Таразда өтетін торқалы тойдың бағдарламасы
01.10.2015 3307
Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі хандықтың ту тіккен ордасы Жамбыл облысында, Тараз қаласында да жоғары деңгейде атап өтіледі

Бағдарлама

8 қазан 

9.00 – «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» атты республикалық конференция. Қалалық мәдениет үйі 

10.00 – «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экпедициясының қорытындысын шығару бойынша халық халықаралық форум. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті 

14.00 – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Жібек жолындағы пікірлесу: Орталық Азия: аймақ халқының ынтымақтастық тәжірибесі» халықаралық культурологиялық жобасының пленарлық мәжілісі. М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті 

10.00 – Байкерлердің мотошеруі. «Аю тропик» демалыс орталығы. Тараз қаласы 

11.00 – «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері. Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты 

11.00 – «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы. «Баласагұн» ОКЗ 

18.00 – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары өнерпаздарының концерті 

Ы. Сүлейменов көшесі. «Жастар» стадионы. «Ұлан» стадионы. «Мамыр» алаңы

18.00 – Қ.Ысқақовтың «Қазақтар» атты тарихи-драмалық қойылымы. Облыстық драма театры 

9 қазан 

10.00 – «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы. «Баласагұн» ОКЗ 

10.30 – «Көне Тараз» археологиялық паркі және музейімен танысу. «Көне Тараз» археологиялық паркі 

11.00 – Қазақ күресінен «Евразия барысы» халықаралық турнирі. «Тараз-Арена» спорт кешені 

11.00 – Сиянь-Тараз «Ұлы Жібек жолы мәдениет керуені», републикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы, «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» конференциясына қатысушылар мен мотобайкерлердің шеруі. Тауке хан, Төле би көшелері 

12.00 – «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық кешені: 

– «Жәдігер» жылжымалы музей экспозициясы 

– Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі және шеберлер-класы 

– «Алтын сақа»: ұлттық ойындар сайысы /киіз бұйымдар қойылған балалар алаңқайы/ 

– «Фольклор және өмір» қазақтардың ғұрыптық жырлары 

«Тарих доңғалағы» алаңқайы: көшпелі цирк бағдарламасы 

– «Киіз күмбездер»: қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық бағдарлама 

 «Көк күйме» алаңқайы: «Сақтардан қазақтарға дейін» 

– «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы 

«Дулыға» алаңқайы: «Ер қаруы – бес қару»: көшпенділердің қару-жарақтарымен таныстыру бағдарламасы 

«Ақ шатыр» сахна алаңы: «Мәңгілік сарын» – Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы 

– «Беркініп садақ асынған» — қазақтың батырлық жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт  

– «Ғасырлар сазы» — фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер концерті 

– «Жетісу әндері» – дәстүрлі әншілік мектебінің әндері 

– «Тұран» фольклорлық тобының концерті 

– «Арқа әндері» – дәстүрлі әншілік мектебінің әндері 

– «Дала нақыштары» – ұлттық билерге арналған бағдарлама 

– «Қонақкәде» – түркітілдес халықтар музыкасының концерті 

– «Қоңыр» этно-тобының концерті. ҚР Тұңғыш Президенті саябағы 

14.00 – «Ат полосы» ойынының көрсетілімі «Ұлы дала ойындары»: аламан бәйге – 31 шақырым, топ бәйге – 21 шақырым, ұшқыр жарыс – 2,4 шақырым. Атшабар алаңы 

15.00 – Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары өнерпаздарының концерті. Орталық «Достық» алаңы. «Жастар» стадионы. «Ұлан» стадионы. «Мамыр» алаңы 

16.00 – С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының «Ұлы арман» спектаклі. Облыстық драма театры 

19.00 – Ж. Ерғалиевтың «Қилы жол» атты драмалық қойылымы Гала-концерт. Мерекелік отшашу. Орталық стадион 

10 қазан 

11.00-22.00 – «Ақ шатыр» сахналық алаңындағы бағдарламалар: 

– «Мәңгілік сарын» – мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы 

– «Аспаптар шеруі» – қазақтың музыкалық аспаптары 

– «Қонақкәде» – түркітілдес халықтар музыкасының концерті 

– «Тоғыз перне» – қазақ күйлеріне арналған бағдарлама 

– «Батыс әндері» – дәстүрлі әншілік мектебінің әндері 

– «Азаттық жырлары» – қазақтың жыр-термелері 

– «Тұран» фольклорлық тобының концерті 

– Тамара Асардың концерті 

– «Тараздың нұрлы түні» – қатысушылардың гала-концерті. ҚР Тұңғыш Президенті саябағы