«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Мәдени серуен: ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты

3097 0
Мәдени серуен: ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатын әр тарихшы жақсы біледі. Барлық ғылыми жұмыстар мұрағат құжаттарына сүйенеді. NDH порталының қызметкері еліміздегі көне мұрағатқа барып қайтты

Егер театр киім ілгіштен басталатын болса, біз осы мекеменің барлық басшыларының жіті назарына іліктік.  Себебі мұрағат дәлізінің қабырғаларында осы мекеме құрылғаннан бастап оны басқарған барлық басшылардың портреттері ілінген. Басшылардың аты мен суреттерін қалпына келтіру оңай жұмыс емес екен. Мұның қаншалықты көп еңбекті талап ететін жұмыс екенін ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары Жылысбаева Марзия Ғаниқызы әңгімелеп берді.  

Қазақстанның ең ірі мұрағатының тарихы тірнектеп қалпына келтірілді. Суреттерді мен партия мұрағаты жеке істерінен таптым, Бойцов Иван Платонович, тек суреті ғана қалған. Олардың арасында партия қатарына өткендері де, пролетариат еместері де болған, мысалы,  Федоров Евгений Георгиевич, ол дворяндардан шыққан, сол үшін де қызметтен босатылған.  Балпанбаева Гүлбарам бар болғаны 2-3 ай ғана жұмыс істеген, кейін оны да жұмыстан босатқан.

Меммұрағат пен басқарма мұрағатының барлық қорларында ұзақ уақыт отырдым, осылардың бәрін «қазбаладым», кімнен кейін кім болғанын зерделедім. Ол кезде маған біздің ардагерлеріміз көмектесті, қазір олардың көбі жоқ.  Нина Васильевна көп жыл бойы мұрағатта жұмыс істеген, көптеген қызметкерлерді жатқа біледі. Ол 80 жас шамасында болса да, мұрағаттың көптеген қызметкерлерін суреттерінен түстеп танып берді. 1941-1954 жылдары мұрағатты Киреев Ф. Н. басқарды, мұрағат үшін көп жақсылық жасады, 1916 жылғы көтеріліс туралы тұңғыш кітапты шығарды.

Батыс Қазақстан облысының тумасы Әбілева Медеш Құсайынқызы қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш басшы болды. Ол 1963 жылғы ақпаннан 1979 жылдың аяғына дейін Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатын басқарған.

Хасанаев Марат Жақсыбайұлы Орталық мемлекеттік мұрағатты 1980 жылғы қаңтардан 1994 жылғы тамызға дейін және кейін 2000-2002 жылдары басқарды. Соның тұсында кейбір қорлардың құпия таңбасы алына басталды.

Мұрағат көрмелерінің бірі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналды. Бұл жерде түрлі жылдары халықаралық көрмеде болып қайтқан экспонаттар туралы құжаттарды көруге болады.

Келесі экспозицияда Орталық мемлекеттік мұрағаттың Орынбор кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын тарихы сыр шертеді. Бір кездері мұрағат Красин көшесі 75-ші үйде орналасқан, бұл сәулетші-жобалаушы Горденің үйі, бұл үйде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Л.Троцкий тұрған. 

- Бүгінгі күні бұл ғимарат сақталған ба?

- Өкінішке орай, сақталмаған. Қазір ол жерде ештеңе жоқ.

Мұрағатта саяси қуғын-сүргін құрбандары, мемлекет қайраткерлері М.Тынышпаев, Ә.Бөкейхан т.б. тұлғаларға қатысты құжаттар сақталуда. Мысалы, Верный гимназиясында оқыған М.Тынышпаевтың аттестаты, 1917 жылғы ақпандағы Черняев сотының куәгері ретіндегі М.Тынышпаевтан жауап алу хаттамасы.

Суреттердің бірінде 1887 жылғы жер сілкінісінің салдары бейнеленген. Қаланың қирағаны соншалық, қала билігінің алдында «Верный қала ретінде қала ма?» деген сұрақ тұрған. Абырой болғанда, қала қалпына келтіріліп, сақталып қалды. 

Балаларды оқытудың қажеттігі туралы Жәңгір ханның хаты. Белсенді  ағартушылық қызметі үшін Жәңгірді Қазанда құрметті азамат ретінде қабылдаған.

Ішкі Қырғыз ордасының картасы.

1895 жылы түсірілген суреттің типографиялық данасы. Суретте императорға арналған сыйлықпен Петерборға барған Бөкей ордасының қазақтары Мухамедгали Зулкаров, Мухамеджан Бекмухаммедов, Мурад Бажаков бейнеленген.

«Ақ Патша Ағзамды неке қиюына байланысты құттықтау үшін күміс табақ пен алтын жалатылған күміс тостаған, және солар сияқты ожау мен екі стақан сыйлау ұсынылды».

 

Орталық мемлекеттік мұрағатта бірегей театр афишалары сақталған.

Кеңес кезеңінің құжаттары 1917 жылғы революция оқиғаларын, өлкеде азамат соғысының басталуын, Қырғыз өлкесінің құрылуын баяндайды.

Мәлік Ғабдуллиннің, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Нұркен Әбдіровтың бірегей құжаттары мен хаттары Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құжаттар топтамасын құрайды, ОММ-ң жиі қонағы болған талғат Бигелдиновтың жеке қоры бар.

Астананы Алма-Атаға көшіру туралы 1927 жылғы құжаттар

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттік тұтқыннан қашқан қазақтар Италия, Польша, Франция, Грециядағы Қарсыласу қозғалысының қатысушылары болған. Партизан отрядтарын басқарған. Біздің мұрағат қызметкерлері Польшада, Белорусияда іздеу жұмыстарын жүргізуде.  

2001 жылы қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын тойлау күндері Франциядағы «Жаңа Собонна-Париж ІІІ» Университеті жанындағы Шығыс тілдері университетаралық кітапханасы қорларынан Мұстафа Шоқайдың аз танымал құжаттарының көшірмелері алынды.

2010 жылы Шоқайдың хаттары Түркия азаматы Музаффер Акчореден алынды. Бұл құжаттарды оған әріптесі Тахир 1976 жылы берген екен, ал ол өз кезінде Шоқайдың көмекшісі болыпты.  Осы жылдар бойы Музаффер қазақтың белгілі публицисті және Түркістан тәуелсіздігінің күресшісінің мұрағаттық мұрасын асқан ұқыптылықпен сақтап келген. Құжаттар ішінде, Украина, Грузия, Әзірбайжаннан шыққан саясаткер эмигранттармен жазысқан 84 хаты, бірнеше мақаласы бар.

Жарияланымдар, мұрағат құжаттарын қолдану және зерттеушілерге қызмет көрсету бөлімі, кітап шығару, сұрауларды өңдеу, конференцияларды ұйымдастырумен айналысады.  

Жарияланымдар, мұрағат құжаттарын қолдану және зерттеушілерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы Марал Сатенова бөлімнің жұмысы туралы айтып берді.

Мысалы, «Алма» қоғамынан алма өсіру тарихы бойынша көрме үшін мұрағаттық материал жинауға көмек көрсету туралы өтініш хат келіп түсті. Біз революцияға дейінгі кезеңнен бастадық және қызықты нәтижелер де жоқ емес. Құжаттардың бірінде бағбаншылық мектебінде өсірілген алмалардың барлық сұрыптары тізіліп жазылған. Олардың ішінде кейбіреулер бұрын естіп көрмеген сұрыптардың да атаулары бар, мысалы «Монарх» атты сұрып. Құжаттарда оларды отырғызу мерзімдері, өнімді жинау кезеңдері және басқа ұсақ-түйектер егжей-тегжейлі көрсетілген.

Мұрағаттың оқу залында, зерттеушілер үнемі көп болады, оның ішінде шетелдік зерттеушілер де бар. Мұрағат қызметкерлері зерттеушілермен блиц-сұхбат жүргізеді: бірнеше сұрақтар қояды: Қазақстан туралы не ойлайды, мұрағат жұмысы туралы не ойлайды. Олардың жауаптарынан зерттеушілердің мұрағат проблемаларына деген көзқарастары көрінеді. Жауаптарды жинап, тігіп, кейін талдау жасаймыз.

Уақыт бойынша 16 сағатқа дейін талапқа жауап ұсынуымыз керек. Мысалы, зерттеуші Абишева, қорлар мен істерді зерттеуге рұқсат сұрапты. Ал, зерттеуші Есенова, Сүлейменовтың жеке қорын қарағысы келеді, бірақ бұл тек қорқұраушының рұқсаты бойынша ғана мүмкін болатын іс. Туыстарының жазбаша рұқсатынан кейін ғана мұрағат басшылығы жеке қордағы мұрағат құжаттарын ұсына алады.

Құпияны қорғаушылар

Келесі бөлім – ең құпия бөлім. МҚСБ (Мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімшесі) басшысы Разалия Садбенова өз жұмысының құпияларымен бөлісті.

Көпшілік мұрағатшы-сақтаушылардың жұмысы рахат деп ойлайды, сағат 9-дан 18-ге дейін отырады да қайтады деп. Алайда, біздің жұмысымыз әсте бұнымен бітпейді. Ұйымдар мен мекемелерде істерді қалыптастырудан бастап, біз соларды қадағалап, әдістемелік көмек көрсетіп, құжаттарды мұрағатқа тиісті күйінде қабылдағанға дейінгі кең ауқымды жұмыс – біздің  жұмысымыз.

ОММ – көп көлемде құпия ақпарат сақталған ірі мұрағаттардың бірі. 110 қордың 17-сі революцияға дейінгі кезеңге, ал қалғаны – кеңестік және қазіргі заман кезеңіне жататын қор. Біз осы құпияларды қорғаушылармыз, бірақ біз өзіміз ештеңені жария ете алмаймыз. Біз тек жоғары тұрған министрлікке осындай қорларға     30 жыл мерзімі өткендіктен жария ету керек деп еске саламыз. Бұдан әрі министрлік ведомство аралық комиссияға тізім жолдайды.   Егер бұл әскери тақырыптағы құжаттар болса, оларды ҚР Қорғаныс министрлігі, ІІМ және басқа да ведомстволар қарастырады. Комиссия: «Ия, шынында, бұны жария етуге болады, бірақ жарияламау бойынша ұсыныстар бар»,- деген шешім шығарады. Шешім қабылданғаннан кейін, бірақ тек рұқсат алынғаннан кейін ғана мұрағат жария ету бойынша жұмыстарды бастайды.

Құжаттарды жария ету бойынша белгілі бір ережелер бар. Тек уәкілетті орган ғана қандай істі жария ету керектігін, ал қайсысын жария етпеу керектігін шешеді.

Қазір «Қазақ әскери комиссариаты. 1937-1945жж.» ісі бойынша жұмыс аяқталып қалды, дивизияларды, атқыштар бригадаларын құру бойынша хат алмасулар бар. Құжаттар тізілімі министрлікке жіберілді.

Бұл қорда 704 іс бар. Біз қажетті уақыт өткендіктен, бәрін жария етуді ұсындық. 90 істі жария етуге рұқсат берді.

Істі берудің өз рәсімдері бар: хаттама, беру актісі жасалады. Бұның бәрі техникалық рәсімделумен қатар жүреді – «құпиялы» белгісі бар әр бетке «жария етілді» мөртабаны қойылады, барлық парақтар ұқыпты рәсімделеді де, содан кейін барып қана құжаттар жалпы сақталуға өтеді.

Орталық мемлекеттік мұрағаттың проблемаларының ішінде кадрлар жетіспеушілігін айтуға болады. Қызметкерлер штатын өсіру туралы басшылық бірнеше рет өтініш жасаған болатын. Қалайша әйел адамдар 41 мың істі тасып жүреді? Бірақ әзірге штаттық кесте еш өзгеріссіз. Жаңа басшылықпен бірге мұрағатқа жаңа оң өзгерістер де келеді деп үміттенеміз. 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English