Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Астана аймағындағы қыстау-мекендер

29685

Астаналық аймақтағы археологиялық ескерткіштердің ішіндегі ерекшелерінің бірі - жаңа уақыттағы қазақтардың қыстау-мекендері болып табылады. Осындай объектілер дала өзендерінің жағалауларында орналасып, даланың табиғи кеңістігімен бірігіп кетеді.

Бүгінгі күні қыстауларды зерттеу жұмыстары екі ғылымның-археология және этнологияның көмегімен жақсы нәтижелер бере алатын деңгейге жетті. Көшпенділердің тұрақты мекендерінің болғандығын темір ғасырының, ортағасыр дәуірінің және жаңа кезеңнің тұрғын-жайларында жүргізілген зерттеу жұмыстары дәлелдеп отыр. Тұрақты мекендердің бірі – қыстауларды зерттеу тарихи маңызды оқиғалардың бірі болып отыр. Ақмола облысында территориялары бойынша осындай ескерткіштердің екі тобы- Нұра-Ерейментаулық және Терісаққан-Есілдік шағын аудандарында орналасқан. Астана маңындағы қыстаулар планиграфиялық  ерекшеліктеріне сәйкес Нұра-Ерейментаулық ескерткіштер тобына жатады. Негізінен, осы аймақтың қыстаулары ұзындау келген қабырғалары шығыстан-батысқа қарай бағытталған төртбұрышты немесе созылып келген төртбұрышты конструкциялардан тұрады. Үйлердің көлемі – 10-12х18-20 м. Төртбұрышты формалы үйлер бөлек орналасқан үш бөлмеден тұрады, оның біреуі кіреберістегі дәліз бөлме болып орналасады.

Созылып орналасқан төртбұрышты үй-жайлар екі бөліктен тұрады – үй және шаруашылыққа арналған қосалқы құрылыс және олар бір-бірінен дәліз арқылы бөлініп тұрады. Жеке тұрған қыстауларды топтарға құрастыру Нұра-Есіл аймағына тән құбылыс. Әрбір топта үштен онға дейін шаруашылықтардың болғанын этнология мәліметтері растайды.

Аймақтағы қыстауларды  жоспарлау ерекшілігі  мен  сандық құрамы бойынша  төрт түрге бөлуге болады: 1. Қыстау; 2. Қыстақ-мекен-жай, ауыл; 3.  Бекініс  мекен; 4. Қалашық.

Алғашқы топтағы ескерткіштер көбірек кездеседі. Уақытша немесе тұрақты салынған жеке тұрған мекен-жайлар өзендер мен көлдердің жағалауларында жайғасқан. Азырақ кездесетін топтары қазақ руларының шоғырланған жерлерінде кездеседі. Көбінесе қазақ қыстаулары Селеті, Нұра, Есіл, Терісаққан өзендерінің жағалауларында кездеседі. Топо-графиялық сипаттамалары  бойынша аталған  қыстауларды  екі түрге бөлуге болады.  Біріншіге, өзен жағалауына жақын, беткейлерде орналасқандар жатады. Бұл ескерткіштер тұрақты мекен-жайларды құрайды. Олардың жанында құдықтар мен шаруашылық құрылыстарының қалдықтары жиі кездеседі. Екіншісі, дала өзендерінің биік жағалауларында немесе  су  айрықтарында  орналасқан жеке объектілер. Олардың бұлай орналасуы  жазғы жайылымға малды бағу кезінде  уақытша  тапқан баспана болуы мүмкін. Жеке тұрған қыстаулардың өзін пайдалану іс-әрекеттеріне сәйкес екі топқа бөлінеді. Бірінші және негізгі топ-  түрлі көлемдегі және архитектуралық шешімдегі тұрғын үйлердің  құрылыстары болып  табылады.

Екінші топты малды қамап ұстайтын шаруашылық құрылыс-тарына жатқызуға болады. Жергілікте жерде мұндай құрылыстар көбінесе топырақ үйінділерімен және құрылысты  салу барысында  кішігірім ормен қоршалған алаңдар  түрінде кездеседі.

Ескерткіштердің екінші тобына жататын қыстақтар, біріншісімен, қыстаулармен тығыз байланысты. Жеке тұрған қыстаулар біртіндеп ірі мекендерге,қыстақтарға айналады. Осындай мекен-жайдағы үйлер географиялық объектіге-орманға,өзенге,көлге сәйкестендіріліп тұрғызылады. Бұндай ескерткіштерге Түндікжаппай, Гастело, Жұбай, Бұзылық ірі мекен-жайлары жатады. Үйлері бірінен соң бірі 15-25 метр қашықтықта орналасқан топографиялық сипаттамалар жиі кездеседі. Осындай мекен-жайларда көлемі жағынан ірілеу және қоршалған бір немесе бірнеше үйлер жиі кездеседі. Әрбір мекен-жайда мұндай үйлердің саны 6-8-ден 10-12 дейін кездеседі. Мұндай жайлар төртбұрышты үйлерімен және шаруашылыққа арналған қосалқы құрылыстарының болмауымен ерекшеленеді. Бәлкім, ұжымдық тұрмыс факторынан болар, мал жеке салынған қораларда ұсталған.Осы аймақты  тікбұрышты құрылыстар архитектурасы сипаттайды. Бүгінгі күні олар қабырғаларының биіктігі  0,2-0,3 м, шыммен қапталған қирандылар түрінде анықталып отыр. Қыстаулардың барлығы дерлік жоғары жерлерде, шоқы тізбектерінің баурайында немесе мүйістерде жайғасқан, бұрыштарымен немесе енсіз қабырғаларымен солтүстіктен –оңтүстікке бағытталған болып келеді. Көбінесе жанында құдық болған. Көктем кезінде қар еріп, су тасығанда жоғары жерлерде орналасқандары пана болған. Ұзын қабырғаларының желге қарсы орналасуы жылуды сақтауға және шаң-тозаңнан сақтауға көмектескен. Жақын жерде суы мол өзендердің орналасуы құдықтарды пайдалануға мүмкіншілік туғызған.

Бүгінгі күні астаналық ай-мақта табылған қыстаулар мен мекен-жайларға қарағанда бекініс-ті мекендердің саны аз. Бұл ескерткіштерге Астана қаласына жақын мүйісте орналасқан 3 Қоянды жатады. Ескерткіш Қоянды өзенінің тармағымен қосылатын, адам аяғы сирек басатын жерде орналасқан. Табиғи қорғанысынан басқа қыстауды периметрі бойымен қоршаған  ірі қабырғалары бар. Сонымен бірге, осындай ескерткіштер қатарына Кенорал бекініс мекені жатады. Ескерткіш үстемді биіктікте орналасқан, биіктігі 2 м, тереңдігі 1,5 м алымды орлармен қоршалған. Құрылыс жоспарында төртбұрышты, бұрыштарында күзет мұнараларының орны қалған сипатта біздің заманымызға жетті.

Дала қалашықтары, өкінішке орай бүгінгі күні аз зерттелген болып отыр. Академик Ә.Х. Марғұланның мәліметтері бойынша Орталық және Солтүстік Қазақстанда 60 астам бекіністі мекендер мен қалашықтардың қирандылары белгілі. Олардың ішінде 10 астамы Есіл өзенінің орта ағысында жайғасқан. Көпшілікке танымалдары – Есіл алқабында орналасқан Оркешегі, Орманбет қалашықтары. Осылардың біреуі дүниенің жан-жағына қарап тұрған мұнараларының қалдықтарымен белгілі. Орларының биіктігі – 2,8 м.Қалашық Есіл өзеніне Терісаққанның құйылатын жерінде табылған. Қазақ халқының аңыздары бойынша осы жерде Орысхан тұрғызған Орманбет қаласының қирандылары бар. Орманбетке жақын, бойы ұзыннан оңтүстік-солтүстікке қарай созылған, Есіл өзенінің бойында Оркешегі қаласы жайғасқан. Оңтүстік қабырғасы ашық, кеңінен ашылатын қақпа түрінде қалтырылған. Академик Ә.Х. Марғұлан, сонымен бірге, Сілеті өзенінің бойында күйдірілген кірпіштен тұрғызылған Қараоба және Тұлпарбас бекіністері туралы айтып кетті. Мұнда, оның мәліметтері бойынша көне суару жүйесінің іздері мен  таспен қаланған құдықтар қалған.

Свиридов А.Н.

Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?