«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Асқар Омаров: «Түркістан – ғажайып»

2105 0
Асқар Омаров: «Түркістан – ғажайып»
Биылғы жылдың 19 маусымында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойылды

Жарлыққа сәйкес Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы оның орталығы атанды. «Қазақстан тарихы» порталы «Қазақпарат» ХАА Бас директоры Асқар Омаровпен кездесті. Асқар Қуанышұлы жаңадан құрылған Түркістан облысы қандай өзгерістер әкелетіні, жаңа облыстың мықты және әлсіз жақтары туралы әңгімелеп берді. Қазақстанның жалпы іскери және мәдени өмірі туралы айтты.

– «Түркістан облысы» атанған жаңа өңірдің атауы нені білдіреді? Кейбір комментаторлар жаңа әкімшілік бірлік түрік әлемінің орталығына айналады деген пікірлер айтуда.

– Сәл артқа тарихқа үңілсек. Бұл өңір бағзы заманнан-ақ Түркістан деп аталған, яғни түркілердің елі. Егер одан әрі қазбалай түссек, онда бұл өңір Батыс Түрік қағанатының аумағы болған. Ақсақ Темірдің заманында дәл осы Түркістан өңірі оның империясының өзегі болған. Яғни ол жерде ерте ортағасырдағы ескерткіштер сақталған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында «Орыс Түркістаны» деген анықтама пайда болды. Кеңес Одағы кезінде Түркістан әскери округі болған, шын мәнінде ол өз алдына автономия болған. Ол одақтас республикалар – Өзбекстанға да, Қазақстанға да бағынбаған. Ол тікелей Мәскеуге Кеңес Армиясының Бас штабына бағынған. Бірақ та бұл бүгінгі Түркістан облысын аты үшін ғана түркі әлемінің орталығы деп атау емес. Түркістан қаласы мен тарихи Түркістан өңірін бөліп қарау керек – бұл екеуі мүлдем басқа. Түркістан өңірі, жалпы алғанда – Орталық Азияның анықтамасы. Түркістан облысы – орталығы Түркістан қаласы болып табылатын Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Айтпақшы, бұрын қала Яссы деп аталған, ал қазіргі атауын кейінірек аталған. Тарихи қала Түркістанның қазақтардың үнемі рухани астанасы болуы, ортаазиялық құлшылық етушілерді тартып тұрған орталық болуы басқа мәселе. Ол жерде Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі орналасқан, қазақ хандары жерленген. XVI – XVIII ғасырларда Түркістан Қазақ хандығының астанасы болған. Тайқазан да сонда тұр. Сондықтан да жаңадан құрылған Түркістан облысының Қазақстан үшін тартылыс орталығы болуы да табиғи нәрсе. Оның үстіне, Түркістанда салт-дәстүр рәсімдерімен қоса, діни және мемлекеттік маңыздағы рәсімдер де өткізіліп тұрған.

– Облыстың құрылғанынан не күтуге болады? Шымкент өзінің бұрынғы маңызын жойып алмай ма?

– Бүгінгі таңда Шымкент миллион тұрғыны бар жай ғана қала емес, ол –Қазақстанның оңтүстігіндегі жаңғырған тартылыс нүктесі. Бұрын бұл мегополис Қызылорда, Жамбыл облыстары, тіпті Ташкент үшін де маңызды сауда-өткізу пункті болған. Өзбекстанда ауқымды экономикалық реформалар басталған уақытқа дейін демалыс күндері Ташкент түгелге дерлік Шымкентке  тәуір тауарлар, импорттық өнімдер алуға келетін, өйткені олар Ташкентте әлдеқайда қымбат тұратын. Орталық Азия мемлекеттерінің интеграция мәселесі бүгінгідей өзекті болып, ал өзбек ағайындар нарықтық экономикаларын тұрғызып жатқан кезде  Шымкенттің осы процесстер арасында жоғалып қалмай, өзінің лайықты орнын алғаны маңызды.

Шындығында Орталық Азияда нарықтың дамуына көңіл бөле отырып, Қазақстан тартылыстың екі нүктесін жасап отыр: Шымкент іскери орталық ретінде, ал Түркістан рухани және мәдени тартылыс орталығы ретінде. Тартылыс нүктесі неғұрлым көп болса, өңір ішілік байланысты нығайту үшін соғұрлым жақсы болмақ. Векторлық-өңірлік даму да жүретін болады. Қазір Түркістанда үлкен құрылыс басталады. Шымкенттегі биліктің облыстық органдары біртіндеп Түркістанға көшеді. Түркістанда бүгіннің өзінде жердің құны өсіп кеткен. Демек, инвесторларда қызығушылық туа бастады. Шымкент әуежайы халықаралық талаптарға жауап бермейтіндіктен, жаңа әуежай құрылысына деген қажеттілік туындайды.

Негізі, жалпы алғанда кәсіпкерлік белсенділігі жағынан Түркістан өңірі – Қазақстандағы ең белсенді өңір. Ол жерде қандай да бір бизнес жоқ, бірақ, есесіне шағын және орта бизнес жақсы дамыған. Алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық технологиясының, медиа-бизнестің жоғары шоғырлануы байқалады. қарапайым мысал: Қазақстандағы ұнның ең жоғары бағасы – Шымкентте, нанның да ең төменгі бағасы осы Шымкентте. Яғни, Шымкентте және жалпы Түркістан облысында бизнес жасай алады деген сөз. Жаппай құрылыс басталған кезде бір нәрсені естен шығармаған жөн. Түркістан өркениет белдеулері үзілмеген жерде орналасқан, сондықтан осы киелі, тарихи орындарды бұзып алмауымыз керек. Қазір ол жердегі діни туризмді айтпағанда, қазір рухани туризм инфрақұрылымының өте әлсіз екендігі басқа мәселе. Рухани туризм үшін инфрақұрылым дами бастайды. Жергілікті тұрғын туризмнен ақша таба бастайды. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен басқа да, барып, көруге тұрарлық киелі нысандар өте көп. Олардың әрқайсысының туристердің қызығушылығын тудыра алатын өз тарихы мен аңызы бар.

– Түркістан оның рухани ерекшелігін ескере отырып дамитын бола ма?

– Оның дамығаны соншалық, жыл сайын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне 1 миллионнан аса турист келеді. Рухани туризм мен зияратшылықты дамыту үшін кесененің өзінің басты жобаға айналуы басқа мәселе. Туристке біз не ұсына аламыз бұл басқа сұрақ. Дегенмен, егер жергілікті тұрғын туризмнен ақша табуға болатынын сезсе, оның өзі-ақ қосылады. Бұл жерде мемлекет үшін бастысы – құқықтық базаны, оның әділ орындалуын қамтамасыз ету және араласпау. Түркістан өңірі өзін-өзі дамытып, өзін-өзі асырай алады. Ол жердің тұрғындарының  тіршілік дағдысы мен менталитеті ерекше.  фото ашық дереккөздерден алынған

– Ал туристтер келе ме?

– Әрине. Әсіресе, біздің Ресейдегі көршілерімізге қазір еуропалық курорттарда демалу қымбатқа түсіп отырғанын ескерсек. Ал Орталық Азия ресейлік туристің қалтасын қақпайды. Былтыр Сочиде мен Тәжікстанның Худжанд қаласына баратын тура рейстерді көрдім. Ол жақтағы туристік инфрақұрылымның қандай екенін білмеймін, бірақ ресейлік туристер ол жаққа лағман жеуге, жергілікті астың дәмін татуға, экзотика үшін, базарларда саудаласу үшін барады. Ресейлік туристі жағажайлық немесе шоппинг-туризм ғана қызықтырмайды, Айша Бибі кесенесіне келіп, жеке өмірлеріне игілік тілеп тәу етіп жүрген зияратшы әйелдерді өз көзіммен көрдім. Қазір жабайы туризм байқалады, жазда ресейліктер өздігінен Балқашқа немесе Бурабайға барады.

Менің Алматыда тұратын кәсіпкер танысым аптасына Үндістаннан келген 100 туристі қабылдайды. Бірнеше күннің ішінде олардың әрқайсысы қалада 3 мың долларға дейін ақша қалдырады. 2016 жылы мен Моңғолияда болдым. Онда туристер үшін мүлде ешнәрсе жоқ: жол жоқ, инфрақұрылым жоқ, ештеңе жоқ. Шалғай жерлерде тіпті электр қуаты да жоқ. Күннен қуат алатын батареялар бар, оның өзі барлық жерде емес. Бірақ туристер: еуропалықтар, голландықтар, француздар қаптайды. Көшпелі жағдайда тұрып, тоңып-жаурап мал бағады, сол жердің тамағын жейді. 10 күннен кейін желге тотығып, шаршап, жеп үйренбеген еттен кейін кейінгі асқазан ауруымен үйлеріне қайтады. Бірақ риза. Өйткені, Моңғолия бірегейлікті сатады. 5 жұлдызды қонақ үй салу міндетті емес. Қарапайым турист үшін қонуға жарайтын жақсы, таза жер мен уланып қалмайтын дәмді тамақ болса жеткілікті. Ең бастысы – алатын әсерің. Мысалы, егер турист Түркістанға келіп, Арыстан Бабтың кесенесіне барса, ол осы көшпелі өркениетті көреді. Егер ол бір кесе шалап ішсе, ал екінші кесені оған сыйға құйып берсе – осының өзі туристік әсерлер болмақ. Қазір бірыңғай виза мәселелері қарастырылуда. Яғни, виза алғаннан кейін еуропалықтарды Түркістанға, Самарқанға, Бұқарға бара алады. Бұның өзі шетелдік турист үшін туризмнің бірлескен тарту нүктесі. Орталық Азияны интеграциялау құралдарының бірі.

– Сіз «Астана Арқау» дәстүрлі түрік музыкасы фестивалінің продюсерісіз. Түркістан облысына осындай жоба қажет бола ма?

– Мені продюсер деп атайды, бірақ ресми лауазымым жоқ. Мен оларға бар болғаны көмектесіп жүрмін. Жасырмай турасын айтқанда, түркі әлемінде «Астана Арқау» – тұрақты жұмыс істеп тұрған жалғыз дәстүрлі музыка фестивалі. Оның авторы – Ғалым Доскен. Осы жылдар бойы Фестиваль Астана қаласы әкімдігінің көмек көрсетуінің арқасында өтіп келеді. Әкімдер ауысады, ал түрік музыкасының фестивалі сол қалпында.

Алдағы уақытта да осылай болады деп үміттенемін. Бүгінгі таңда «Астана Арқау» Түркі әлемінің көзқарасы бойынша Астананың визиттік карточкасына айналды. Биыл фестивальге 11 жыл толып отыр. Оған түркі әлемінің түрлі өңірінен 800-ден астам орындаушы қатысты. Тек тофалары ғана болмаған шығар, өйткені олар шалғай тайгада тұратындықтан, оларды әкелуге логистика мен басқа да жағдайлар мүмкіндік бермей тұр.

Бүгін әлемде тұңғыш рет бірегей түркі музыкасының антологиясы жарыққа шығуға дайындалып жатыр. «Астана Арқау» атауының өзінде біздің астанамыздың аты тұр. Арқау – бұл киіз үйдің керегелерін байланыстырып байлайтын арқан. Яғни бұл дегеніміз – іргетас негізін бекітіп байлайтын жіп.  «Астана-Арқау» – Қазақстанның жүрегі Астанада музыка арқылы бауырлас түркі халықтарының байланысы. Осындай фестивальдерді Түркістанда да ұйымдастыруға болады, бұл түркі асханасының фестивалі болуы да мүмкін.  Жалпы гастродипломатия – Қазақстан үшін игерілмеген сала. Дәстүрлі түркі биінің фестивалі. Ақыр аяғында, түркі әлемінде осы күнге дейін әлі түркі кілемдерінің фестивалі өткізіліп көрмеген. Жалпы, қай жағынан болсын түркі әлемінің терең дәстүрімен байланысы бар көптеген жобаларды ұсынуға болады. Бұларсыз-ақ та Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев түркі халықтарының үлкен білгірі, дәстүрлі мәдениетті насихаттауға арналған түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Түркістан облысын экономика, өңірлік даму, мәдениет және басқа да салаларда көптеген қызықты жұмыстар күтіп тұр. Өйткені, Түркістан – ғажайып.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English