«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Елімізде тұңғыш Түркология музейі ашылды

2781 0
Елімізде тұңғыш Түркология музейі ашылды
Бүгінге дейін түрлі әлемінің мұралары, құндылықтары зерттелді. Бірақ оларды зерттеуші тұлғалар жайлы мәліметтер жоқтың қасы

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы халықаралық ұйымының қолдауымен түркология саласын зерттеуші тұлғалар жайлы, олардың мұрасын көрерменге таныстыратын тұңғыш «Түркология»  музейі ашылды.

Түркі жазуы күніне орай өткізіліп отырған шараға Әзербайжан, Ресей, Түркия, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген түрколог ғалымдар, музейтанушылар мен  зиялы қауым өкілдері, тарихшылар және «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумына қатысушы делегаттар, баспасөз өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада Түркі академиясы халықаралық ұйымының басшысы Дархан Қыдырәлі сөз алып, «Түкология» музейі болашақта әлемдегі алғашқы салалық музей ретінде Қазақстанның тартымды мәдени орындарының біріне айналатынын сөз етті.

«2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі академиясын құру туралы бастама көтергенде оның жанында кітапхана және музей болсын деген. Біз сол музейді 2013 жылы құра бастадық. Бүгін 25 мамыр Түркі академиясының дүниеге келген күніне тура 7 жыл толып отыр. Содан бері академия музейі дамыды. Бірақ бізге кітапханаларын сыйлаған түркологтар өздерінің заттарында беріп отырды. Сол бүгінге дейін көптеген заттар материалдық мұралар, экспозициялық заттар жиналды. Сондықтан біз осыдан екі жыл бұрын «Түркология» музейін құрсақ деген бір ортақ байламға келдік. Себебі бүгінге дейін түрлі әлемінің мұралары, құндылықтары зерттеледі. Бірақ оларды зерттеуші тұлғалар жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Сондықтан біз жалпы түркологтар тұтынған заттары, олардың құжаттары, қолжазбалары тұратын түкология музейін ашу туралы бастаманы жалғастырып, бүгін міне «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы қарсаңында музейді ашып отырмыз. Болашақта академияның музейі салалық ғылымның бірден-бір үлкен музейі болады деген ойдамыз.

Түркітану саласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған экспозицияда әйгілі түркітанушы ғалымдар Әбдуәли Қайдар, Әбжан Құрышжанов, Әмір Нәжіп, Рабиға Сыздықова мен Түркиядан келген Осман Фикри Серткаяның жеке тұтынған дүниелері, бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған күнделіктері мен қолжазбалары музей қорына жинақталып, бүгін форум делегаттары мен түкологтар ғалымдарға алғаш рет көрсетілді.

Атап айтсақ, академик Ә.Қайдардың шапанын, жұмыс кабинетінде қосылып тұрған радио-қабылдағышын, жеке қаламсаптарын, профессор Ә.Құрышжановтың күнделіктері мен әріптес-достарымен арадағы хаттарын, академик Р.Сыздықованың өзі тартқан қоңыр домбырасын сол жерден көруге көруге болады. Сондай-ақ, экспозицияда профессорлар Ә.Нәжіп пен Осман Фикри Серткаяның жеке күнделіктері мен құнды қолжазбалары да орын алған.

Сондай-ақ Түркі академиясы халықаралық ұйымының кітапханасында әйгілі түркітанушы-шығыстанушы ғалым, башқұрт халқының ұлы перзенті Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның жеке кітап қорын қабылдап алу рәсімі өтті. Рәсімді академия басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізіп, өз сөзінде башқұрт халқының көрнекті қайраткері Ахмет-Зәки Уәлиди Тоғанның қызметі мен шығармашылық мұрасының маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге, ғалымның кітап қорынан бөлек, құнды қолжазбаларын да Түркі кітапханасына табыстаған Ахмет-Зәки Уәлидидің қызы, бүгінде Түркияда тұратын танымал ғалым Есенбике Тоғанға алғысын білдірді.

Айта кетерлігі, бұл шаралар ертең, 26-шы мамыр күні Астанада өтетін «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы аясында ұйымдастырылды. Аталған форумға Америка мен Азия елдерінен 300-ге жуық ғалымдар қатысады деп күтілуде.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English