Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

4148
Мәдени серуен: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі - e-history.kz
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде экспонаттар тірі мен өлі табиғат, тарих және археология, этнография, тарихи оқиғалар залдарына жүйеленіп қойылған. Музей қоры 40 мыңнан аса экспонаттан тұрады

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі Тараз қаласының орталығында орналасқан. Музей 1931 жылы ашылып, 1978 жылы қаланың орталық алаңындағы жаңа ғимаратқа көшірілген. Қазіргі таңда қала орталығындағы Төле би даңғылында орналасқан Қазақстандағы ең ірі тарихи жәдігерлер орталығы. 

25492771d775d75d9c92ad55647dd0aa.jpg

Тараз қаласы – өндірісті, тарихи қала. 2000 жылдық тарихы бар қала ерте кезден сауда өнеркәсібінің орталығы болып, талай жыл мәдени жәдігерлердің музейіне айналды. Мұнда сонау ерте кезден қала мәдениеті қалыптасып, Қарахан мемлекеті тұсында үлкен сауда-өнеркәсібінің орталығына айналып, Ұлы Жібек жолының қаласы болды. Тараз қаласында ертеден шаһристан мен рабаттар соғылып, ескі моншалар мен діни тәу ететін орындар салынды. Олардың көбісі бүгінгі күнге дейін жетіп, өзінің құрылыс нысанымен көздің жауын алып, аспан астындағы құнды өркениет табысына бағаланып отыр. 

2479e83bc98372bbd3fd2c57f1992362.jpg

Сондықтан Жамбыл облысының аумағы – мыңға тарта ескерткіш пен тарихи-мәдени экспонаттар орталығы. Олардың қатарында Шу мен Талас алқабындағы тас мүсіндер, Тараз қаласы маңындағы тарихи ескерткіштер, цитадельдер мен ескі ғимараттар, шаһристандар мен ескі қамалдар, скульттік мәдениеттің жауһарларын жатқызуға болады. Ендеше өткен тарихтың құнды жәдігерлерін республика жұртшылығы мен әлем халқына көрсету мақсатында сүбелі жұмыс атқарып отырған мұражай болып табылатынын осыдан-ақ байқауға болады. 

797d729598a1e7fe674e1f9051bce565.jpg

Музей 1931 жылы құрылғанын айттық, жалпы ауданы – 328,5 метр. Тарихи зерттеулерде басты рөл осы музейлерге арналады. Музей – бұл ғылым мен тарихта қызығушылық тудыратын заттар қоймасы. Мұнда этнографиялық, археологиялық, нумизматтық, т.б., сонымен қатар құжаттар, суреттер, өнер жиынтықтары сақталады. Музей сақтау орны болғандықтан оның міндеті: тек қана табу, жинау, экспонат көрмесін жасау ғана емес, олардың сақталуы мен жөнделуін қадағалау. Музей – ғылым мен білімнің гүлдеуіне бағытталған белсенді күш. 

878eb399ebda32be4fc274004e87ac60.jpg

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі де осы қызметтерді толықтай атқарып, ғылыми-танымдық тұрғыдан да кешенді жұмыстар атқарып келеді. Музей қызметкерлері 1991-2001 жылдар аралығында Археология институтының археологтарымен біріге отырып, облыс территориясындағы көне тарихи орындарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Олардан табылған құнды жәдігерлер мен әр түрлі санаттағы заттарды музей қорына жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Осы бағытта әлі де талай археологиялық жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде», – дейді музей қызметкерлері. 

4fd9f53c262781f78854094a45c9ef8c.jpg

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі – өткен тарих пен қазақ мәдениетін түгелдей көрсететін бірден-бір мәдени ошақ. Музей қорында коллекция едәуір көбейіп, сирек кездесетін экспонаттар пайда соңғы кезде көбейе бастаған. Сондықтан музейге келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді екен. 

6c4e97540fcb416ce8f0ece054fa2b5e.jpg

Археология бөлімі келушілерді адамдардың еңбектенуінің басынан бастап таныстырады. Мұнда Қаратау тауларынан табылған алғашқы адамдардың еңбек құралдары көрсетілген. Адам қалдықтары қола дәуірінің 2 мың жылдығының соңғы кезеңі көрсетеді. Біздің дәуірімізге дейінгі IV-XIII ғасырлардағы сақтардың қола қазан, сақ жауынгерінің дулығасы, қола мүсіндері ерекше қызығушылық тудырады. 

2a8e0b8170c7234d8e8c21a7c1c19241.jpg 7252c826a41465d38e931f06ddf75e4d.jpg

Музейдегі тағы бір көңіл бөлетін нәрсе: «Қазақ хандығының құрылған кезеңі және ХІХ ғ.», және «Ресей, Украина, Өзбекстаннан қоныс аударғандар» бөлімі. Бұл бөлімдерде қазақ хандығының құрылған кезеңінен бастапқы қазақ ауылының көшпелі тіршілігі, Тараздағы қала мәдениеті жауһарлары ерекше безендірілген. Көп ұлттық қазақ халқының тұрмысынан ерекше экспонаттар жәдігері қоныс аударушылар бөлімінде көрсетілген. 

87274dc582f10c3524325c46718f002b.jpg

f32207d2d9401144adcdc08230bc167b.jpg

Музейдің тағы бір бөлімі «Қазақ халқының этнографиялық заттары» деп аталады. Бұл экспонаттар қорында қазақтың дәстүрлі киіз үйінің ішкі және сыртқы түрі, орталық орында күміс, алтын бұйымдар, киім, үй бұйымдары кеңінен қойылған. 

7eff948f47c4673a5952425a3c7226eb.jpg

Қазіргі кездегі қоғам тарихымен мен ХХ ғасыр басындағы қазақ тұрмысын бейнелейтін келесі бөлімдер тіптен ерекше: «Совет үкіметінің орнауы», «Жамбылдықтар ҰОС жылдарында», «Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім, өнер, спортты дамыту» бөлімдері сол ғасырдың нағыз бейнесін таныстырып тұрғандай. 1980 жылы салынған бұл экспозиция да жиналған сирек кездесетін материалдармен толы екен. 

ad02ff3d96886afcb49090e7dc5bbe73.jpg

«2002 жылы ежелгі Тараз қаласының 2000 жылдығына арналып музейде тағы 3 бөлім ашылды. «Ежелгі жазу және тас мүсіндер музейі», «Тараздың 2000 жылдың тарихы» және Л.В. Брюммердің көркем музейі», – дейді музейдің кіші ғылыми қызметкері Жұлдыз Алманқұлова. 

fd72f00af6ff2a8662bca3597174e3c2.jpg

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде экспонаттар тірі және өлі табиғат, тарих және археология, этнография, тарихи оқиғалар залдарына жүйеленіп қойылған. Музей қоры 40 мыңнан аса экспонаттан тұрады. Олардың бірқатары Италия, Астана, Алматы қалаларында өткен көрмелерде көрсетілген. 

Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?