Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

1545
«Мемлекеттіліктің рәміздері»  халықаралық ғылыми конференциясы өтті - e-history.kz

1 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығына орай «Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференция өскелең ұрпақтың еліміздің мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауын нығайтуды көздейді.

«Кез келген ел үшін мемлекеттік рәміздер тәуелсіздікті айқындайтын атрибут қана емес, бұл терең әлеуметтік-мәдени және саяси түсініктер жүйесі. Олар тарихқа негізделіп, ұлттық жадты сақтап отырады. Мемлекеттік рәміздер – ел келбетінің құрамдас бөлігі, азаматтар патриотизмінің көрінісі, бүкіл қоғамды біріктіретін факторы, кез келген ұлт пен мемлекеттің болмысын қалыптастырудың құрамдас бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жаңа Қазақстанды құруда мемлекеттік рәміздердің бейнелік мазмұнын қайта қарау қажеттілігі өзекті болып отыр. Конференция барысында қоғамның әлеуметтік-мәдени қатынасының негізі ретіндегі саяси рәміздердің рөліне қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылау күтілуде: жаһандану дәуіріндегі мемлекеттік идеология мен ұлттық идеяның маңызы; өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және т.б.», - деп Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат іс-шараны ашты.

7a67c8233d2b7e168d43e63bbcdabf35.jpeg

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қатысушыларға жолдаған сөзін оқыды.

«Құрметті конференцияға қатысушылар! Биыл мемлекеттілігіміздің мәртебелі символы Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл! Отанды қастерлеу, туған елге деген шынайы құрмет – Мемлекеттік рәміздерді қадірлеуден басталады. Мемлекеттік рәміздер – елдіктің, егемендіктің басты нышаны, ұлттық рух пен қоғамдық келісімнің, сондай-ақ патриоттық тәрбиенің аса маңызды құралы. Көк байрағымыз көкте желбіреп, елтаңбамыз ел төрінде нық тұрып, әнұранымыз аспанда қалықтаса – ол мемлекет мерейінің үстем, мәртебесі биік екенін, халқымыздың бірлік пен берекеде өмір сүріп жатқанын айғақтайды. Бүгін өтіп отырған «Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы осы іске елеулі үлес қосады деп сенеміз. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы жасампаз жұмыстарыңыз жемісті болсын!», - сөзінде делінді.

26b30652b2544d64c4892f738cde13d8.jpeg

«Бүгін біз аса маңызды тақырыпты талқылап отырмыз, өйткені мемлекеттік рәміздер қазіргі жастар үшін олардың ұлтқа қатыстылығын кодификациялау тұрғысынан шешуші мәнге ие. Қазақстандықтардың қазіргі жас ұрпағы белсенді азаматтық ұстанымға ие және барлық деңгейдегі шешімдер қабылдауға қатысқысы келеді, олар өз дауыстарының естілуін қалайды. Ал біз олардың бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз керек. Осы мақсатта Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерімен, сондай-ақ азаматтық қоғам мен сарапшылық қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, Жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады. Бұл тұжырымдама – жастар қозғалысының болашақ жаһандық бағытын мен көзқарасын айқындайтын құжат», - деді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов.

a1e7d62ff610ae6208fc7bb8dd1b64bd.jpeg

«Ата-бабаларымыздың, барлықтарымыздың аттары елтаңбаның ішінде жазылған. Біздің елтаңбамыз – қадір қасиеті бар, мың жылдар бойы келе жатқан тарихымыз, рухымыз бен санамыз, дәстүрлеріміз бен ұлы даланың философиясын бойына сіңірген рәміз. Жаңа дәуірде, Жаңа Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың тың тәсілдерін қолдану кез келді. Менің ойымша, біздің елтаңба, ту мен әнұранымыз әрбір ресми және бейресми іс-шарада, жерде қолданылу тиіс. Сол кезде рәміздеріміз жастар арасында кеңінен тарайды», - деді Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.

946bfbcd64962f2eb6ef360462e62abc.jpeg

Іс-шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, Қауіпсіздікті зерттеу жөніндегі Джордж Маршалл атындағы еуропалық орталықтың профессоры, Эмиритус университетінің профессоры Грегори Глисон (Нью-Мексико, АҚШ), Әзербайжан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Саяси партиялар мен заң шығарушы билікпен байланыстар бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдардың кандидаты Усубалиев Асиф Адилоглы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Инновация, интернационалдандыру және трансформация жөніндегі басқарма мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Дәмел Мектепбаева, т.б. баяндама оқыды.

Онлайн және оффлайн үлгіде өткен конференцияға 200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, орта оқу орындарының мұғалімдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері, студенттер мен магистранттар бар.

9e280141d9a92a44025b93737b107287.jpeg

17725e8bcdba7223c5931bd8860291f6.jpeg

0a91e22dcc7dfa078e9526121d65d3b5.jpeg

Ғылыми конференцияның қорытындысы бойынша еліміздің мемлекеттік рәміздерімізді мемлекет ішінде және шекарадан тыс жүрген жастардың арасында насихаттаудың ұсыныстары әзірленді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?