«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Күнтізбедегі қызыл күн

1823 0
Күнтізбедегі қызыл күн
Міне, 2017 жылдың 7 қарашасы да келіп жетті – Ұлы Октябрь революциясының 100 жылдығы - әлем тарихында өз ізін қалдырып, көптеген елдер мен халықтардың тағдырына әсер еткен ХХ ғасырдың ірі оқиғасы

Революция нәтижесінде ең мықты әрі ықпалды екі әлемдік державаның бірі – Совет Одағы пайда болды.

Қазақстан дамудың жаңа жолын таңдауға мәжбүр болды. Социалистік жүйенің дамуы барысында Қазақстан республика атанып, шекарасы белгіленіп, білім, ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп пайда болды, бірақ сонымен қатар дәстүрлі қағидалар, тұрмысы, шаруашылығы жоғалып-жойылды. Совет үкіметі ауқымды реформалар жүргізді, бірақ оның бәрі аштық пен қуғын-сүргін арқылы жүргізілді.

Ұлы Октябрь социалистік революциясының 100 жылдығы Қазақстанды айналып өте алмады. Қазақстанның Коммунистік Халық партия большевиктер партиясының дәстүрін сақтай отырып, елдегі жетекші саяси күштердің бірі, оның өкілдері Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің «Халық коммунистері» депутаттық фракциясын құрайды. Компартияның Астана қалалық комитеті гүл қою рәсімін ұйымдастырып, ҚР Ұлттық мұрағатында салтанатты жиналыс өткізді.

Партия кеңсесінің жанында партия белсенділері, соғыс және еңбек ардагерлері, партия қызметкерлері жиналды. Ауа-райының бұлыңғырлығына қарамастан, олардың кеуделеріндегі қызыл лента бұл күннің райын ашқандай болды. Жиналғандардың бәрі жылы-жайлы автобусқа жайғасып бола берген кезде, бәрінің соңын ала Қазақстанның Коммунистік халық партиясының ОК хатшысы Косарев Владислав Борисович кірді.

- Кейбіреулер бізді бұл күнге жете алмайды деп ойлады, ал біз жеттік! Ура, жолдастар! Ұлы Октябрь революциясының 100 жылдығы жасасын!

- Ура! – деп, жиналғандар өз көшбасшыларын қоштай жөнелді.

Автобус Астрахань тасжолы бойында орналасқан қалалық орталық қорымға жол тартты. Өйткені Азамат соғысы қаһармандарына арналған гранит монумент сонда «жер аударылған» болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұл монумент 1972 жылғы 4 қарашада Ұлы Қазан революциясының 55 жылдығы құрметіне орталық алаңдағы саябаққа орнатылған болатын. Ескерткіш целиноградтық мүсінші Л.П. Колотилинаның жобасы бойынша жасалды.

Партия мүшелерінің егде жастағы адамдар екеніне қарамастан, олардың ішінде жастар да бар – ҚКХП жастар қанатының өкілдері. Мысалы, Сұлтан есімді жас жігіт жуырда саяси партия қатарына өткен. Ол революция идеяларын жақтап, қазіргі Парламент депутаттарының жұмысына көңілі толмайды. Болашақта ол саясаткер болатын сияқты. Партияның басқа жаңа мүшесі, Вячеслав Цой, Астана келбетіндегі заманауи сәулет тенденциясына қарсы. 

- Сарыарқа-Кенесары көшелерінің қиылысында неғылған сұмдық қойылған? «Қол» ма шығып тұрған? Бұны ойлап тапқан кім? Әдемілік тым құрығанда маникюр істесе де болатын еді!

Осындай сұмдықты астананың орталығында қоюға болады екен де, ал Азамат соғысының қаһармандарына арналған ескерткіштің орны қаланың сыртында ма? бұл сұрақты қала әкімдігінің алдына қою керек. Бұндай фигураларды тек қана алып тастамай, олардың авторларында жазып алу керек. Мүмкін, бұл, біздің қаламызды бүлдіріп, мәдениетімізді қырып-жойғылары келетін американдық шпиондардың, Мальчиш-Плохиштардың бірі шығар? - дейді Вячеслав.

Осылайша, біздің коммунистік құрам (30-ға жуық адам) гүл қоятын жерге келіп жетті. Салтанатты іс-шараны Қазақстан Коммунистері халықтық партиясының астана қалалық комитетінің I хатшысы Марат Әбдуәлиұлы Әубәкіров ашты.

- Октябрь революциясы әлемдік өркениеттің жаңа дәуірін ашты. Түбегейлі өзгерістер басталды, жұмысшылар мен шаруалар жаңа социалистік қоғамды құрды, әлем картасында жаңа социалистік мемлекеттер пайда болды. Бірақ тарих бір орында тұрмайды.

Бүгін біз жаңа мемлекетте – Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатырмыз. Тарихи датаға құрметімізді көрсете отырып, біз, бүгін революционерлер мен азамат соғысы қаһармандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға келдік. Бұл ескерткіш Целиноградтың орталығында тұрған. Түсініксіз бір идеологиялық түсініктер бойынша бұл ескерткішті осында, қаланың сыртына шығарып тастады. Біз осы революцияны жасағандарды, социалистік Қазақстанды құрғандарды еске алғымыз келеді. Косарев Владислав Борисович пен коммунистер гүл шоқтарын қойып, революционерлерді бір минут тыныштықпен еске алды.

- Бүгін менің кеудемді қуаныш кернеп тұр. Октябрь революциясының жүзжылдығын қалалық партия ұйымы біршама жақсы сандық құрамда қарсы алды. Ұйым жұмыс істейді, адамдар біледі, қолдайды. Советтік құрылыс туралы жаман айтатын адамдарды мен бұл жерде де, басқа қалаларда да кездестірмедім, - деп, атап өтті Владислав Борисович. Қазіргі жағдайды, нарықтық реформаларды сынай келе, Косарев коммунистер мен қазіргі идеологтарды отырғызып қойып, олардың қазіргі экономикалық саясатты қорғап не айтатындарын және советтік құрылыс туралы біздің не айтатынымызды тыңдап көруді ұсынды.

Осындай шағын ғана іс-шара арқылы ҚКХП марксизм-ленинизм идеологиясы әлі де өмір сүріп отырғанын және қоғамды прогресске итермелеуге қабілетті екендігіне В. Косарев сенім білдірді.

Одан соң коммунистік кортеж салтанатты жиналыс өтетін ҚР Ұлттық мұрағатына бет алды. Қазақстанның Коммунистік халық партиясының (ҚКХП) астаналық қалалық комитетінің I хатшысы М.Әубәкіров жиналысқа қатысушыларды революцияның жүзжылдық мерейтойымен құттықтап, баяндамасында 1917 жылдың қазанында Петроградта және Қазақстанның қалаларында орын алған революция оқиғаларының тарихын егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

- Біз атқарушы биліктің барлық органдарына шақыру жібердік, бірақ түрлі сылтау мен түрлі себеп тауып ешкім келмеді,- деп осындай мерейтойлық оқиғаға билік өкілдерінің немқұрайлық танытқанына М.Әубәкіров ренішін білдірді.

Қатысушыларға революциялық оқиғалардың мерейтойына арналған шағын деректі фильм көрсетілді. Ал партияның мейлінше белсенді қызметкерлері мерейтойлық медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Фото Артем Чурсинов

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English