Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Олимпиада тарихы

1363
Олимпиада тарихы - e-history.kz

Биылғы жылдың басты спорттық шараларының бірі – 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары. Бұл дүбірлі дода барысында спорттың 32 түрінен 329 медаль сарапқа салынбақ екен. Осы орайда портал оқырмандарын Олимпиада тарихымен таныстыруды жөн көрдік.

Тарихшылар Олимпиада ойындарының бастауын біздің заманымыздан бұрынғы 776 жылға әкеліп тірейді. Оның өзінде сайыс түрлерінің өлшемі, қашықтығы, ережесі болғаны жайлы дерек бар. Қазір төрт жылда бір рет өткізілетін спорттық дода ретінде сонау ерте ғасырдан басталып, көптеген даму жолдарын артқа тастап, жетілген спорттық ойын ретінде биік мәртебеге ие. 

Бірақ біздің заманның 393 жылы Рим билеушісі І Теодосиус төрт жылда бір өткізілетін спорт ойындарын уақыт оздырып, адамдарды алдаған және түкке де қажетсіз деп танып тиым салған екен.

Осы оқиғадан кейін, яғни көп жыл өткен соң Рми империясы құлап, жоқ болса да, байырғы Олимпиада ойындарын өткізетін бір жан табылмай адамзат баласы ХІХ ғасырдың табалдырығын аттайды. Бірақ кейбір зерттеушілеп XVI ғасырда біріккен түрде спорттық ойындар өткізілгені жайлы деректер келтіргенімен, оны көпшілік Олимпиада ретінде қабылдамайды. Себебі, бірнеше қана ел қатысып,  шағын мөлшерде ұйымдастырылғандықтан есепке алынбай жүрген тәрізді.

Қазіргі таңда төрткүл дүниені таңдандырған аталмыш доданы еске алуышлар қайткен күнде бір адамның сіңірген еңбегін атап өте алмайды. Оның аты-жөні – Пьер де Кубертен. Бұл мырза 1863 жылы Францияда туған екен. Жеті жасқа толған 1870 жылы француз-неміс соғысы басталып кетіп, соғыстың не екенін қаршадай күнінен сезіп өскен жігіт мемлекеттер соғыспай-ақ бір-бірінің күш-қуатын сайыстыруға не болмасын деген ой түйеді. 

Пьер де Кубертен

Ақсүйектердің отбасынан шыққан Кубертен жоғарыдағы мақсатын іске асыруға арнайды. Осы жолда көптеген қиындықтарға тап болдаы. Өзінің туа бітті қайтпас қайсарлығының арқасында алған бетінен қайтпайды. 

Көп жылғы еңбегінің нәтижесінде 1894 жылдың маусым айында Париж қаласында халықаралық үлкен конференция ұйымдастырып, алғашқы Олимпиада ойындарын өткізу жайлы бір шешімге келеді. Тоғыз елден 70-ке тарта өкіл келіп қатысқан аталмыш жиында халықаралық Олимпиада комитетінің жарғысы, лауазымдық дәрежелер, әнұраны, эмблемасы т.б. мәселелер күн тәртібіне қойылып, талқыға түседі.

Басқосудың соңғы күні алғашқы Олимпиада ойындарын қайда өткізу жайлы өкілдердің пікірі тыңдалып, ортақ келісім бойынша тарихта тұңғыш рет Олимпиада өтті делініп келген Афина қаласы таңдалады. 

Бірақ қаржы-қаражат жайын шешу тығырыққа тіреледі. Оның сыртында жарысқа қатысушы спортшылардың орын-жайы, ішер тамағы, спорттық құрал-жабдығын сайлап, сақадай сай ету ісі тұрды.

Әрине, бұның бәрі бастамашы Кубертен мырзаның иығына артылады. Бірақ алғашқы Олимпиада ойдағыдай өтіп, 20 жыл ұйқы-күлкі көрмей еңбектенген Кубертеннің маңдай тері ақталады.

Осылай Пьер де Кубертен жаңа заман Олимпиадасының негізін қалаушы ретінде тарихта аты қалды. Онымен қатар жүріп барлық шаруаның ыстық-суығына бірге күйген досы Деметриус Векеласті де ұмыт қалдыруға қақымыз жоқ. Бұл адам Кубертенге қаржы-қаражат жағынан көп көмектескен көрінеді. Өйткені Векелас бизнес саласында аты шыққан әрі жазушы ретінде де танымал тұлға екен. Осындай зор беделінің арқасында тұңғыш халықаралық Олмипиада комитетіне басшы болап сайланған.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?