Жарияланымдар

Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды

13 Сәуір 2016
145
0
Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды
Мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер нақты бір халыққа тиесілі өнер қолтаңбасы болып саналады екен

Жақында Моңғолияның Алтай тауларында, 2 800 метр биіктіктен мумия табылған. Археолог сарапшылардың пайымдауынша, мумия – біздің заманымыздың алтыншы ғасырында өмір сүрген түрік әйелі, оған кемінде 1 500 жыл болған. 

9f1424aa62edf3c53152564cef39a19b.jpg

Хабарламада жергілікті ауа-райының суықтығы және моланың 3 метр тереңдікте жатуы әйел денесінің жақсы сақталуына себеп болған делінеді. Бұл – теңіз деңгейінен осынша биіктіктен алғаш табылып отырған түріктік мумия болып есептеледі. 

93f68a22c5b3d972725070fcba0b6d96.jpg

Кобдо музейінің Б. Сухбаатар есімді ғылыми қызметкері жерленген жерден садақ табылмауына байланысты дененің әйелге тиесілі екенін пайымдауға болады дейді. Сонымен бірге табылған заттардың ішінде ер-тұрман, тізгін, мата қиындылары, арқан, ағаш ыдыстар, қазан және теріден тігілген киімдер, т.б. заттар болған. 

588af4edd050dfb4a30af9ee6c115f0f.jpg

Сухбаатардың айтуынша, мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер нақты бір халыққа тиесілі өнер қолтаңбасы болып саналады екен. Сондай-ақ мумия жанында жылқы да жерленген, бұл оның қандай адам болғанын көрсете алатын ерекше белгілердің бірі дейді. 

0727aace8c8c923a588e838e81099a48.jpg

Қытай басылымдары табылған олжа туралы ақпарат жариялап, «тарихи құжаттарда түркілер алғашқы рет «Жібек жолына» байланысты жазбаларда аталады, олардың шығу тегі туралы түрлі нұсқалар бар, бірақ олардың ғұндармен байланысты екеніне сеніммен айтуға болады» деген қысқаша мынадай түсініктеме береді.

Сауалнама

Ұлттық Ғылым академиясы 70- жылдық қызметінде қандай ғылым саласында ең жоғары жетістіктерге жетті?