Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көшпелілер мәдени мұрасы мәселелері бойынша қазақ ғылыми-зерттеу институты

29005
Көшпелілер мәдени мұрасы мәселелері бойынша қазақ ғылыми-зерттеу институты - e-history.kz


«Таяу және қиыршетел елдерінің қалаларындағы кітапханалары мен мұрағаттарына ғылыми-іздестіру іссапарларын ұйымдастыру» атты жобасы бойынша, көне қолжазбаларын, XYII- XYIII ғғ. қазақ хандарының Ватикан папаларымен дипломатиялық хат алысуы құжаттары, араб көзқайнарларындағы орта ғасыр Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы еңбектерін анықтау және мұрағат құжаттарының көшірмелер микрофильмдерін алу мақсатымен Париж, Ереван, Рим, Каир, Анкара, Ыстамбул, Будапешт, Санкт-Петербург қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-іздестіру іссапарлар жүргізілді.

Венгрия Ұлттық кітапханасы мен Орталық-Еуропалық Университетінің Ашық қоғамы Мұрағатынан (Будапешт қ.) Қазақстан тарихына қатысты құжаттар, қазақ халқы тарихының, мәдениетінің, этнологиясының венгр ғалымдары кітаптарының, олардың қазақ және мадьяр халықтарының этникалық қарым-қатынастары мәселесіне арналған еңбектерінің көшірмелері әкелінді.

Ресей Ғылым Академиясы кітапханасының (Санкт-Петербург қ.)картографиялық және мәтінді мәліметтер қорлары негізінде XYII-XX ғғ. Орталық Азияның шектес региондары мен Қазақстан жағрафиялық карталарының электрондық көшірмелері, көне және құнды шығармалардың көшірмелері жасалынды.

Париждегі Франция Ұлттық кітапханасындағы каталогтармен жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде көне малшыларының щаруашылық жүргізу тарихы, түрік халықтарының шаруашылық-мәдени дәстүрлері, Қазақстан мен Орта Азия шөл-даласының өсімдіктерінің ерекшеліктері, көшпенді халықтарының өзара қарым-қатынастары және олардың тілдерінің бір-біріне ықпал етуі туралы көптеген әдебиеттер тізімі құрылып әкелінді (жалпы саны-300, 33 бет).

М. Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар институтында(Ереван қ., Армения) Y-XYII ғғ. армян тарихшыларының еңбектеріндегі Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты деректер табылып, ең көне және көлемді саналатын қолжазбалардың цифрлық сурет көшірмелері түсіріліп алынды.

Премьер-министрлік жанындағы Османлы мемлекеттік мұрағатынан XYII-XX ғғ. Қазақстан тарихына байланысты құжаттардың сурет көшірмелері әкелінді ( жалпы саны -91). 1953 жылдан бері Түркияның Ниде облысы, Ұлықышла ауданы, Алтай ауылын мекендеп келген қазақтартармен кездесу ұйымдастырылды. Олардың бірімен - 86-ға аяқ басқан Атоллахан қажымен сұхбаттасу жасалып, ескі суреттер және көшірмелері, келген кездегі суреттердің, Керей Тасбике руының шежіресі, қазақтардың көшін бастаған және қытайлықтар тарапынан мерт етілген батыр Елісқан Тайшы інісінің сурет көшірмесі,қазақтардың көшіне қатысты түрік тілінде ақсақалдардың естеліктері жазылған деректер алынып, видео түрінде қысқаша жазылып әкелінді.

Араб қолжазбалар Институтында, Мысыр Ұлттық кітапханасы мен мұрағаттар үйінде, Каир Университетінде (Каир қ., Мысыр) өткен ғылыми ізденіс барысында қазақстан тарихына қатысты құнды әрі сирек кездесетін қолжазбалардың 8 микрофильмі түсіріп әкелінді. Олар орта ғасырлардағы түркі тайпаларының шебер дамыған әскери өнеріне қатысты дуниелер. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары туралы тарихи-этнографиялық, жағрафиялық мол мәліметтері бар сирек кездесетін араб тіліндегі еңбектер зерттелді. Ортағасырлық араб саяхатшылары мен жағрафияшыларының жасаған карталары табылып, көшірмелеріне қол жеткізілді. Түркі тайпаларының орналасқан жерлерін атауларымен қоса белгілеген бұл дәлелді деректер құнды құжатпен тепе-тең.

2007 ж.

«Көшпенділердің тарихын, этнографиясын, мәдениетін және өнерін зерттеу бойынша қолданбалы және ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізу» жобасы,

«Қиыршетел елдерінің қалаларындағы кітапханалары мен мұрағаттарына ғылыми-іздестіруіс-сапарларын ұйымдастыру»жобасы бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды:

1.Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына Институттың ғылыми қызметкерлері кешенді дала іссапарын өткізді және осы аймақтардың қазақ-көшпенділерінің және бұрынғы көшпенді халықтар (құрама, ойраттар т.б.) басқа этномәдени топтарының 50 таяу материалдық мәдениетінің ескерткіштерін (қыстаулар, құдықтар, бекіністер, күмбездер, көшу бағыттары т.б.) зерттеді. Ескерткіштер орналасқан жерлердің жағрафиясы мен геоморфологиясы, табиғи ландшафты зерделенді, олардың жер бетіндегі зерттелуі мен фотофиксациясы жүзеге асырылды, жергілікті тұрғындар арасындасауалнамалы әлеуметтік пікіртерім жүргізілді және зерттелген мәдени объектілердің орналасу аймақтарының карталары құрылды.

2.Зерделеніп жатқан аумақтардың тарихы мен этнографиясына қатысты қолжазбалы құжатты және баспа көзқайнарларын іріктеу және теру мақсатымен Астана, Ташкент, Санкт-Петербург, Москва, Париж қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми іссапарлары жүзеге асырылды. Аталған қалалардың және Алматы қаласыныңмұрағаттары мен кітапханаларында жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесіндеXYII-XX ғғ. басы аралығындағы көшпенді шаруашылық тарихына, тарихи жағрафиясына, ру-тайпалы құрылымына, революцияға дейінгі аумақтарының қазақ көшпенді халқы материалдық мәдениетінің ескерткіштеріне және де XYIII-XIX ғғ. қазақтардың Орталық Азияның басқа да көшпенді халықтарымен (ойраттармен, еділ қалмақтарымен, ноғайлармен, қырғыздармен, және өзбектермен) өзара қарым-қатынастар тарихына тиісті 1 500 құнды, мұрағатты және басылымға шыққан іс қағаздар табылып, көшірмесі алынды (30 000 параққа жуық).

3.Революцияға дейінгі кезеңдегі әртүрлі жағрафиялық карталар мен көшірілген жазбаша дереккөздерінің және деқазақ-көшпенділерінің материалдық мәдениеті ескерткіштерінің дала зерттеу материалдарының негізінде, құрылымы Қазақстан Республикасындағы ведомстволық мұрағаттар ұйымының нормативтеріне сәйкес Институттың Мұрағаты құрылды.Мұрағат 1 500 есепке алынған іс-қағаз қамтыған төрт қордан құрылған: 1 Қ. – «Шетел мұрағаттарынан, мұражайларынан және кітапханаларынан әкелінген Қазақстан тарихы бойыншакөшірме құжаттарының жинағы»; 2 Қ. – «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері»; 3 Қ. – «Көшпелілер мәдени мұрасы бойынша қазақ ғылыми-зерттеу институты ның зерттеу жұмыстары»;

4.Қ. – «XYI-XX ғғ. Қазақстан және Орталық Азияның жағрафиялық карталары». Бұл қорлардағы құжатты материалдар қағаз көшірме түрлерінде және электрондық нұсқасында жинақталған. (CD, DWD- дискілері).

5.Дала жағдайында жиналған археологиялық (қыш, жебе, дала архитектурасының интерьер үзінділері, қыштық бұйымдар т.б.) және этнографиялық құралдардың( үй жиhаздары, киім, қару-жарақ үзінділері т.б.) негізінде Институттакейінгі орта ғасыр және жаңакезеңнің Қазақстан көшпенді халқының өмірде, тұрмыста қажеттізаттарының тұрақты қозғаулы экспозициясы құрылды.5. Қазіргі уақытта 1 000 жуық басылымдарды қамтитын ғылымикітапханасы реттеліп, жинақталды. Оның құрамына XIX ғ. соңғы ширегінде-XX ғ. басында басылымға шыққан Қазақстан тарихы бойынша дереккөздер, Орталық Азияның әр кезеңіндегі көшпенділердіңархеологиясын, тарихын, мәдениетін зерттеген қазақстандық және шетелдік ғалымдарының ғылыми еңбектері,басылымға шыққанҚазақстанның әртүрлі аймақтарыбойынша ландшафтық-жағрафиялық зерттеулері, ақпараттық-анықтамалық әдебиеті т.б. енген.

6.Алматы облысының тарихи, мәдени ескерткіштерінің Жинағыүшін 45ғылыми мақала жазылып және сол тақырып бойынша Манғыстау облысыныңЖинағыүшін 350 мақала жазылып, баспасөзге тапсырылды.

7.1723-1730жж. атақты қазақ-жонғар соғысы мәселесініңжаңартуына және аймақтың кейінгі орта ғасырлар көшпенділері әскери істерінің негізгі типтес ерекшеліктерін табуынаарналған «Аңырықай үшбұрышы: Ұлы шайқастың тарихи жағрафиясы мен тарихы» (көлемі 15 б.п.) атты Институт қызметкерлерінің ұжымдық монографиясы негізінде жазылыпаяқталу барысында.

8.2007 ж. 21-23 қараша айындаТМД-ғы құрамындағы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей) және шетел (АҚШ, Франция, Польша) мемлекеттері жетекші ғалымдарының қатысуымен «Әлемдік өркениеттің дамуындағы көшпенділердің үлесі» тақырыбында Институт халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырып,жемісті өткізді. Конференция бағдарламасына енген 30 баяндаманыңтөртеуін көшпелілер мәденимұрасы бойынша қазақ ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері оқыды.Конференция жұмысының жүру барысы және нәтижесі республикандық теледидар ақпараттық бағдарламасында және БАҚ жарияланымдарындашықты.

9.2007 ж. Институт қызметкерлерінің Қазақстан тарихы мен мәдениетінің әр түрлі мәселелеріне арналған 15 ғылымижәне ғылыми-кең тараған еңбектері басылымға шықты.

10.2007 ж. Институттың төрт қызметкері Қазақстанда және шетелде (Японияда, Италияда, Қытайда, Ресейде, Әзірбайжанда) өткен халықаралық конференцияларына баяндаушы ретінде қатысты.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?