Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залының тұсау кесері өтеді

2002
«Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залының тұсау кесері  өтеді - e-history.kz
Елордада 2014 жылдың 9 желтоқсаныда «Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залының тұсау кесері өтеді.

Бейнелеу өнерінің негізін қалаушыларынан бастап, «жаңа өнер» ізбасарларына дейінгі авторлардың еңбектері галереяның кескіндеме залында халық назарына ұсынылатын болады, бұл ұлттық бейнелеу өнер мектебінің алтын қоры мен құнды қазынасы болып табылады.

Зал экспозициясы кәсіби мектептің қалыптасуына сай кезең-кезеңмен құрылған. Экспозицияда қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салумен қатар, дарынымен дараланған таланттар Н. Хлудов, Ә. Қастеев, А. Исмаилов, К. Қожықов, А. Черкасский, П. Зальцман, А. Бортников, А. Ғалымбаева сынды хас шеберлерінің туындылары мен кәсіби бейнелеу мектебінің негізін қалауға атсалысқан кәсіби суретшілер С. Айтбаев, Ш. Сариев, Ж. Шарденов, М. Кенбаев, Г. Исмаилова және  басқа суретшілердің еңбектері де ұсынылатын болады.

Көрермендер Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің музыкалық перфомансін тамашалайды. Шараға мәртебелі қонақтар, дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдар өкілдері, серіктестер, бизнес құрылымдарының өкілдері, республикалық БАҚ, қоғамдық және саяси тұлғалар, өнер, білім, мәдениет саласының қайраткерлері қатысады. 

Байланыс мәліметтері: Тел.: +7 (7172) 57-23-35, +7 (7172) 44-32-85;  

E-mail: astana.nag@gmail. com

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?