«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ілияс Жансүгіров өмірінен қызықты деректер

6133 0
Ілияс Жансүгіров өмірінен қызықты деректер
National Digital History порталы оқыран назарына «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған І.Жансүгіровтің өмірі мен әйелдері туралы қызықты естеліктер, шығармашылығы туралы құнды деректер ұсынады.

Ілияс Жансүгіров – «қазақ поэзиясының Құлагері» деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы.  Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Қазақ Сәкен мен Ілияс, Бейімбет үшеуін «Үш бәйтерек» деп бөле-жармай, тұтас атаған, төбесіне көтерген. Поэзиясы арқылы оқырманның қиялына қанат бітірген.  Шығармашылығында гуманистік адамгершілік идеясын, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған. 

  1. Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданының төртінші ауылда дүниеге келген. Жансүгірдің үлкен ұлы болған. Уақыт келген кезде Ілиясқа жергілікті байдың Жамиға атты қызын айттырған. Бұл неке туралы мәлімет өте аз. Алайда, Саят Жансүгіровтің айтуы бойынша, мүмкін Ілияспен қайын атаның арасында шиеленіс пайда болған. Қайын атасы өте өктемшіл адам болған, ал Ілияс сол уақыттың өзінде өр мінезді жігіт еді, «күшік күйеу» рөліне мүлдем жарамаған. Бұл неке ұзаққа бармай Жамиға мен Ілияс ажырасты. Бұл некеден балалары болмаған.                                                                                                                                 
  2. 1920 жылы өзінің досы және кеңесшісі Билял Сүлеевтің талабымен, Ілияс оқуға Ташкент қаласындағы қысқа мерзімді мұғалімдер курсына түсті. Оқуы біткен соң ол туған ауылына қайта оралып, біраз уақыт Белтоған ауыл мектебінде сабақ берген. Сол жерде ол өзінің екінші жарын Аманшаны кездестірді. Аман Берентайқызы 1903 жылы дүниеге келген. Жанұясында кіші баласы болғандығынан ата-анасы оны еркелетіп Аманша деп атаған.                                                             
  3. Алайда Аманшаның денсаулығы әлсіз болғандықтан 1905 жылы Ілияс Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік журналистика институтына жолдама алған кезде Аманша ауылында қалды. Саят Жансүгіровтің айтуы бойынша Аманша Ілияс үшін масыл болғысы келмеді. Ілияс Мәскеуге аттанғанда  Аманшаның аяғы ауыр болған. Бірақ Аманшаның денсаулығы нашарлап, толғақ кезінде дүние салған.  Ілияс сол уақытта Мәскеуде оқуын оқып, жан-жарының өлімі туралы білмеген.                                                                                                                                                    
  4. Ілияс Жансүгіров Мәскеуден ауылына оқу демалысы кезінде оралған. Қуанышқа толы Ілияс қолында сүйіктісіне сыйлық ұстап келе жатқан. Әйелінің өлімі туралы естігенде ол түршігерлік жағдайға түсті. Аманша Ілиясқа өзінің сақиналарын және қысқа хат қалдырған. Сол хатта «Ілияс. Осы сақиналармен басқа да заттарды саған қалдырамын. Оларды сақта. Осы жарық әлемде мен жарқырап... өштім. Сен менің қасымда болмадың. Мен сені көре алмадым. Қош!» деп жазылған.                                                                                                                                                   
  5. Институт мұрағатында білімгер Жансүгіровтің мінездемесі сақталған: «Саяси дамуы – орташа. Тәртіпті және ұстамды. Белсенділігі орташа. Парттапсырмаларды қанағаттанарлық орындайды». Институтты бітірген соң Ілияс Мәскеуде білім алған қазақтар арасындағы алғашқы кәсіптік журналист болған еді.                                                                                                                               
  6. Мәскеудегі оқуы біткен соң 1928 жылы Ілияс Қызылордаға көшіп барды. Қызылордада ол Сәдуақас Оспановпен достасып, үйінде біраз уақыт өткізіп өзінің болашақ әйелі, Сәдуақастың немере сіңлісі, Фатима Төребаевамен кездесті. Фатима 1912 жылы Ахметтің жанұясында дүниеге келді. Оның әкесі 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Өзбекстанға қашып сол жерде дүниеден өткен.                                                                                                                              
  7. Ілияспен Фатиманың тойы өткен соң олар Алматыға көшкен. 1930 жылы 21 ақпанда Саят атты баласы дүниеге келді. Артынан бірден Сайра атты қызы туылды. Сайраның жасы 6 ай болған кезде Фатима Мәскеуге білім алуға кеткен. Саят айтқаны бойынша бұл жағдай шешесінің басты қателігі болған. Шешесі жоқта Сайра жазым болды.                                                                              
  8. Бұл қайғылы оқиға екеуінің қарым-қатынасыа сызат түсірген. Фатиманың апа-сіңлісі Айша Сиқымбаеваның естелігінде: «Фатима оралғанда ол менің үйімде тұрған. Бір күні Ілияс келіп екеуі үйдің ең түкпір бөлмесіне кірді. Бірнеше уақыттан кейін олар шықты, Ілияс қоштасып кетіп қалды. Мен Фатимадан не болғанын сұрадым, ал ол олар ажырасқанын мәлімдеді. Мен күңіретіп баланы әкесіз қалдыруға болмайды деп айтқан кезімде ол: «Араласпа. Ажырастық, болды» деді».                                                                                                                                                          
  9. Фатима ұлы Саятты алып Түркістанға жолға шықты. Алайда бірнеше уақыттан соң Алматыға оралып филармонияда қызмет атқарып, әртіс Ибади Тәуекеловке екінші рет тұрмысқа шыққан. Фатиманың екінші жарымен де көп тұра алмады. Оны 1937 жылы «халық жауы» деп тұтқындап Сібірге жер аударды.                                                                                                                                 
  10. Саят Жансүгіровтің естелігінде: Менің өгей әкемді 1938 жылы ақтады, бірақ оны өзіне айтпады. Нәтижесінде ол 11 жыл лагерлерде еш нәрсе білмей өмір сүрген. Өгей әкем оралғаннан кейін ол өз достарымен, театр әртістерімен кездесіп антисоветтік тақырыпта көп әңгіме айтатын. Мен ол кезде солардың қасында отырудан қорқатынмын, сондықтан «Сіз неге осындай тақырыпта сөз қозғаудан қорықпайсыңдар?» дегенде ол: «Біз өзіміздікін отырып шықтық. Енді ештеңеден қорықпаймыз» деді».                                                                                                                                 
  11. Фатима Төребаева 1943 жылы туберкулездан дүние салды. ІІХ К мүшелері оған тыным бермегендіктен денсаулығы әлсізденіп қалды. Күйеуін тұтқындаған кезде ол «Социалисттік Қазақстан» газетінде корректордың қызметін атқарды. 1943 жылы газеттің басты бетінде «Ұлы Сталин» тақырыбының орнына «Улы Сталин» деп қате кетіпті. ІІХК өкілдері оған «Сенің екі күйеуіңде жазаланған, сен оны әдейі істегенсің» деді. Айтпақшы, оның үстіне арыз түсірген Фатиманың отандастары.                                                                                                                         
  12. Жансүгіров 1932 жылы Фатима Төребаевамен ажырасқан соң, Біләл Сүлеевтің бұрыңғы әйелі Фатима Ғабитованы жар етеді. Ілияс түрмеде отырған кезде оның Болат атты баласы туылды. Фатима естеліктерінде Ілияспен Болаттың бірінші кездесуі туралы былай жазған: «Мен Болатты әкесімен кездесуге әкелген кезімде, Ілияс оны қолға алып: «Менің балам етікші болсын, оған етік тігуді үйрет» деген. Бөлмеде отырған тергеуші: «Ол сіз секілді жазушы болатын шығар» деген кезде Ілияс оған: «Жазықсыз жазаланған жазушы болғанша, етікші болып азат өмір сүрсін» деп жауап қайтарған». Қалай болса да, Болат Жансүгіров өмір бойы киноиндустрияда қызмет атқарып, әкесінің кітаптарын аударған.                                                                                                   
  13. Ілияс Жансүгіровті тұтқындаған кезде ол Қазақстан Жазушылар одағын басқарған (1937 жылы). Қазақтың салт-дәстүрі бойынша жазудың келуімен ол тау баурайында киіз үй орнатып демалған. Сол жерде оны тұтқындаған. Оның қалалық үйін тінтіп, құжаттармен кітаптарын алып кетті. Кейбір шығармалардың қайда кеткені әлі де белгісіз.                                                                            
  14. Күйеуін атып тастағаннан кейін Фатима Ғабитқызы Мұхтар Әуезовке тиіп, Мұрат деген баласын дүниеге әкелді.                                                                                                                                          
  15. Ілиястың жанұясы Алматы қаласындағы Бейбітшілік көшесі, 83 үйде тұрған. Бір күні үйге белгісіз адам келіп (1955 жылы қазан айында болған оқиға) «Мен осыдан бірнеше күн бұрын бостандық алдым. Сібірде мен сіздің әкеңізбен бірге болғанмын. Бірнеше уақыттан кейін оны аман-есен босатады. Ол мені сізге жіберді» деп айтқан. Әрине, ол адамды тәтті тағаммен тамақтандырып, қаржы жағынан қысылып өмір сүрсекте оған жаңа киім сыйладық. Бір күні Хоппижамал (Ф. Ғабитованың шешесінің сіңлісі) төрде тұрған Ілияс пен Біләлдің суретін көрсетіп, «қайсысымен қамауда болып едің» дегенде, әлгі бейбақ Біләлдің суретін көрсетеді. Содан ол адамға сенімсіздік туып, оны Фатимаға айтқанда, Фатима Хоппижамалға ұрысады. Сол күннен бастап белгісіз адам көрінбей кетеді.                                                                                          
  16. «Құлагер» поэмасының қолжазбасы ақынды тұтқындау кезінде жоғалған, оны басып шығарып жүрген «Социалисттік Қазақстан» газетінің нөмірлері кітапханалардан шығарылып тасталған. Бірақ Жансүгіровтің құқығы қалпына келтірілгеннен кейін газеттің нөмірлер топтамасын Ілиястың жанұясына 20 жыл бойы оны жастықтың ішіне тігіп сақтап келген Сапарғали Бегалин әкелді. Поэма бірден басылымға даярланып жатқан ақынның алғашқы бір томдығына еңгізілген.               
  17. Ақынның бүтін қалған мұрағатының бір бөлігін Ілиястың әйелінің туысы Осман Жылқыбаев өз ауылында сақтаған, ал екінші бөлігін мекемеге оны жою туралы қолхат берген ІІХК тергеушісі Голубятников 43 жыл бойы жасырған. Ол мұрағаттың ішінде осыдан 5 жыл бұрын тұтқындалған Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы табылды. Ол романды биліктен Жансүгіровтің өзі жасырып жүрген.                                                                                                                                       
  18. Саят Жансүгіровтің айтуы бойынша: «Әкемнің гендері маған да берілген. Мен де өнер жолын таңдағым келді. Азғантай сурет салдым, өлең жаздым, Н. Тілендиев оркестрінде ойнадым, бір сөзбен айтқанда, өнерге талпындым. Бірақ бір күні әкемнің туысы Болат Тәшенов маған: «Саятжан, сен жазушы да, суретші де бола алмайсың. Бұл жерде сенің әкеңді барлық күшік таниды» деді. Оның батасымен Саят Мәскеудегі түсті метал өңдеу институтына түсті.                    
  19. Біздің қолымызға жетпеген Жансүгіровтің «Мұз қала» атты шығармасы туралы аз ғана мәлімет бар. Бұл шығарма бір күні белгілі бір қайраткер қазақ даласына келіп қазақтың көшпенді өмір сүруіне таңқалғанын бейнелеп береді. Сол қызметкерге бұл қазақтың салт-дәстүрі деп түсіндіргеніне қарамастан, ол эскимостарды мысал ретінде келтіріп қазақтарды отырықшы ел қылмақшы болған. Нәтижесінде байқұс қазақты қинап мұздан үй салғызған. Бір жылдан кейін шенеуніктер  сол жерге оралып ауылдың тұрғындары дүние салғанын көреді. Бұл шығармада астарлы сатира мен Қазақстандағы Голощекиннің қызметінің нәтижесі жақсы суреттеледі.              
  20. Ілияс Жансүгіров күйлерді жақсы таныған. Күйшілердің ойын танып білген. Ол қазақ музыкасының шебер білгірі әрі өнертанушысы. Оның дәл осы қасиеттерін әйгілі композитор және музыкант Александр Затаевич байқаған.
Автор: Аян ӘДЕН

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English