Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Асылы Осман: «Қазақтың мейірімі халықтарды мәпеледі»

2656
Асылы Осман: «Қазақтың мейірімі халықтарды мәпеледі» - e-history.kz
Қазақ – жер бетіндегі ең мейірімді халық. Оның мейірімге барша ұлтқа бірдей. Сол мейірімге арнап ескерткіш тұрғызу артық болмайды

Біздің бала күнімізде əжептəуір бір іс тындырсақ, болмаса жас балалар қарияларға бір қызметін көрсетсе «Мұғалім бол!», «Көп жаса, тең құрбыңның алды бол!» деп алғысын жаудырып жататын. Елбасы Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні деп жарияланып, қазақстандықтардың күнтізбесі тағы бір мерекелік датамен толығуын жұртшылық жағымды жаңалық ретінде жақсы қабылдады. Алғыс айту күні қазақстандықтарды бір-біріне жақындастыра, береке-бірлікті нығайта түседі деп санайды. Қасірет ешқашан ұмытылмайды. Сол зобалаң жылдарды əзербайжан қызы – «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің, Алматы облыстық əзербайжан этномəдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, ғалым Асылы Осман апай да өз басынан өткізген еді... 

– Асылы апай, қазақта «Алтын алма, алғыс ал!» деген керемет тəмсіл бар. Оның үстіне, елімізде биыл тұңғыш рет «Алғыс айту күні» атап өтілмек. Не айтасыз? 

– Алғыс сөзі – жүректен иірілетін, тұнық сөз. Естіген жанды рухани лəззатқа бөлейді. Бір жағынан тілек, бір жағынан адамның ниеті, ризашылығы ғой. Оның мəнділігі, маңыздылығы сонда жатыр. Алғыс сөзінің мағынасы теңіздің терең тұңғиығындай, тіл жетпейтін, дүниедегі қымбат сөз. Осы сөзді айту бар да, сол сөздің жүректе қалуы бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы достықтың да, бірліктің де, тұтастықтың да ұйтқысы болып отыр дейміз ғой. Енді сол Елбасы бас- тап берген Ассамблея күнін əрі алғыс күні ретінде, əрі мəңгі есте қалдыру мақсатында Астана мен Алматы қалаларында ескерткіш орнатсақ деймін. Менің түсінігімде алғыс сөзінің иесі болуы тиіс. Біріміз бірімізге ай- тып қана қоймай, мəңгі есте қалатындай жасасақ. Ол ескерткіш атақ үшін емес, елімізге, халқымызға, болашаққа үлгі болады. Келер ұрпағымызға ізгілікті ұмытпай осы- лай жеткізсек – оның бірліктің, достықтың темірқазығына айналары хақ. Ол ескерткішке: «Қазақ халқы мен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғыс» десек. Сонда ол, «Бодауын боталы түйе» дегендей, мейірімділігімен, жан дүниесімен өзгені жат- сынбай бауырына басқан қазақ халқына деген қайтарымымыз болмақ. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқына алғыс деп белгі қойылды. Қазақстан халқына кімнен алғыс. Алғыс біреуден біреуге болуы керек. Менің сізге, сіздің маған деген сияқты. Сонда ол алғыстың ауқымы да кеңи түседі. 

8c4c965d1a70a29af9281f671a957a91.jpg

– Алматы облысы Үштөбе ауданының орта лығында корей ағайындар «Қазақ хал қына мың алғыс» деп ескерткіш қойды емес пе? 

– Жақсы, олардың ниеттері дұрыс. Бірақ ол түкпірдегі бір ауданда. Оны кім біліп, көріп жатыр? Сондықтан да мен барша Қазақстанда тұрып жатқан ұлт-ұлыстардың атынан шексіз алғысымызды білдіріп, ескерткішті Астана мен Алматыға қатар қойсақ дегенді осы тұрғыдан айтып отырмын. Бұл қалаларға қонақтар көп келеді. Қазақтың мейірімді, қайырымды халық екендігін өзгелер де көрсін. Болмаса əр ұлт бас-басымызға рахмет айтып, ескерткіш қоя бергеніміз қалай болар екен? Сол қиын да қасіретті жылдары жалғыз əзербайжандарды ғана емес, қаншама ұлттың өкілдерін қазақ топырағына еріксіз айдап əкелді. Қазақстан да еріксіз қабылдады. Бірақ бізді еріксіз айдап əкелгенмен, еркін өмір сүргізген қазақ халқы ғой. Ол ненің арқасы? Ол даласындай дархан, арамдықтан ада, қиянаттан шет, тумысынан таза, ниеті, пейілі кең қазақ деген ұлттың арқасында. Сол кезде өздері де бір үзім нанға, бір баспанаға зар болып отырса да, бір бөлме үйі болса бұрышын берді, екі бөлмесі болса біреуін берді. Жартыны жарып, бүтінді бөліп бізді паналатты, əрі бауырына басты. Жатсынған жоқ. Сөйтіп, өзге елді, басқа халықты сүюдің керемет үлгісін көрсетті. Ал адам бойындағы жақсы қасиеттердің бəрі де мейірімділіктен бастау алады емес пе. Ендеше, сондай жақсылық жасап, бөтенсінбей, бөлмей, жар- май барлығымызды осы дəулетке жеткізген де қазақ халқы ғой. Мен кейде мақтанып айтамын, ұлы даланы ғасырдан ғасырға асырып, жеткізген қазақтың хандары, билері, қағандары болса, ал бүгінде соның жалғасы тұла бойы сұлулыққа, жан дүниесі жылылыққа толы Елбасымыз сол ата-бабасынан келе жатқан əдет-ғұрып, салтты сақтай келе баршаның баласын бауырына басып, Ассамблеяны құрып, əрбір ұлттың өкіліне еркіндік, теңдік беріп, əркім өзінің тілін, əдебиетін, мəдениетін, əдет-ғұрпын сақтап отыр. Оны қаржыландырып та жатыр. Осы қай елде бар. Сондықтан, өзге ұлт өкілдері сол қайырымдылыққа қайтарым жасау – Құдай алдында да, халықтың алдында парызымыз. 

– Асылы апай, сонау Қап тауынан Қазақстанға келгенде қанша жаста едіңіз. Бүгінгі ұрпақ біле отырсын, сол жылдарды еске түсіріп көрсеңіз... 

– 1944 жылдың қара күзінде Грузияның Ахалкалак ауданы Хавет деген селосына түнгі сағат үште америкалық машиналарды үйлерге тақап қойып, ұйқыларынан оятып, алды-арттарына қаратпай тией бастаған. Қорада қой маңырап, сиыр мөңіреп, бала жылап, ана еңірегеніне қарамайды. Сонда салулы төсек салулы күйінде қалған ғой. Өйткені, қайтып келеміз деген үміттері болған. Бір машинаға бірнеше отбасын лықылдатып толтырып, теміржолға əкеліп мал таситын вагондарға тиеген. Сонда жол-жөнекей қаншама адам қырылған. Əкеміз айтатын: Қазақстанға бұрылғаннан кейін «уһ» дегенбіз деп. Өйткені, теңізге ме, мұхитқа ма апарып тастайтын шығар деп қорыққан. Біздің отбасымызда алты бала, əке-шешемізбен сегіз жан келдік. Жол-жөнекей көрген қорлықты айтпаңыз. Əзербайжанда да ата-бабадан келе жатқан əдет-ғұрып бар. Келіні атасының қасында тамақ ішпейтіні, сөйлемейтіні. Зəр қысқаннан ұялып, содан да өліп кеткендер кездескен. Ал қайтыс болғандар жол бойында қалған. Содан біздің вагон Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданына келгенде, əр ауылға бес-он отбасынан таратқан. Онда көлік жоқ, қазақтар арбамен келіп əкеткен. Анамыз біз келгеннен кейін бір жылдан соң дүниеден озды. Мен сонда үш жасар бала екенмін. Бірақ шешесіз өссек те, анасыз өскендей болмадық. Əкеміз үйленбей алтауымызды бағып-қақты. Ол кімнің арқасында?! Ол көршіміз, үй арасында үй жоқ Серікбай көке мен Айтбике жеңешеміздің жақсылығының арқасында. Бір отбасының баласындай өстік. Сол кісілердің қамқорлығы, сосын марқұм болған тоғыз жастағы əпкем шикімізді пісіріп, жыртығымызды жамап, əкеміздің басшылығымен күн көріп, қатарға қосылдық. Сондықтан да мен айтамын, қазақ пана да болған, ана да болған деп. 

Əңгімелескен Гүлзейнеп Сəдірқызы, 

«Егемен Қазақстан».

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?