«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Құрылыс қарқынды басталды

1451 0
Құрылыс қарқынды басталды
Осыдан 20 жыл бұрынғы оқиғаларға көз жүгіртуді жалғастырамыз. Ақмолада жаңа ғимараттардың құрылысы мен ескі ғимараттарды қай жөндеу қарқынды жүріп жатты. Тұсаукесерге дейін уақыт аз қалды

Құрылыс процесіне республиканың барлық өңірінен жұмысшылар тартылды. Жаңа астананы Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Тараз және басқа да қалалардан келген жұмысшылар тұрғызып жатты. Елдің барлық өңірлерінен құрылыс материалдары әкелінді. Ал ҚР Қорғаныс министрлігінің өзінің құрылыс резерві болды.

Жағдай қалай жасалды?

Ақмолаға тұрақты мекенжай ретінде ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері ауысты. 1998 жылғы 29 қаңтарда, бейсенбіде, астана аэропортына ҚР Қорғаныс министрлігінің Жөндеу-құрылыс және пайдалану бас басқармасының жұмысшылары мінген ұшақ астаналық аэропортқа келіп қонды. Оларды министрдің бірінші орынбасары, Бас штаб бастығы генерал-майор Б. Ертаев, жедел топ бастығы генерал-майор В. Шацков, министрліктің басқа да басшылары, тілшілер қарсы алды.

Генерал Б. Ертаев айтқандай, келген құрылысшылар Ақмола мен Малиновкада жайғасатын болады. Олардың бірінші кезектегі тапсырмасы – Қорғаныс министрлігінің құрылымдары үшін ғимараттарды тұрғызу және қайта жөндеу, офицерлер мен сарбаздар үшін тұрғын үйлер салу. 

– Біз олардың тіршілігі мен жұмыс істеуі үшін бар жағдайды жасадық, енді олар біз үшін де осындай жағдайларды жасасын, – деп түсіндірді генерал. Жуырда генерал астанадағы алғашқы ауыр сынақтары туралы өз естеліктерімен бөлісті.

Еңбек министрлігіне арналған ғимарат

«Целинный» шағын ауданында орналасқан бұрынғы «Целингражданпроект» институтының ғимараты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Бұл жерде «Карагандашахтострой» комбинатының жұмысшылары толықтай қайта жөндеу жүргізді: жаңа еден төседі, қабырғаларын әрлеп, шатырын ауыстырды. Төрт қабаттың әрқайсысы құрылыс ұйымдарының бөлімшелеріне бөлініп берілді, олардың алдына қатаң мерзім қойылды: 1998 жылдың мамырында қайта жөндеу жұмыстары аяқталуы керек.

Электрді монтаждаушы Василий Тимофеев жұмысқа 1997 жылдың желтоқсаны кірісіп, қайта жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімге аяқтайтындықтарына сенім білдірді.

– Уақытқа қарамай еңбектеніп жатырмыз. Біздің еңбекақымыз бен комбинатымыздың абыройы осы жұмысқа байланысты, ал бізге бұл екеуі де қымбат.

«Карагандашахтострой» комбинатының электр монтаждаушысы Василий Тимофеев

Ішкі істер министрлігіне арналған үйлер

«Ақмоластрой» АҚ-ның № 1 Құрылыс басқармасы республиканың Ішкі істер министрлігіне арналған үйлерді салу барысында жақсы жағынан көзге түсті. 1997 жылы бұл ұжым – 96 пәтерлі және 138 пәтерлі екі үйді тапсырды. 50-пәтерлі тағы бір үй тапсыруға дайындалып жатты.  Алексей Ипатов басқаратын жалпы құрылыс бригадасы жақсы жұмыс көрсетті. №1 Құрылыс басқармасының атқарушы директоры  Мұса Гойгов Мәди Белилиев пен Уәлихан Асанов жетекшілік ететін тас қалаушылардың 40 пәтерлі үйдің екінші қабатын қалап жатқандарын атап өтті. 

Бұнымен қоса, № 1 Құрылыс басқармасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі республикалық комитеттің ғимаратына да қайта жөндеу жұмыстарымен айналысты. Жұмыстар Еуропа стандарттары бойынша жүргізілді, демек, сапа да жоғары болары сөзсіз.

Мақаланы дайындаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді баспасөз қорының материалдары пайдаланылды

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English