Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сырдария өзенінің көне арналарындағы қала мәдениетінің зерттелуі

2262
Сырдария өзенінің көне арналарындағы қала мәдениетінің зерттелуі - e-history.kz

Тамыры терең тарихы мыңжылдықтармен жалғасатын Сырдария өзенінің аңғары ежелгі ескерткіштерге толы. Бұл өзеннің бойы ғасырлар бойы тіршілік мекені болғандығы белгілі. Ежелгі өркениет жолында Қос өзен аралығының (Тигр мен Ефрат) мәдениеттері кең айтылса, Орта Азиялық қос өзен аралығы бұл Әмудария мен Сырдария арналарындағы мәдениет және бұл екі өзен бойында қалыптасқан халықтар әлемдік өркениетке өзіндік қолтаңба қалдыра білгені сөзсіз. 

«Сыр алаштың анасы» деп тегін айтылмасы белгілі. Яғни, Сырдария өзені қай заманда болмасын адамзат тарихының барлық кезеңдерінің куәсі. Сонау палеолит дәуірінінен бергі, қола, ерте темір дәуірлері, орта ғасырларға жататын ескерткіштер Сырдария (Сейхун) бойынан әр кезеңдерде кездесіп отырды.

Сырдарияның көне арналары бойына Арал бассейнінде орналасқан Тұран ойпаты жазығының бір бөлігін қарастырып отырмыз. Оның басым бөлігі қазіргі Сырдария, Сарысу өзендері алқаптары және көнезаманда Қызылқұм арқылы аққан Сырдың ескі арналары Іңкәрдария, Ескідариялық, Куаңдария және Жаңадария өзендерінің алқаптары құрайды. Арал бассейні негізінен Орталық Азияның ең ірі өзендері – Әмудария, Сырдария және Арал теңізінің сағаларын қамтиды. Көне Грек тілінде Яксарт (Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады) атымен аталатын Сырдария өзені Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Ол өз бастауын Тянь-Шань тауынан бастау алып Қырғызстан мен Өзбекстан арқылы екі өзен Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылуынан Арал теңізіне дейін барады. Сырдарияның 130-дан аса салалары болған. Олар ауа райының ыңғайы мен өзен деңгейінің көтеріліп және түсіп тұрғанымен байланысты құралған, басым көпшілігі Түркістан облысы мен Қызылорда жерінде оналасқан. Алғашқы ірі арнасы Іңкәрдария қызылқұмының солтүстік іргесімен ағып Аралға құйған. Біртіндеп бұл өзеннің арнасы жоғарыдан ағып келген лаймен толып, солтүстік, солтүстік-батысқа қарай ойысып, әр мезгілде Жаңадария, Қуаңдария, Ескідариялық сияқты үлкенді-кішілі өзендерді құрап қазіргі арнасына келіп тұрақтайды[1.14-16.б]

Сыр бойы тұрғындарының көне заманғы ең бір жоғары дамып, кейінгі өркениеттерге негіз болған кезі б.з.д. І-мыңжылдықтың ортасынан басталады. Ежелгі шағын елді – мекендер орнына зәулім қалалар мен ондаған шақырымға созылған су жүйелері (каналдар мен арықтар), соларды сыртқы жаудан қорғау үшін су және далалық керуен жолдарының бойына биік дуалды қамалдар салынды.

Тіршілік көзі су болғандықтан жоғарыда аталған әрбір арнаның бойында сол кезде қоныстанған тайпалас ескерткіштері сақталған. Солар арқылы қай өзеннің қай тарихи кезеңде аққанын анықтап білудеміз. Мәселен Іңкәрдария бойынан тас, қола дәуірлері (б.з.д. ІV-III мыңжылдық) тұрақтары мен қоныстары табылса, Жаңадария мен Қуаңдарияда ерте темір дәуірі мен ерте орта ғасырлық ауылдар мен қалалар мол кездеседі[2].

Ескідариялық пен қазіргі арна салаларының бойын орта ғасырлар кезінде жиі қоныстанған. Біз бұл зерттеумізде негізінен Сырдарияның ежелгі арналарындағы қала мәдениетінің қалыптасуы мен оның зерттелу мәселелеріне тоқталмақпыз.

Жоғарыда атап өткеніміздей, б.з.д. ІІІ–ІІ мыңжылдықта Сырдария өзенінің негізгі арнасы Іңкәрдария болған. Ал, Ақшадарияның солтүстік арналары сол кезеңдерде Әмударияның негізгі арнасы ретінде саналған. Оның төменгі және орта ағыстарынан неолит және қола дәуіріне тиесілі көптеген тұрақтар табылды. Қола дәуірінің аса бір ерекше ескерткіші Түгіскен қорымы. Қорым солтүстік және оңтүстік болып екі топқа бөлінген жерлеу құрылыстарының кешені. Оңтүстік топқа б.з. дейінгі VII-VI ғасырларымен даталанатын сақ қорғандары, ал кейінгі қола жерлеу құрылыстары орналасқан солтүстік тобына б.з. дейінгі I-I мыңжылдықпен даталанатын кесенелер шоғырланған.

Солтүстік Түгіскеннен ашылған кесенелер, ыдыстар мен бұйымдары б.з.д. ІІІ–ІІ мыңжылдықта Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген тұрғындардың мәдени байланыстары тек Еуразия даласымен шектелмегендігін көрсетеді. Оны біз Оңтүстік егін шаруашылық өркениетінің дамуымен байла- ныстыра аламыз. Мысалы оған шикі кірпіштен тұрғызылған кесенелердің пайда болуы және шарық көмегімен ыдыстардың белгілі бір түрлерінің дайындалуы жатады.

    Солтүстік Түгіскен қорымы монументалды жерлеу құрылыстарымен (кесенелер) және өңделмеген кірпіштен салынған арнайы қосымша құрылыстарымен ерекшеленеді. Солтүстік Түгіскен кешені Арал маңы өңіріндегі әлдеқайда кейінгі мәдени кешендер генезисінің негізі буыны болып табылады. Солтүстік Түгіскенде мәйітті өртеу рәсімі үстем болған, ол мәйітті орталық камерада өртеуді ғана емес, оның айналасындағы от сақинасын да пайымдаған. Кесенелердің жоспарлануы – шаршының ішіне жасалған шеңбер, уақыт өте келе шаршы жоғалады да, крестпен бөлінген шеңбер ғана қалады. Б.з. дейінгі I мыңжылдықтың екінші жартысындағы хорезм және сақ жерлеу орындары да осындай жоспармен салынған.

    Солтүстік Түгіскендегі ірі, әрі мерзімі жағынан кейінгі құрылыс №6 кесене болып табылады. Бұл жоспарында диаметрі шамамен 25 м болатын дөңгелек жерлеу құрылысы, ол 50-60х25-30х10 см өлшемді өңделмеген кірпіштен салынған, ішінде жерлеу камерасы орналасқан, диаметрі 15 метр болатын үлкен цилиндрден тұрады.

Бұл кезеңге Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақ қорымындарындағы қабірлер жатады. Оңтүстік Түгіскен қорымынан 50 оба анықталған, оның 38-і қазылған, Ұйғарақтан 80 шақты оба анықталған, оның 70-і аршылған. Оңтүстік Түгіскен қорымы екі кешенге бӛлінеді. Олардың біріншісі 12 обадан, екіншісі – оңтүстік – 29 обадан тұрады. Солтүстік Түгіскен некрополында тоғыз оба орналасқан. Оңтүстік Түгіскен б.з.б. VІІ-V ғасырлармен мерзімделінеді, сондай-ақ б.з.б. V ғасыр обалары қорымның оңтүстік бөлігінде топталған, ал ең ерте кезге жататындары оның солтүстік шетінде шоғырланған. Ұйғарақ қорымының обалары б.з.б. VІІ-VІ ғасырлармен мерзімделінеді; б.з.б. V ғасыр обалары бірен-саран ғана, олар ҥш топта шоғырланған – шығыс (30 шақты), орталық (27) және батыс (21). Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақ қабірлерінде жерлеу ежелгі жер бетінен қазылған топырық шұңқырларға мүрдені қою (жерлеу) ғұрпы бойынша атқарылды, алайда мүрдені өртеу салты да кездеседі. Барлық жағдайда үстіне оба тұрғызылған. Обалардың сақталған биіктігі 0,3-2 м, диаметрі 10-40 м шамасында. Мүрденің жерленуіне қарағанда қайтыс болған адамды шалқасынан қамыс төсенішке жатқызған, басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып, бұтақтармен және қамыспен өрілген жеңіл ағаш каркас құрылыс ішіне қойған. Құрылыс іздері шіріп кеткен не болмаса жанып кеткен дөңгелек бағана шұңқырлары түрінде сақталған. Жерлеу құрылысының айналасы шыбық-шөпшектермен және қамыс қабатымен жабылған. Жоспары бойынша бұл құрылыстар дөңгелек, сопақша келген, тік бұрыштылары сирек кездеседі. Баған шұңқырларының шеңбері бір қатар, алайда оның ішіне шаршы бұрышында төрт бағанадан тұрғызылған камера секілді құрылыс жасалған. Кейде шеңбер екі бағаналар қатарынан да тұрды[3.197.б].

Біртіндеп Іңкәрдарияның арнасы саязданып, оның орнына Жаңадария арнасы қалыптасады.

Ерте темір дәуірінің тұрғындары негізіненжарты- лай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан- дықтан ірі, қала типтес мекендер салмаған. Оған дәлел ретінде мал жайылымына қолайлы жерлер- ден табылған бірнеше үйден тұратын көптеген елді-мекендерді айтамыз. Өкінішке орай, көбісін құм басып қалған. Олардың санының көп болға- нын Оңтүстік Түгіскен , Ойқарақ (Ұйғарақ), Сең- гіртам қорымдарынан көруге болады.

Жалпы, б.з.д. VII–VI (кейде V) ғғ. мерзімделет ін Ұйғарақ қорымындағы 80 обаның 70-і қазылып зерттелсе, б.з.д. VII–V ғғ. жататын Оңтүстік Түгіскен қорымындағы 50 обаның 38-не зерттеу жұмыстары жүргізілді (Итина, Яблонский, 1997; Вишневская, 1973; Курманкулов, Утубаев, 2016 с.). [4. 283–285.б]

Бұл уақытта Іңкәрдарияның кейбір арналарындағы тармақтар Жаңадария жүйесіне құйса, қалғандары ежелгі кезеңдегі қоныстарды сумен қамтамасыз ететін көлдерге айналды. Сондай-ақ, Сырдарияның қазіргі арнасынан оңтүстікке қа- рай орналасқан ежелгі арналарының бірі Ескіда- рия жүйесі ашылып, уақыт өте келе Қуаңдария жүйесімен біріккен. Антикалық кезеңде біраз уақыт Сырдария, Жаңадария және Ескідария өзендерінің қатар аққандығын байқауға болады.

Жалпы, Ескідария ерте ортағасырға дейін алыс - жақын елді-мекендерді сумен қаматамасыз етіп тұрды. Жаңадария жүйесі б.з.д. І мыңжылдықтың соңына дейін ғана белсенді жұмыс істеді, кейін Сырдарияның батысқа қарай ағуы тоқтатылды.

Жаңадария жүйесіне ортағасырда қайта су келе бастады, ал кейінгі ортағасырда ол әлсін-әлсін суға толып, тасып отырды.

Шірікрабат археологиялық мәдениетіне ғана тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында, шаруашылық құрылысы ерекшеліктер болды.

Б.з.д. I мыңжылдықтың екінші жартысын Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген халықтар мәдениетінің гүлдену кезеңі деп санаған жөн. Осы кезеңдерде Аралға келетін негізгі су ағыны Әмударияның солтүстігіндегі Ақшадария арнасы қосылатын Жаңадария арқылы өтті. Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында Арал аумағында экологиялық және гидрографиялық жағдайлардың қолайлы болуына байланысты мал шаруашылығымен бірге суармалы егіншілік мәдениеттері қалыптасып, дамыды.

Шірікрабат мәдениеті – Орта Азиядағы ежелгі егіншілік мәдениеттерінің, ықпалынсыз жергілікті тайпалардың негізінде қалыптасты деген пікір ешқандай күмән тудырмайды. Солтүстік Қызылқұмның ерекше табиғи жағдайына байланысты, ғасырлар бойы әртүрлі дәуірлердегі ежелгі қоныстардың қалдықтары, жасанды суару жүйелерінің іздері, ондаған гектар аумақты қамтитын кеңейтілген ауыл шаруа- шылық оазистері бүгінгі күнге дейін сақталған.

Осының арқасында елді мекендерді, оазистерді тек археологиялық ескерткіштер жиынтығы ретінде ғана емес, біртұтас әлеуметтік-эконо- микалық кешен ретінде, соның ішінде, үй-жай, қолөнер өндірісінің қалдықтары, суландыру жүйелерінің өзара байланысын зерттеуге ерекше мүмкіндік туды[5.179.б].

«Тарих атасы» Геродот өзінің «Тарихында» сақ тайпаларын сипаттап, оларды үш топқа бөлді. «Тиграхауда» – конус тәрізді бас киіммен жүретін сақтар, «Хаомаварга» – сусын өндірушілер және «Парадария» – теңіздің арғы жағындағы сақтар. Алайда, сақтардың тамаша қауымдастығы болғандығы жақсы белгілі. Осы сақ тайпаларының ең ірі орталықтарының бірі - Шірік Рабат, көне заман кезіндегі халық көп қоныстаған жерлердің бірі болып табылады.

Ежелгі Шірік рабат қалашығының жалпы көрінісі

Шірік рабат қалашығында өмір сүрген тұрғындар күрделі суландыру жүйелерін, екі жүзден астам ірі бекініссіз елді-мекендерді, жоғары дамыған архитектураны, соның ішінде, монументті жерлеу орындарын және бекінісі бар қалалармен бірнеше қамалдарды қалдырды. Шірікрабат мәдениетінің қоныстары жасанды суландыру жүйесі бар жерлерде орналасқан. Олардың қатарына Шірік рабат қалашығы және Бәбіш мола қалашығындағы көлемі жағынан шағын болып келетін елді-мекендер мен оларды қоршаған суландыру жүйесі бар бекіністер жатады.

Сырдарияның төменгі ағысына С.П. Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының (ХАЭЭ) жүргізген археологиялық қазбалары осы аумақтағы маңызды ғылыми зерттеу жұмыстарның бірі саналады. 1947– 1949 жылдары оңтүстік-шығыс Арал өңірінің аумағында ХАЭЭ жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде б.з.д. І мыңжылдықтың ортасымен мерзімделетін қалашықтар, тұрақтар және қоныстардың едәуір бөлігі ашылып, зерттелді. 1954 жылдан бастап зерттеу жұмыстары ежелгі Сырдария арнасының оңтүстік-батыс және батыс бөлігінде, яғни, солтүстік Ақшадария және Жаңадария арналарының қосылған жерінде жүргізілді. 1955–1956 жылдары Жаңадария алқабындағы зерттеу жұмыстары жалғастырылды. 1957–1963 және 1971–72 жылдары Жаңадария, Іңкәрдария, Қуаңдария және ескі Қуаңдария бассейндерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді [6. 42–60беттер].

Сақ қорымдары мен Шірікрабат мәдениетінің қалашықтарын зерттеу жұмыстары 1957– 1964 жылдары, аралығында ХАЭЭ қарқынды жүргізілді, сонымен қатар, 1962 жылдан бастап Ұйғарақ және Оңтүстік Түгіскен сақ қорымдар ын зерттеу өз жалғасын тапты.

Жарты ғасырдан астам үзілістен кейін Жаңдария мен Іңкәрдарияның орта ағысында орна- ласқан ескерткіштерге қазба-зерттеу жұмыста- ры қайта жанданды. Зерттеу жұмыстарын Шірік рабат археологиялық экспедициясының (ШРАЭ) жетекшісі Ж. Құрманқұлов және Ж. Утубаев жүргізуде. Бұрын белгілі Шірік рабат, Бәбіш мола, Бұланды қалашықтарынан бөлек Шірік рабат археологиялық мәдениетімен мерзімде- летін Іңкәр-қала, Қарабас, Сенгір-қала 2, Шірік 4, Жаңа-қала, Бәбіш мола 7 және т.б. бірнеше жаңа археологиялық ескерткіштер ашылып, зерттеу жұмыстары жалғасын тауып келеді.

Бәбіш мола ескерткіштер кешені 

Бәбиш-Мола – бұл Бәбиш-Мола  қалашықтар мен елді – мекендерден  тұратын археологиялық ескерткіш-кешені және Бәбиш-Мола 2 жерлеу ғимараты, сондай-ақ ауылдық қоныстар кешені. Бәбиш-Мола аймағы ендік бағытта 40 шақырымға, меридиандық бағытта - 15-20 шақырымға созылып жатқан сақ – апасиактардың ауылдық елді мекендерінің сақталып қалған кешені болып табылады. Қоныстарды сумен қамтамасыз етіп отырған негізгі магистральды канал өз бастауын Бабиш-Мулла 1-ден оңтүстікке қарай 6 шақырымдағы арнадан алған. 

Б.з.д. І мыңжылдықтың екінші жартысында ежелгі Сырдария арналарының оңтүстік бөлігінде мәдениетті урбанизациялау үрдісі басталады.

Бұл құбылысты суреттейтін ең көрнекті ескерткіш ретінде Бәбіш мола қалашығы мен оның айналасындағы ескерткіштерді алуға болады. Бұл жерде ерте қалалық мәдениетке тән барлық белгілер тіркелген.

Бәбіш мола қалашығы

Бәбіш мола оазисіне Жаңадария бойында орналасқан Бәбіш мола қалашығын мен Бәбіш мола 2 жерлеу ғимарат және арналарды жағалай орын тепкен елді мекендер жатады. Елді мекен- дер ендік бағытта 40 км-ді, ал, меридиан бойынша 15–20 км аралығын қамтиды. Бұл аймаққа Б. В. Андрианов 1957–1960 жылдары бір қатар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Елді мекендерде керамика және кварцит сынықтарымен жабылған үйінді немесе аласа келген төбелер түрінде кезде- сетін ғимарат қалдықтары сақталған. Бәбіш мола маңынан жалпы саны 150 елді мекеннің іздері анықталды, Б. В. Андриановтың пікірінше, олар- дың жүзге жуығы бір уақытта өмір сүрген болуы мүмкін [7.193–199 беттер].

Б.  В. Андриановтың мәліметтері бойынша Бәбіш мола оазисінің ауданы 10 мың гектарға жеткен. Арналар, әдетте, кішірек келген бүйір- лік тармақтардан (проток) алатын болған. Суару көбінесе жүйе бойынша жүргізілген: өзен – арна – суландырғыш – өріс. Осы аумақтағы суару жүйесі Аққырдың қыратынан батысқа және солтүстік-ба- тысқа қарай 20–40 км қашықтықта орналасқан үш ірі арнадан тұрды, осы арналардың ортаңғы- сы Бәбіш мола ескерткіштер кешеніне өте жақын өтеді. Солтүстік тармақ ежелгі арналар бойымен өтетін меридиональды каналдарды суландырады.

Ал оңтүстік тармақ батысқа қарай созылып, ор- таша аңғары бар үлкен каналмен қосылады. Оны оңтүстік-батыс тобы бар елді мекендермен байла- ныстыруға болады [7. 193б].

Елді мекендердің беткі қабатынан көп мөл- шерде керамика және де кварциттен жасалған құралдар мен оның сынықтары, үшқырлы және үшқанатты жебе ұштары, кварцит дәнүккіштер, т.б. табылды.

Бәбіш мола оазисінің орталығында Бәбіш мола бекіністі қалашығы орналасқан. Ол ірі жер леу- мемориалдық киелі ескерткіш саналатын Шірік Рабат қалашығынан солтүстікке қарай 40 км қашықтықта орналасқан.

Бәбіш мола деп аталатын археологиялық ескерткіштер кешенін алғаш рет 1946–1948 жыл- дары Хорезм экспедиция жасағы зерттеді. 70– 80 шаршы шақырымды алып жатқан аумақтан антикалық дәуірдің әртүрлі ескерткіштері: қа- лашықтар, бекінісі жоқ елді мекендер мен жеке үй-жайлар және жерлеу құрылыстары табылды.

Кейін, 2015 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясының маршруттық тобымен Бәбіш мола кешені мен айналасындағы ескерткіштердің топографиялық түсірілімі жасалып, тұрақты қазба жұмыстары өз жалғасын тауып қазіргі кезге дейін археологиялық зерттеулер жалғасын тауып келеді.

Қорыта айтқанда, Сырдарияның төменгі ағысына С. П. Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының (ХАЭЭ) жүргізген археологиялық қазбалары осы аумақтағы маңызды ғылыми зерттеу жұмыстарның бірі саналады. 1947– 1949 жылдары оңтүстік-шығыс Арал өңірінің аумағында ХАЭЭ жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде б.з.д. І мыңжылдықтың ортасымен мерзімделетін қалашықтар, тұрақтар және қо- ныстардың едәуір бөлігі ашылып, зерттелді. 1954 жылдан бастап зерттеу жұмыстары ежелгі Сырдария арнасының оңтүстік-батыс және батыс бөлігінде, яғни, солтүстік Ақшадария және Жаңадария арналарының қосылған жерінде жүргізілді. 1955–1956 жылдары Жаңадария алқабындағы зерттеу жұмыстары жалғастырылды. 1957–1963 және 1971–72 жылдары Жаңадария, Іңкәрдария, Қуаңдария және ескі Қуаңдария бассейндерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

Сақ қорымдары мен Шірікрабат мәдениетінің қалашықтарын зерттеу жұмыстары 1957– 1964 жылдары, аралығында ХАЭЭ қарқынды жүргізілді, сонымен қатар, 1962 жылдан бастап Ұйғарақ және Оңтүстік Түгіскен сақ қорымдар ын зерттеу өз жалғасын тапты.

Жарты ғасырдан астам үзілістен кейін Жаңдария мен Іңкәрдарияның орта ағысында орналасқан ескерткіштерге қазба-зерттеу жұмыста- ры қайта жанданды. Зерттеу жұмыстарын Шірік рабат археологиялық экспедициясының (ШРАЭ) жетекшісі Ж. Құрманқұлов және Ж. Утубаев, М.Сүйіндікова жүргізуде. Бұрын белгілі Шірік рабат, Бәбіш мола, Бұланды қалашықтарынан бөлек Шірік рабат археологиялық мәдениетімен мерзімделетін Іңкәр-қала, Қарабас, Сенгір-қала 2, Шірік 4, Жаңа-қала, Бәбіш мола 7 және т.б. бірнеше жаңа археологиялық ескерткіштер ашылып, зерттеу жұмыстары жалғасын тауып келеді [8].

Сонымен қатар ғылыми жұмыс барысында ежелгі сақ заманының көне ескерткішітері саналған Түгескен, Ұйғарақ, Шірік рабат, Бәбіш мола кешенді ескерткіштеріне археологиялық қазба нәтижиесінде олардың тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік экономикалық жағдайы, урбандалу процесі, заттай материалдық мәдениеті негізінде нақтыланды және жұмыс өз деңгейінде Сыр бойы тарихының қайнар бастауларында алар орны ерекше деп ойлаймыз

 

Аннотация. Мақалада Сырдария өзенінің көне арналары саналған Іңкәрдария, Қуаңдария, Жаңадария, Ескідариялық арналарында қоныс тепкен көне мәдениет ошақтары туралы байандалады. Түгескен, Үйғарақ, Шірік рабат мәдениетіндегі ескерткіштер мен Бәбіш мола кешенді ескерткіштерінің зерттелу тарихы және болжамдары туралы баяндалған.

Кілт сөздер: Кешенді ескерткіштер, Сырдария, Шірік рабат, Арал бассейні, Ұйғарақ қорымы, Түгескен,  қалашық, қорым, оба, археология.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Свод памятников Кызылординской области. А -2011.г.-стр-14-16.
  2. Курманкулов Ж., Болелов С. Б., Утубаев Ж. Р. Археологические исследования на городище Бабиш-Мулла 1 в 2018 г. // «Маргулановские чтения-2019». Материалы Международной археологической научно-практической конференции, посвященной 95летию со дня рождения выдающегося казахстанского археолога К. А. Акишева. – Нур-Султан, 2019. С. 301–316.
  3. Байпақов.К.М. Таймағанбетов.Ж.Қ Қазақстан археологиясы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы:..........., 2009. – 570 б.
  4. Курманкулов Ж., Утубаев Ж. Некоторые результаты исследования в 2015–2016 гг. на могильнике Сенгиртам 2. // «Маргулановские чтения-2018». Сборник материалов Международной научно-практической конференции. – Алматы–Актобе, 2018. С. 283–291.
  5. Вайнберг Б. И., Левина Л. М. Чирикрабатская культура. – Низовья Сырдарьи в древности. – М.: Наука, 1993. – Вып. I. 179 с.
  6. Левина Л. М. К истории исследований Хорезмской археолого-этнографической экспедиции в Восточном Приаралье // Приаралье в древности и средневековье. М.: Восточная литература, 1998. С. 42–60.
  7. Андрианов Б. В. Древние оросительные системы Приаралья. – М.: Наука, 1969. –542 с.
  8. Болелов С. Б., Утубаев Ж. Р. Поселение гончаров Бабиш-мулла 7 в низовьях Сырдарьи (раскопки 2015) // Краткие сообщения Института археологии. – 2017. – Вып. № 248. С. 20–35.

 

Еспенбетова Алтын Түменбаевна

т.ғ.к  аға оқытушы

Болашақ университеті

Қызылорда,  Қазақстан

Елеуов Еркебұлан Алдабергенұлы

Тарих магистрі аға оқытушы 

Болашақ университеті

Қызылорда,  Қазақстан

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?