«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігінің бастауы және қазіргі заман» конференциясы

2385 0
«Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігінің бастауы және қазіргі заман» конференциясы
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігінің бастауы және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

        С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылғы 12-13 желтоқсанда «Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігінің бастауы және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда пленарлық мәжіліс жұмысы, «Алаш мұрасы» дөңгелек үстелі, таныстырылым, мұрағаттық құжаттар, кітап көрмесі, жоспарланып отыр.

Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар (секциялар) бойынша өтеді:

  • Қазіргі заман контексіндегі Алаш ұлттық идеяларының философиясы;
  • Мұрағаттық құжаттар және тоталитарлық тәртіп жағдайындағы күнделікті тірлік көзі ретіндегі материалдар;
  • Алаш қозғалысы мен қазақ мемлекеттілігінің идеялары;
  • Дербестік және ұлттық зиялылардың ғылыми мұрасы;
  • Ұлттық мәселе және ХХ ғасыр басындағы Орталық Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы;
  • Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық көзқарастары;
  • Зиялы қауым мен билік: ынтымақтастықтан қуғын-сүргінге дейін.

Анықтама тел.: 8 (7232) 540-585, факс: 8 (7232) 241-471,

e-mail: alachuk@rambler.ru

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English