандық инвесторлар қазақстандық нарыққа қызығушылық танытып, оның экономикасына белсенді инвестиция салып келеді. Салымдардың жалпы көлемі екі жүз миллион долларды құрайды. Бүгін Қазақстанда әзірбайжандық капиталдың қатысуымен 800-ден астам компания тіркелген. Әзірбайжанда қазақстандық инвесторлардың қатысуымен 70-тен астам фирма тіркелген. Екі жақты қарым-қатынастардың дамуында гуманитарлық байланыстар да маңызды рөл атқарадыбаку мемлекеттік университетінде Қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді.

Екі жыл бұрын Бакуде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Әзірбайжан астанасы көшелерінің біріне ұлы Абай Құнанбаевтың есімі беріліп, мемориалдық тақта орнатылған. Белгілі тұлғалардың, Әзірбайжан мен Қазақстан жазушыларының еңбектері қазақ және әзірбайжан тілдеріне аударылуда. Мысалы, Назарбаев орталығында Махмұд Қасымбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмір жолы» кітабының тұсаукесері өтті.  2017 жылы Гейдар Алиев қоры Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қорымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, сонымен қатар Баку мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында да Меморандумға қол қойылды. Қазақстан Президенті ресми сапармен Әзірбайжанға барып, онда экономикадан бастап қауіпсіздік саласына дейінгі кең көлемді мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді серіктестіктің жаңа кезеңіне негіз болған бірлескен декларацияларға қол қойылды. Осы сапар кезінде екі ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты дамытудағы ерен еңбегі үшін Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанның ең жоғары наградасы «Гейдар Алиев» орденімен марапатталды. Қарым-қатынастардың қазіргі жай күйі мен болашақтағы перспективасын бағалай отырып, екі ел арасындағы байланыс бұдан әрі де кеңейе береді деп нық сеніммен айтуға болады. 

Біз алдағы уақытта да әзірбайжан-қазақстандық байланыстардың бұдан да жемісті болуына және екі ағайын халықтың игілігі үшін қызмет етуіне барлық күш-жігерімізді саламыз. ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов екі мемлекет арасындағы екі жақты байланыстың  тұрақтылығын баса айтты.

– Ағайындас екі халықты көпғасырлық қатынастар мен ортақ мәдени-тарихи байланыс байланыстырады. Дипломатиялық қатынастарды сақтап қана қоймай, мемлекеттеріміздің ынтымақтастығын нығайта алдық. Ынтымақтастықтың дамуы екі ел басшылары арасында орнаған достық қатынастарына ықпал етеді. Біз 2017 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Бакуге жасаған сапарын көңіл тоғытарлық деп айта аламыз, бұл сапар барысында өзара тиімді ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту бойынша шарттарға қол жеткізіліп, тағы да басқа бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы тауар айналымын 2020 жылға дейін екі есе өсіру бойынша шаралар қабылдауды, резервтер мен тауарлық-экономикалық байланысты іске асыруды, Республиканың транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуды қоса алғанда халықаралық ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша өзара әрекеттестікті нығайту қажет. Мүмкіндіктерді пайдалану, сонымен қатар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тиімді шешімдерін іздеу мақсатында экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның отырыстары тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Қазақстан-әзірбайжан байланыстарын дамыту және нығайту бойынша көптеген мәселелер үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысында қарастырылатын болады.