«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ортағасырлық Отырар

833
Ортағасырлық Отырар - e-history.kz

Қамалы берік қалалар. Жайқалған бау-бақшалар, жайқалған гүлзарлар мен қыш күйдірген шеберлер, сәлделі сопылар мен зерделі шәкірттер. Медіресе мен мешіттер темірге тіл бітірген ұсталар. Тасқа жан бітірген зергерлер диқандар мен шаруалар бес қаруын сайлаған батырлар, көсілген керуендер. 

Иә, орта ғасыр мәдениеті дегенде көз алдымызға осы бейнелер елестейді. Бүгінгі мәдениетіміз бен өркениетіміздің ғылым-біліміміздің дамуындағы орта ғасыр мәдениетінің алар орны ерекше. Ал орта ғасырлық қалалар сол озық мәдениеттің ошағы. Қазақстан топырағындағы орта ғасырға тән қалалардың ішіндегі Отырар қаласы өзінің сәулет өнерімен ғылым білімімен терең тарихымен ел ішіне тараған ғажап аңыз-әнгімелермен ерекшеленеді. Отырар қаласы үш бөліктен тұрған цитадель, Шаһристан, рабад. Жалпы қазақ жеріндегі ежелгі қалалар осындай құрылыммен салынған. Цитадель - қаланың орталығы. Мұнда хан сарайлары әкімшілік басқару орындары және қала билеушісінің сарайы орналасқан. Ал Шаһристанда бай-шонжарлар, ірі саудагерлер дін басылары өмір сүрген. Рабад қаланың сырты саналған онда саудагерлер, қол өнер шеберлері тұрған. Отырардың тылсым аңыздарына бойлап ақиқатына сүңгу арқылы құмға көмілген тарихтың көзін ашып құнды мағлұматтармен тың деректерге қаныға аламыз. Қазіргі Отырар қалашығы ілкі дәуірдегі ілім-білімнің ошағы. Сырлыда ерекше сәулет өнерінің мұрасы. Қанды қырғындардың куәсі. Дүние жүзіндегі Александриядан кейінгі ең үлкен кітапхана ол - Отырар. Дүкенбай Досжанның әдеби шығармасында Әл-фараби екінші ұстаз дегеннен кейін әлемде екінші кітапхана болған деген болжам айтып жазып кетті. Міне, осы кезден бастап Дүкенбай Досжанның шығармасындағы сөз көпке кен тарап кетті. Отырар да ғасырдан астам жүргізілген қазба жұмыстары арасында ірі кітапхананың орны табылмаса да құндылығы тұтас бір үлкен кітапхана татитын көне кітап табылған. Бұл кітап орта ғасырлық қалалардың орнынан табылған ең көне кітап болды. Ғажайып кітапхананың өзіне сай оқырмандары болатыны да заңдылық еме пе. Дерек көздеріне сүйеніп айталық. Егер бүгінгі таңда Отырарда оң шақты ғалым ғана бой көрсетсе. Ол кезеңде данқы жер жарған ұлы қалада бір мың бір жүзден астам, қуатты ғалымдар шоғыры салтанат құрды. Сол топ ішінен біздің білетініміз жалғыз Әбу Насыр Әл-фараби ғана. Әбу Насыр бабамыздан өзге отырарда отыз Әл-фараби ғұмыр кешкенің, олардың арасында астрономия, физика, математика саласында әлемдік деңгейде жаналық ашқан ұлы тұлғалар болғанын және ол бабаларын қазақ жеріндегі бүгінгі ұрпақтары мүлде білмейтіні қандай өкінішті. Сұлу Сырдың бойындағы көне қала 18 ғасырдың ортасында жоңғар шапқыншылығынан сон бір жола күйреп қирады. Бірақ із түссіз жоғалған жоқ, ұлы даланың шежіресін қойынына жасырып. Бүгінгі күнге жеткізді!

Адам тағдырындағы ең шуақты шұғыла рухани парасат екенін ескерсек, қарын мүддесі алға шыққан бүгінгі кезеңде бәрімізді Отырар қаласы ондағы киелі отырар кітапханасының ұлы рухани парасаты жебесін деп тілек етелік.


Хавдалхамит Хусейн

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?