Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Ақ шом» айналымы дегеніміз не?

1921
«Ақ шом» айналымы дегеніміз не? - e-history.kz

Ресей саудасы келмей тұрғанда қазақтар шығыста Қытайдан, түстікте Бұхар өлкесінен келетін керуендер халықтың сұранысын қанағаттандырып тұрған. Әрі күзде солтүстіктегі қазақ малшылары өзінің жүн-жұрқасын түйеге қомдап, оңтүстікке аттанатын. Әр үйден, ауылдан белгілі азаматтар ере шығады. Осы керуенді халық арасында «ақ шом» деп атаған.

Сарыарқа мен Мұғаджардан ағылған «ақ шомшылар» күзде қаздай тізіліп оңтүстікке кетіп бара жатқан. Қайтқан құстармен қоса даланы дуға бөлеген бұл салтанатты көріністі Абайдың жырлауы тегін емес.

«Ақ шомшылар» арысы Бұхара, Самарқан, Хиуа, берісі Түркістан, Шаштан (Ташкент) «тамыр» табады да, әлгі апарған тері-жүнін астыққа айырбастайды. Әркімнің өзінің күні бұрын келіскен адамы бар. Екі жақ та өзгеге қолындағысын бермейді. Өнімдерінің сапасына сенеді. Жұт, қуаңшылық жылдары несиеге алады. Сауда мұсылман әдебімен жүргізіледі, алдау-арбау деген болмайды. 

Ал, орыс көпестері осы бір мұсылманша сауда әдебін быт-шыт қылды. Әрі өздерінің арзан саудасын өткізу үшін «ақ шом» керуен жолын әскер күшімен жапты. Ел-жұрт еріксіз ресейліктердің сапасыз тауарын тұтынға мәжбүр болды. 

Алашшыл ғалым Тұрсын Жұртбай: «Ақ шомның» негізі есте жоқ ескі заманда қалыптасқан. Ол кезде Ресейдің қандай мәдени-экономикалық дәрежеде болғаны бір тәңірге ғана аян. Анығы, көшпелілердің тіршілік саясаты айналымға құрылған. Олар бұл түзілімді бұзғандарды аяусыз жазалап, тиісті сыбағасын сыпырып алып отырған,-дейді (Тұрсын Жұртбай. «Күйесің, жүрек... сүйесің». Алматы, «Қайнар» 2009. 72-б).

Абайдың: «...Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды», - дейтіні де осы (Екінші қарасөз).

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?