Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президент Жолдауы – халықтың әл-ауқаты жақсаруының кепілі - Талғатбек Әминов

1985
Президент Жолдауы – халықтың әл-ауқаты жақсаруының кепілі - Талғатбек Әминов - e-history.kz

Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары тәуелсіз Қазақстан тарихында аса елеулі оқиғалар болып орын алады. Оларда қойылған міндеттер негізді, терең сабақтас және мемлекетімізді жаңа деңгейде тұтастай дамытуға бағытталған, әрі жүйелі мақсаттылығымен ерекшеленеді. Әр қадам сайын осы жол­даулар арқылы еліміздің қазіргі тарихының кезеңдері, әлеуметтік, экономикалық және саяси басым бағыттары ашыла түседі. Оған қоса, Мемлекет басшысының 2019-2021 жылдарда Қазақстан халқына арнаған жолдаулары жақын және алыс шет елдері тарапынан мұқият талдау нысанасына айналды. Ал бұл олардың егемен Қазақстанның өркендеуі нәтижелерін, стратегиялық жоспарлау ісіндегі тәжірибесінің маңыздылығын мойындағанын дәлелдейді. 

Сонымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларының, жалпы алғанда, еліміздің жүйелі дамуының,, халықтың әл-ауқаты жақсаруының кепілі дей аламыз. Осыған дәлел ретінде  Мемлекет басшысының өз Жолдауында  ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдағанын айтуға болады.  Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді. Мемлекет басшысының пікірінше, еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы, сондықтан  мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жолдауда зейнетақы жүйесін де қайта жаңғырту міндеті қойылды.    Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет екендігі айтылды. «Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз» - деді Мемлекет басшысы.

Жолдауда көтерілген келесі өзекті мәселелердің бірі - әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де өзгеріс енгізу керектігі туралы.  «Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», - деді ҚК. Тоқаев.

Жолдауда  көтерілген келесі мәселе көпшіліктің ерекше ризашылығын білдіреді деп ойлаймын.  Ол. Президенттің: «Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын» дегені. Осыған орай, ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынатынын айтты. «Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыра бастауды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы,.    

Президент өз Жолдауында халықты толғандыратын жер қатынастары, білім беру, жастарды жұмыспен қамтужаңа экономикалық саясат. нақты секторды дамыту және тағы басқа өзекті мәселелерге қатысты нақты ұсыныстарын жариялады. 

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Қ.-Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында көтерілген идеялар мен қойылған міндеттерді толық қолдай отырып, алдағы уақытта оларды насихаттауға біз белсене қатысуымыз қажет деген пікірімді білдіремін.

Талғатбек Әминов – ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі Ғылым комитетінің  Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?