«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Тарихтан сыр шерткен монеталар

5013 0
Тарихтан сыр шерткен монеталар
Тұңғиық тарихымызды тану мен танытудың тағы бір жолы ұлттық танымдағы монеталар. Немесе төл тарихпен көмкерілген тиындар бізге неден хабар береді?

Тамғалы Петроглифтері (сүргiштi мөр)

 

Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері – Жетісудың тасқа салу өнерінің ең ежелгі әрі көрнекті ескерткіштерінің бірі, 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының объектісі болып табылады. Мұнда 1950 жылдардың соңында тасқа басылған көптеген суреттердің ғибадатханасы табылды, ол 1970-1980 жылдары зерттеле бастады.Тамғалы шатқалы Алматы қаласының солтүстік-батысынан 170 км жерде Аңырақай тауларында орналасқан. Бояу баспасы бар монета Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталарын шығару мен сатудың халықаралық бағдарламасының шеңберінде де шығарылады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетінде «сүргiштi мөрмен» көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. Монетаны айналдыра, стильдендірілген тас бетінде Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері салынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан, монетаның массасын білдіретін «50 g» деген жазу, Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге «Көк тәңірі» петроглифі бейнеленген. Бояу баспасы жоқ монетада гүлдің бейнесі алтындатылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ» және ағылшын тілінде «PETROGLYPHS OF TAMGALY» деген жазулар ойып жазылған. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. 2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Диадема бөлігі

 

Диадема (грек. Διάδημα) - тәж пішінді басқа тағылайтын әшекей. көбінесе тәж сақина секілді тұйықталмай, жартысы ашық қалады. Ең көне диадемалар неолит кезеңіне жатады. Диадема сөзі грек тілінің diadeo сөзінен шыққан, ол байлау, бекіту мағынасын білдіреді. Үйлену тойында диадема неке тәжін білдіреді. Бастапқыда қалыңдыққа гүлдерден, лавр жапрағынан жасалған тәж тағылатын болған. Ал одан соң тәж металлдан жасала бастады. Қазіргі күндері, дегенмен де, диадема ескіліктің еншісінде.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде шауып келе жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күң жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орта бөлігінде Қарғалы шатқалынан бейнеленген безендірілген алтын диадема фрагментінің алтындалған бөлігі орналастырылған. Төменгі бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ДИАДЕМА БӨЛІГІ» деген жазу және спиральдың геральдикалық бейнеленуі, жоғарғы бөлігінде ағылшын тілінде «FRAGMENT OF A DIADEM» деген жазу бар.

Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ», ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған. Монета сынамы 925 күмістен дайындалған. 2008 жылғы 6 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Жалаулы көмбесі (Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны)

 

Жалаулы ауылынан кездейсоқ табылған алтын бұйымдар немесе Жалаулы көмбесі (б.з.д. VIII-VII ғғ.) айрықша мәнге ие. Жалаулы көмбесіндегі ең ірі әшекей бұйым - ай пішінді өңір әшекейі алтын пектораль болып табылады. Коллекциядағы бірегей құндылықтар қатарына Жетісу аумағынан кездейсоқ табылған бұйымдар – мыс қазандар мен қола шырағдандар ерекше құндылыққа ие.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жалаулы көмбесінен табылған бұғы түрінде бейнеленген алтын бұйым орналастырылған. Оң жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, жоғарғы бөлігінде – спиральдың геральдикалық бейнесі бар. Төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «ZHALAULINSKIY TREASURE» деген жазу бар. Монета 999/1000 сынамды алтыннан дайындалған. Айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

Сарайшық монетасы

 

Сарайшық қаласынан табылған Алтын Орда теңгелерінің аверс және реверс беттерінде арыстан мен сұңқардың, балық суреттері, геометриялық өрнектер, түрлі таңбалар, ислам дінінің суннит ағымының символдары шекілген. Бірқатар дирхемдер мен пұлдарда тарази, шаян сияқты шоқжұлдыздар, ал бірқатарында тотықұс бейнесі шекілген.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында Сарайшықта соғылған көне күміс монетаның бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде «500 ТЕҢГЕ», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жазбалар мен сандардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортасында нумизматикалық раритеттің екінші жағының бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде ғалымдар осы монета шығарылған деп отырған ғасырды білдіретін «с. XIV ғ.» деген жазу бар. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлігінде арасы нүктелермен бөлінген мемлекеттік тілде «САРАЙШЫҚ МОНЕТАСЫ» деген жазу және ағылшын тілінде «COIN JF SARAIJUK» деген жазу бар. Шеңбердің төменгі бөлігінде монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Жоғарғы және төменгі бөліктердегі жазулардың арасы ұлттық өрнектің екі элементімен бөлінген.Монета 925 сынамды күмістен жасалған. 2008 жылғы 3 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Acыл бұғы

 

«Асыл бұғы» ескерткіш күміс монетасы жартаста салынған, көне заманнан біздің уақытымызға дейін жеткен суреттерге арналған серияның сегізінші монетасы болып табылады. Осы монетаның дизайнында «Асыл бұғы» петроглифі пайдаланылды. Теректі өзінің алқабы, Хантау тауы, Балқаш көлінің Оңтүстік Батыс өңірі. Неолит – қола ғасыр.

Монетаның бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнек элементтерінің ортасында «500» деген сан орналастырылған, оның астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар, бұлар монетаның номиналын білдіреді. Монетаның жоғарғы бөлігінде спиральдың геральдикалық бейнеленуі, монетаның қандай металдан дайындалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде ақшаның соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан жазылған.

Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стилінде жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF КAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған. Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильденген тас тақта аясында жартасқа салынған «Асыл бұғы» суреті бейнеленген.

Монетаны айналдыра тас тақта түрінде стильденген, мемлекеттік тілде «ТЕРЕКТІ АЛҚАБЫ • АСЫЛ БҰҒЫ» және ағылшын тілінде «TEREKTY VALLEY • NOBLE DEER» деген жазу жазылған жалпақ көмкерме орналасқан. Көмкермедегі жазулар ойып жазылған және аралары нүктелермен бөлінген. Монета 925 сынамды күмістен жасалған. 2007 жылғы 13 қазанда айналысқа жіберілді.

Арба

 

Бұл монетаның дизайнында «Арба» петроглифінің деталі пайдаланылды. Арпаузень шатқалы, Қаратау жотасы; Оңтүстік Қазақстан; Қола дәуірі. Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

Монетаның бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнек элементтерінің ортасында «500» деген сан орналастырылған, оның астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар, бұлар монетаның номиналын білдіреді.

Монетаның жоғарғы бөлігінде спиральдың геральдикалық бейнеленуі, монетаның қандай металдан дайындалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде ақшаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан жазылған.

Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стилінде жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF КAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған.

Монетаның сырт жағының (реверсіне) айнадай жалтыраған бетіне уақыты біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы деп белгіленген жартастағы «Арба» атты суреттің бейнесі орналастырылған. Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стиліне ұқсатылып, жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде «АРБА • АРПАӨЗЕН ШАТҚАЛЫ» және ағылшын тілінде «CHARIOT • ARPAUZEN TRAST» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған. Монета 925 сынамды күмістен жасалған. 2006 жылғы 1 шілдеден айналысқа жіберілді.

Бұғылар. Әшекейлер

Шілікті қорғанының обаларынан табылған тарихи жәдігерлер. Обалардан барлық саны 4303 дана алтын зат табылған. Оның 250 данасы арқар, бүркіт, самұрық, бұғы, қасқыр, мәлін түріндегі, аң стилінде. Бұдан бөлек геометриялық фигуралар, әшекей бұйымдар сипатындағы заттардың саны 4000-нан асып жығылады. 

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу орналастырылған. 

Сол жақ бөлігінде төрт салт атты бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде екі бұғы түрінде әшекей-ілгек бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «БҰҒЫЛАР. ӘШЕКЕЙЛЕР» және ағылшын тілінде «BUCKLES. DEERS» деген жазу жазылған, ал төменгі жағында спиральдың геральдикалық бейнесі жасалған.

Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Монета 925 сынамды күмістен жасалған. Айналысқа 2010 жылғы 11 желтоқсанда шығарылды.

Материал Қазақстан Ұлттық Банкі деректері негізінде дайындалды.

Әзірлеген: Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English