«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІККЕ ЛАЙЫҚ

1912 0
ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІККЕ ЛАЙЫҚ
Тұтқынға түскен кеңестік әскерлер үшін қамау тән азабымен қоса, жан азабын да таттырды. Олар немістердің фашистік жойқын жүйесінің құрбаны болғанымен қатар, өз елінде де халық жауы атанды

Екінші дүниежүзілік соғыс жаңғыры онжылдықтар өткен соң да үн қатуын тоқтатпақ емес. Жеңісті жақындатқан қаһармандар мен батырлар ел аузында болғанымен, тұтқында болған миллиондаған солдаттар мен офицерлердің тағдыры қайғылы болды.

Тұтқынға түскен кеңестік әскерлер үшін қамау тән азабымен қоса, жан азабын да таттырды. Олар немістердің фашистік жойқын жүйесінің құрбаны болғанымен қатар, өз елінде де халық жауы атанды. Біздің парызымыз – соғыс туралы естеліктерді сақтаумен бірге тоталитарлық жүйе салдарынан жазықсыз жазаланған кісілердің есімдерін ардақтау. Тек КСРО құлдыраған және саяси ахуал өзгерген соң ғана соғыс жылдарында жоғалып кеткен туыстары туралы шетелдік авторлардың зерттеулеріне, отандық және шетелдік мұрағатардағы бұрын құпияланған құжаттарға көз жүгірту мүмкіндігі туындады. 

Бұл соғыстан оралмаған мыңдаған әкелер мен ұлдардың тағдырына деген үлкен қызығушылықты оятты. Сондықтан кеңестік әскери тұтқындар мәселесі адамгершілік сипатқа ие бола бастады.  1995 жылы Ресейде Президент Ельциннің әскери тұтқындарды ақтау туралы Жарлығы қабылданды, ал Қазақстанда бұл үшін құқықтық база жасалмаған.  Қазақстандық тарих ғылымында әскери тұтқындар мәселесі салыстырмалы түрде жаңа десе болады, отандық тарихнама 90-шы жж. басында қалыптаса бастады. Осылайша, әскери тұтқындар мәселесіне қатысты отандық зерттеулер мына ғалымдардың жұмыстарында көрсетілген:  К.Т. Жұмағұлов, Б. Садықова, Д. Иғсатованың, Г.К. Көкебаеваның, Г.М. Меңдіқұлованың, Т. Күлбаевтың, Д.В. Татариновтың.

Солдан онға қарай: РФ ҚМОМ бастығының ғылым жөніндегі орынбасары  В.А Лоншаков, Д.З. Иғсатова, РФ ҚМОМ бастығының филиалдармен жұмыс жасау жөніндегі орынбасары В.П. Цымлянский, РФ ҚМОМ бастығының негізгі жұмыс жөніндегі орынбасары Н.М. Емельянова, ҚР Президенті Мұрағатының Ғылыми жарияланымдар басқармасының басшысы РК Е.В. Чиликова және бас сарапшы М.Т. Жылгелдинов. РФ ҚМОМ. 14 қараша  2016 ж.  

Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты 2015 жылдың қантар айында «Екінші Дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары: әдебиеттер, деректер, мәліметтер базасы».  Екінші Дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындарының тағдыры туралы жобасы «Ізгілік естелігі құқығы: Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандық әскери тұтқындарды қуғындау тарихы»  жобасы аясында Ф. Эберт қорының қолдауымен жүргізіледі. Бұл жобаның мақсаты, ақыр аяғында, тұтқынға түскен әскерлерді ақтау үшін осындай құжатты дайындаудың негізін жасау болып табылады. Осы және басқа жобаларды болашақта жүзеге асыру үшін «Ерлiк жолымен» Зерттеу орталығы» Қоғамдық қорын ашты.  Әрбір ғалым соғыс тақырыбын өз бетінше көтереді, соның ішінде  әскери тұтқындар мәселесіне. Ол Ақмола облысынан 1942 жылы майданға аттандырылған 106-шы кавалериялық дивизия зерттеулерімен айналыса отырып, осы тақырыпқа келді. Қайғылы және аянышты тағдырлар тарихы көптеп кездесті және әлі күнге дейін кездесуде. Жоба аясында ҚР Президенті Мұрағатының бас сарапшысы Мұхаммед Жылгелдинов басқа ғалымдармен бірге Подольск және Мәскеу мұрағаттарында 2 апта бойы жұмыс жасады. Подольск қаласындағы РФ Қорғаныс министрлінің Орталық мұрағатында шамамен 20 млн. Іс сақтаулы, оның ішінде 10 млн. Ұлы Отан соғысы бойынша. Мұрағатшылар құжаттарды ұлттық құрамалар бойынша іздестірді– 196, 316, 100, 106, 102 және басқа дивизиялар бойынша бірегей құжаттар табылды.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық Мұрағатының Орталық дәлізі

Мәскеуде қазақстандық әскери тұтқындар тақырыбы бойынша ғалымдар РФ мемлекеттік мұрағатында жұмыс жасады.

Әскери тұтқындар бойынша Германия және Польша аумағында орналасқан концентрациялық лагерлердің - Освенцим, Бухенвальд, Маухаузен, Ламсдорф, Штуттгоф  трофейлік құжаттары болды. Кеңес әскерлері Польшаны, Германияны азат еткен соң бұл құжаттар бізге келіп түсті. 1942 жылы ТМК-Төтенше мемлекеттік комиссиясы құрылғанын атап өткен жөн, ол басып алынған аумақтардағы неміс басқыншыларының жауыздығын әшкереледі. Ғалымдар осы комиссия қорларымен жұмыс жасай алды. Қазақстандық әскекри тұтқындар бойынша бірегей құжаттар айқындалды, тіпті суреттермен және тергеу хаттамаларымен.

Кеңестік әскери тұтқындар «Шталаг XVIIIA» концентрациялық лагердің тікенек сымының жанында

Кеңестік әскери тұтқындар Германияның концентрациялық лагерлеріне түсіп отырған. Әрбір әскери тұтқынға карточка жүргізілдген. Көптеген мұрағаттық істерде неміс тілінде толтырылған карточкалар болды, онда қысқаша ақпарат, әскери тұтқынның аты, жөні, қай жерде туылғаны, тұтқынға қалай түскені туралы ақпарат болған.  Әскери тұтқын өлген соң қайтыс болған жері мен жерленген жері жазылып отырған. Бұл істерде суреттердің түпнұсқалары болды, әскери тұтқындардың суреттері және суреттері болған.  Зертеушілер осы істермен қоса шағын фильмдер мен суреттерді көрді. Бірақ бұл суреттерді көру өте қиынға соқты. Кинофильмдерде өлген адамдар, өліктер, оның ішінде адам жеу оқиғалары түсірілген.  Осының барлығын немістер камераларға түсіріп отырған. Адам жеушілік сұмдық аштықтың нәтижесі болып табылады.  Бір күнде тұтқындарға 250-300 грамм нан тиесілі болған, бірақ әскери тұтқындардың естеліктері бойынша бұлар оны да 20-30 күн бойы алмаған кездері болған.  Азаттық алғаннан кейін әскери тұтқындар туралы мәліметтер кеңес әскерлерінің қолына түсті, өйткені көптеген тұтқындар өліп қалған еді. Әскери тұтқындардың есетеліктерінде Бухенвальдтің өзінде әскери тұтқындардың ішінде 100 мыңнан адам астам өлген, басқа елдерден түскен тұтқындарды есептемегенде.  Орташа есеппен күн сайын 300-350 адам өліп отырған. Концлагерлерге жаңа әскери тұтқындар түсіп отырған және соншалық адам өліп отырған.  Тұтқындардың өздері камералардың жанындағы арнайы барақтарға тұтқындарды екпе жасаймыз деген желеумен апарып отырған. Шын мәнінде оларға шприцпен бензин егіп отырған.  Көптеген құжаттарда 2-3 минуттан соң адамды өлтіретін бензинді жүрекке еккен. Немесе крематориймен қатар өлшемі 1 х 1 м болатын шағын камералар болған, оның қабырғаларында артынан және алдынан тесіктер болған және адамға алдыңа қара деп бұйрық беріп, өздері артынан атып өлтіріп отырған. Сол  жерде оларды бірден өртеп жіберіп отырған. Тағы бір маңызды жәйт. 2015 жылдың мамыр айында ГФР Үкіметі Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынында болған бұрынғы кеңестік әскери тұтқындарға  2500 евро көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Өткен жылы Батыс Қазақстан облысының Мемлектетік мұрағаты, Шымкент өңірлік мұрағатымен бірлесе отырып, мұрағат басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Осы жоба бойынша Президент мұрағаты арқылы 10 адам құжат тапсырды, мұрағат қызметкерлері қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек қолын созды, олардың 8-і өтемақы алып үлгерді. Бұл жөнінде  National Digital History порталы жазған болатын.

Осылайша, соғыс кезінде зардап шеккендерді тауып, өтемақы алуларына көмектесуге болады.   Дина Иғсатова жыл қорытындысы бойынша әскери тұтқындар және Қарағанды мен Көкшетау қаларында өткізілген көрмелер туралы материалдарды жинақтау жұмысын аяқтағанын мәлімдеді. Жинақ жоспарланғаннан да көлемдірек болып шықты. Табылған мұрағаттық материалдардан туратын екінші жинақ жазу жұмысы бөлек жүргізілуде. 2017 жылы көрмелерде жинақтардың тұсаукесері өткізіледі. Бұл кітаптарды барлық мұрағаттарға таратуға болады. Мұндағы мақсат, осы тақырыпты зерттеумен айналысатын ғалымдарды уақыттарын босқа өткізіп алмас бұрын дайын, пысықталған мұрағаттық материалдармен таныстыру.   

Материалды дайындаған

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр Серікқызы
 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English