Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алашқа мәшһүр ақынның мұрасы насихатталды

2929
Алашқа мәшһүр ақынның мұрасы насихатталды  - e-history.kz
Белгілі фольклортанушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш және көрменің ашылу салтанаты өтті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклортанушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби кеш және көрменің ашылу салтанаты өтті. 

4d1a11f22b6a0eba4a55fe63c4b4f78d.jpg

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Форматы өзгеше жиынға ақынның шөберелері Нартай Жүсіпов, Лаура Жүсіпова, Әсет Пазылов, ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Серік Негимов, музей қызметкерлері мен баспасөз өкілдері қатысты. 

Әдеби кеште 

Әдеби кеш алты Алашқа мәлім болған ақынның «Таныстыру» атты өлеңінен басталды. Кеш жүргізушілері ақынның өмірбаянын оқып, өлең-жырларындағы ерекшеліктерге тоқталып отырды. 

d00c66ac413f9cdd04de64082aeecfb0.jpg

Еуразия ұлттық университетінің проректоры, профессор Д. Қамзабекұлы Мәшһүр Жүсіп мұрасының ұрпақ үшін маңызын айта келіп, оның игерген ғылымының әлі де толық зерттелмегені сөз етті. «Мәлім де беймәлім Мәшһүр Жүсіп» еңбектерінің «Мәңгілік ел» идеясымен тығыз байланыста қарастыра алатынымызды, ұлт тарихын және шежіресін зерттеудегі ата мұрасы бағдар болатынын жеткізді. 

aa5847160cf2fad447ca017e91699331.jpg

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасы тәуелсіздік пен еркін ойлау идеяларынының іргетасы болып табылатын қазақ фольклорының өзіндігі мен мәдени әралуандығының философиялық талдауын бейнелейді», – дейді ақынның шөбересі, ғылым докторы, профессор Нартай Қуандықұлы Жүсіпов.

Ал ғылым кандидаты, доцент Лаура Жүсіпова ата ұрпақтарының атынан мұндай мазмұнды кеш ұйымдастырып отырған музей басшылығына алғыс айта отырып, осы уақытқа дейін өз қазағынан басқа жерлерге толық танылмаған, лайықты насихатталмаған ақынның мұрасының келешекте ақпараттық кеңістігі ұлғаятынына деген сенім білдірді. 

3d65d55c3657e429c0f61b1cf6545a55.jpg

Әдеби кеш барысында «Қазақстан» ұлттық арнасы түсірген «Ұлт мақтанышы» хабары көрсетіліп, ақын жырларынан үзінділер оқылды. Осылайша әдеби кеште тыңдаушылар үшін М.Ж. Көпейұлының өзіндік талдауындағы фольклористиканы, оның әдебиеттанушылық ойларын ұсынып, ақынның поэзиясы мен замандас орыс классиктерінің туындыларымен шығармашылық тұрғыдан қатарластыра салыстырулар жүргізілді. Әдеби кеш аясында Ұлы даланың рухани мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелер қозғалып, басты назар музей және кітапханалар қорларында сақталғанымен тұңғыш рет айналымға енгізіліп отырған материалдарға, яғни көрмеге аударылды. 

Көрмеде 

Көрме Тұңғыш Президент музейі қызметкерлерінің жинақтау жұмыстарының барысында Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі, Қ. Сәтпаев атындағы мемориалдық музейі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қорларының материалдары негізінде ұсынылды. 

2603e98e61d5b205f71b4883f628a6e3.jpg

Көрменің ашылу салатанында сөз сөйлеген ғалым, профессор Серік Негимов Мәшһүр Жүсіптің жан-жақты білім иесі болғандығын, бірнеше тілді еркін меңгергенін, энциклопедиялық мұра қалдырғанын сөз етті. Гуманистарлық ғылымдар саласынан тыс жер қыртысы мен астрономиялық атау-ұғымдар турасында да бай мұра жазғанын айтты. Жаратылыстану, география, теология бойынша құнды дүниелерлің авторы болғанын жеткізді. Ақынның бай мұрасының ішінде көп қамтылатыны – діни тақырыптағы дүниелер 60 пайыздай көлемді алады. 

f6facbe57d9fbb0740f437b4708f86de.jpg

Музей директоры өз тарапынан мұндай жиындардың ұрпақ үшін, елдің раханияты үшін алатын орнын баса айтты. 

Ақынның ұрпағы, кесенесінің шырақшысы Әсет Пазылов ақын мұрасының насихатталуы мен кейбір біз білмейтін қырлары жайында баяндады. 

abbabce41d9b451041d7dd842b9b1b04.jpg

87d1ee563a4dbcd5a6ab3ad6f6df637e.jpg

Көрме экспозициясында ойшыл ақынның жеке заттарының қатарында сағат, бойтұмары мен көзілдірігі, шалбары мен кісе белдеуі, әмияны мен жез легені, шақшасы, Құран кітабы, түпнұсқа қолжазбалары, кітап басылымдары, әдебиеттану материалдары ұсынылды. 

f12bc1bae2e28b05375420a862099648.jpg

Әдеби кеш және көрме ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің мұражайтанушылық жұмысының нәтижесі болып есептеледі. 

Заңғар Кәрімхан

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?