Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақтың ата-бабасы – Сәнбейлер

2504
Қазақтың ата-бабасы – Сәнбейлер - e-history.kz
Сәнбейлер – тұтас көшпенді-әскери халықтар тарихынан ойып орын алған байырғы халық, олар Ғұндардар кейінгі көшпенділер империясын құрды

Империя территориясы 5 млн шаршы километрден асатын, батысы Балқаш көлі мен Ыстықкөлден тартып, шығыста Жапон теңізіне тірелетін. Нәсілдік тұрғыдан моңғолоид болған, олар Қазақ халқының арғы бабаларының ең мол шоғыры! Қазақтың ең негізгі ата-бабалары саналады. Өкінішке қарай олар туралы Қазақ тарихына қатысты деректерде ештеңе қарастырылмаған да ойластырылмаған, олар генетикалық тұрғыдан да, салт-сана мәдениеті тұрғысынан да Қазақтарға өте жақын болғанын ешкім ескергісі келмейді. Кейінгі Қазақтың денін құраған Қидан, Моңғол (қоңырат, дулат, үйсін, шанышқылы, суан, байұлы, алшын т.б), Керей, Найман, Жалайыр қатарлы ру-тайпаларының тегі көбінде осы Сәнбейлерге келіп тіреледі. Ол ғана емес, олардың бір тобы Қытайды тұтастай жаулап алып, 16 рет патшалық құрды, ең әйгілілерінен Солтүстік Уей, Таң империясын айтуға болады. Сәнбейлердің ақсүйектері 150 жылдардағы Таңшықайдан тартып 1227 жылдарға дейін билік ұстады, соңы Таңғыттың, Шыңғысқанның қолынан құрдымға кетуімен аяқталды. Тарихта тұңғыш рет «қаған» атауымен қағанат құрды, кейінгі Көктүріктер мен Моңғолдар солардың ел билеу дағдысын жалғасты қолданды.

Сәнбей туралы алғашқы деректер

Сәнбейлер туралы деректер Си Мацяннің «Тарихи жазбалар» атты әйгілі еңбегінде кездеседі: «Модұннің таққа отырға кезеңі Дұңхулардың күшейіп есіріп тұрған кезеңі еді, оны естіген Шығыс Хулар (东胡, Дұңху) oның сәйгүлігін сұратып елші жіберді, уәзірлері «Қасиетті хан тұлпарын беруге болмайды» десті. Модұн: «Көрші ел ғой, көрші отырып оларға бір қылқұйрықты да қимаймыз ба?» деді де тұлпарын бергізді. Келер жылы сол уақытта Дұңхулар тағы елші жіберіп Модұннің ханымын сұратты. Қаны қайнаған уәзірлер: «Дұңхулар әлінен асқан екен, былтырғысы аз болғандай енді ханымға ауыз салмақ екен,  аттанып барып оларды талқандайық!» деді, Модұн: «Көрші ел ғой, оларға бір шөпжелкені де қимасақ қайтып тату болып отырмақпыз?» деді де ханымын беріп жіберді. Келер жылы Модұн бізден қорқады деп есірген Дұңхулар тағы елші жіберіп: «Ғұн мен біздің арамыздағы мың шақырымдық бос жатқан жерге Ғұндар енді аяқ басушы болмасын, ол жерді біз аламыз деді!». Кей уәзірлер: «Онсыз да иен жатқан жер ғой, онан бізге келер-кетер ештеңе жоқ» деді, қатты ашуланған Модұн: «Жер – елдігіміздің негізі, оны жауға қалай береміз?» деді де, сол жерде-ақ жерді берейік дегендерді шауып өлтірді, жаудың елшісін де өлтірді де: «Кімде-кім жорықтан қалса басы кесіледі!» деп бүкіл елге жарлық шашады, Ғұнның біткен еркегі соғысқа аттанып, күншығысқа бет түзеп Дұңхуларды қапыда басты, бұған дейін Модұнды алымсынбаған Дұңху ханы еш әзірліксіз бейғам жатқан еді, қалың қолмен келген Модұн бірден жайпап күйрете жеңіп, ханын өлтірді, халқын тұтқындап құл қылды, малдарын олжалайды» [1].

Бұл – осыдан 2200 жыл бұрынғы тарихи оқиға. Ол кезде Қытай қорғанының терістігінде Нүкүздер ең қуатты болып Ғұндар оларға бағынышты болып тұрған, ал Ғұндардың шығысында Дұңхулар тұратын, Дұңху – қытайша «Шығыс Хулар» деген сөз, Ху жалпы қорған сыртындағы көшпенділердің ортақ атауы болған. Ғұндар көргеніміздей Дұңхудан да Нүкүзден де әлсіз еді, тәңірдің талдауы оларға түскендіктен, Модұндай хикімет көсем солардан шықты да өзінен күшті екі күшті көршісін жеңіп шықты, бірін батысқа Орта Азияға қуғындады, ал Дұңхуларды шауып, ханын өлтіріп, халқын өзіне қосып құл қылды. Ал осылардың тұтқынға түспей солтүстікке қашып кеткендері Сәнбейлердің арғы бабалары саналады.

«Сәнбейлер – Дұңхулардың бір тармағы, Сәнбей тауын мекендегендіктен солай аталды, салттары Ахуандармен бірдей» [2].

Дұңхулардың  Ғұндардың темір тегеурінінен ығысып, Хинган тауларының  солтүстік жоталарына барып бекінгендері екі елге айналады: Сәнбей тауын мекендегендері Сәнбейлер деп аталады да, Ахуан тауын мекендегендері Ахуандар деп аталады.

Тарих доңғалағы үздіксіз алға жүре береді , айдарынан жел ескен аса құдіретті Ғұн империясі Сатеғо тәңірқұттан (біздің заманымыздан бұрынғы102-99 жылдары) кейін әлсірей бастайды, осы тұста бұрын Ғұндардың қолынан күйреген Дұңхудың екі тармағы Ахуандар мен Сәнбейлер күшейе бастайды.

«Б.з.б. 72 жылы қыста Қағиянтек тәңірқұт 10 мың жасақпен Усүнді шауып, бірталай кәрі-құртаңды қолға түсіреді. Қайтарында бір күннің ішінде  үш кездей жауған қардандан адамдары мен малы қырылады, содан жасағының оннан бірі ғана аман оралады. Ғұндардың қансыраған шағын қалт жібермей күткен Деңлеңдер ту сыртынан, Ахуандар шығыстан, Усүндер батыстан шабуылдайды. Үш ел Ғұндардың сан түмен адамын қырып, сан түмен жылқысы мен есепсіз қой, сиырын олжаға алады. Аштан өлгендерімен қоса есептегенде халқының оннан үш бөлегі, малының оннан бесі қырылады, Ғұндар жұбына жеткен тұста бағынышты елдер жалт беріп бет-бетіне кетеді» [3].

Б.з.б. 72 жылғы осынау алапат қырғын соғыста Қытайлардың Хань империясымен Іле мен Жетісудағы Усүн мемлекеті бірлесіп Ғұндарға қарсы зор майдан ашады, екі жақтан жалпы 200 мыңнан аса атты әскер Ғұндарға шабуыл жасайды, ауыр шығынға ұшыраған Ғұндарға табиғи апатпен қоса бұрын бағынышты болған Деңлең, Ахуан сияқты елдер келіп шабуыл жасайды, осыдан кейін Ғұндар әлсірей бастайды.

Ғұндар құлдырауға беталған кездегі Сәнбейлер

«Б.з.б. 59 жылы Ахуандар Ғұнның шығыс қанатындағы Қағзақ ханына шабуыл жасап, көп адамды тұтқынға алды, бұған Оғиянқұ тек тәңірқұттың зығырданы қайнайды» [4].

59 жылғы бұл оқиға кезінде Ғұнның Оғиянтек тәңірқұтпен оның інісі Оң Білге хан жауласып тұрған болатын, Ғұнның көбі өзімен жауласқаннан кейін тәңірқұт өзіне қол салады.

«Ғұндар бұрынғы белгілеме бойынша Ахуандарды салық төлеуге зорлады. Ғұн жұртының ер әйелдерінен Ахуанға барып сауда жасамақшы болғандарды да елшінің тобында Ахуанға барды, Ахуандар салық төлеуден бас тартып: «Біз көктің ұлынан (Хань патшасы) Ғұндарға салық тапсырмайсыңдар» деген жарлық алдық» дейді, ғұн елшісі ашу шақырып, Ахуандардың атаманын байлап басын төмен қаратып асып қояды... Атаманның туыстары да соның қысасына Ғұндардың елшісін қасындағы нөкерлерімен қоса өлтіріп малы мен әйелдерін талауға салды» [5].

 Бұл – эрамыздың екінші жылы болған оқиға. Ахуандар Сәнбейлерден бұрынырақ күшейген болатын, сондықтын олармен бауырлас Сәнбейлердің аты көп атала бермейді, екі елде Ғұндарға салық төлеп тұрған, көшпенділерді бір-біріне айдап салу сынды әккі тәсілге көшкен Хань елі Ғұндармен оларға бодан болған өзге көшпенділер арасына от жағып отыратын. Осы оқиғадан кейін Ғұндар Ахуандарды шауып көп адамын шығынға ұшыратады, олар тұс-тұсқа жан сауғалайды, мыңның үстінде адамын Ғұндар айдап кетеді. Бұдан бұл елдердің әліде болса Ғұндардың шылауынан шыға алмай отырғанын байқауға болады.

«...Хань әндидің 3-жылы (эрамыздан бұрынғы 109 жылы) оңтүстік Ғұн тәңірқұты Дан бүлік шығарғанда Хань әнди Гің Күйді Сәнбейлермен әр аймақтың қоруылдағы әскерлерін бастап, атты арбалылар санғұны Хы Шинмен тізе қоса Ғұндарға жорық жасауға жіберді. Олар бағынышты ел қалаларына ілінгенді тәңірқұт Өкен Нетүк ханды 3000 адаммен Хань қосынына қарсы салды, Гің Күй қосынның бір бөлімімен сол бүйірден, ал Сәнбейлер оң бүйірден соққылап, Ғұндарды ойсырата жеңді. Мыңнан аса адамын қырып, 6 күлік ханын өлтірді. Сәнбейлердің ат көлігі арық еді, олар қорғаннан шыға опасыздық істеп айдалаға қашты... Сол жылы Сәнбейлер шапқыншылық жасап Юнжұңның бас уәлиі Дұң Жуанді өлтірді, Ахуан қолбасшысы Шүй Чаңгоны Ма Чың қаласында қоршауға алды. Гің Күй Южоу аймақ төрешісі Паң Сәнмен бірге оларға көмекке барып, Сәнбейлерді қуып тастап кері оралды» [6].

Сәнбейлердің өз атында тарих бетіне түсе бастаған бұл заманда Хань империясыда әлсірей бастаған болатын. Сол тарихи орайлы сәтте Сәнбейлер біртіндеп күшейе бастайды, олар үшін басты жау Ғұндар еді, сондықтан да Ханьмен одақтасып Ғұндарға қарсы соғыстарға бірге аттанады.

«Сол тұста (эрамыздан бұрынғы 59 жылы) Ғұндар, Сәнбейлер және Қызылтау Ахуандары – осы үш жақ бірігіп одақ құрды да, қорған ішіне талай рет кіріп мансаптыларды өлтірді...  Жиян У 25 жылы (эрамыздан бұрынғы 45 жылы) күзде он неше мың атты Сәнбейлер Лияудұңға шабуыл жасады, Жәй Рұң бірнеше мың шерікпен оларға тойтарыс соғыс жасады, ойсырай жеңілген жаулар жапырыла қашып, жартысы суға шөгіп тұншығып өлді. Жәй Рұң қалған жауды өкшелей соққылап қорғаннан ары қуып тастады. Сонан кейін жүрегі шайлыққан Сәнбейлер шекараға жуйи алмады. Онан кейін Жәй Рұң елші жіберіп, мол тарту арқылы Сәнбейлерді өзіне тартпақ болды... Жәй Рұң оларға: «Шынында еңбек сіңіргілеріңіз келсе, Ғұндарға шабуылдап, олардың басын кесіп әкеліп, дәлел етіңіздер!» деді. Сонан Сәнбейлер Ғұнның Едетзе тайпасына шабуыл жасап, 2000-нан аса адамын қырғындап, кесілген бастарын әкеліп тапсырды... Былайғы жерде Ғұндар әлсіреді, Сәнбейлер мен Ахуандар сарайға тарту әкеліп тұруға міндеттелді» [7].

Бұлар – эрамыздан бірінші ғасырындағы оқиғалар, Ғұндар жаппай әлсіреп күйреуге беталған кезең, сондай-ақ Хань патшалығы да бұрынғысындай емес жаппай әлсірей бастады, Хань Уди кезіндегідей жүз мыңдаған қолмен солтүстіктегі көршілеріне шабуыл ұйымдастыра алмады, керісінше оларды бір-біріне айдап салып отырды.

«Жаңхы 1-нші жылы (эрамыздың 87 жылы) солтүстік Ғұндардан 100 мыңнан аса адам келіп тізе бүкті, Доу Шиян бой бермей солтүстік Ғұнның тізе бүккен ханы Ағдакенді тәңірқұт көтерді. Кейін Ағдакен Хань патшалығын сатып кетті. Эрамыздың 91 жылы солтүстік Ғұн тәңірқұты Гің Күйден жеңілді де, Усүн еліне қашып кетті. Сонан қорғанның терістігі қаңырап иен қалды, қалған-құтқан Ғұндардың қайда кеткені беймәлім. Ахуандармен Сәнбейлер жуықта солтүстік Ғұн тәңірқұтын өлтірді...» [8].

Бұл – эрамыздың 87 жылы солтүстік Ғұн тәңірқұтының өлтіріліп, Ғұндарды Сәнбейлер біржолата талқандауы туралы дерек. Сәнбейлердің зор жеңісі осыдан кейін Ғұндардың көбі Орта Азияға ауды да, олардан қалған Моңғолияның Орхонға дейінгі жеріне Сәнбейлер келіп ірге тепті.

«Жаңхы 1-нші жылы (эрамыздың 87 жылы) Сәнбейлер солтүстік Ғұндарды сол жағынан тап беріп, оларды ойсырата жеңді, Ұлу тәңірқұтты өлтіріп, оның бас терісін сылып алды. Сонан теріскейдегі Ғұндар миша былығуда құтылан, дабе, қадасу сияқты 58 тайпадан 200 мың адам Юнжұң, У Юань, Шакбаң, Бейди аймақтарына келіп тізе бүкті. Теріскей Ғұндар миша былығумен тынбай, шегіртке апаты, ауыр ашаршылыққа ұшырады... Солтүстік Ғұндар оңтүстік Ғұндар мен Сәнбейлердің тегеурініне шыдай алмай әрі Деңлеңдерден, Сәнбейлерден ығысып, Орхон өзенінің батысына қарай көшіпті» [9].

Бұл дерекке қарасақ, Сәнбейлердің түмендеген атты жасаққа ие болғанын байқауға болады, бірақ көсемінің кім екені айтылмаған. Осыдан неше жүз жыл бұрын Ғұндар Нүкүздерді шауып оларды Орта Азияға қуғындаған еді, енді сол тарих қайталанып Сәнбейлерден жеңіліп, неше жүз мыңдаған адам батысқа ауа көшеді, 100 мыңнан аса адам (әлде отбасы) Сәнбейлерге бағынады, осыдан бастап Сәнбейлер Ғұндардың орнын иелеп келесі көшпенділер империясын құрады.

«Юанчу 4-нші жылы (эрамыздың 117 жылы) Ғұн тәңірқұты бөңғо Сәнбейлерден ойсырай жеңілді де, оның торғайдай тозған қауымы солтүстік тайпаларға бағынды» [10].

Бұл Моңғол даласындағы Ғұндардың соңғы бұлқынысы еді, осыдан соң Алтайдың шығыс бетіндегі көшпенділер тарихында Ғұндар ғасыры аяқталады, мекенінде қалған Ғұндар Сәнбей, Деңлең сияқты елдерге қосылады. Біразы оңтүстік Ғұндарға қосылады, соның әсерінен олар 237 500 адамға жетіп, 50 170 жасаққа ие болады, ендігі жерде Сәнбейдің негізгі қарсыласына айналады, осы Ғұндар 312 жылы Қытай астанасын басып алып, оны қиратып, жұртқа айналдырады.

«Янши 1-нші жылы (158 жыл) оңтүстік Ғұнның барша тайпасы көтеріліс жасап, Ахуан, Сәнбейлермен бірге шекарадағы 9 аймаққа басып кірді... Шипиң 1-нші жылы (172 жыл) Шердұқзұқ тәңірқұт таққа отырды. 177 жылы сардар Зән Мінмен бірге Ян Мін қамалынан шығып, Сәнбейлердің атаманы Данзағұйға шабуылдаған еді, одан ойсырай жеңіліп қайтты... 195 жылы тәңірқұт Хадұзан таққа отырды, ол да талай дүркін Сәнбейлердің шабуылына ұшырады» [11].

Бұл тұста Хан патшалығы әлсірей бастаған заман болатын, оларға бағынышты болып Ордосты мекендеген Оңтүстік Ғұндарда баянды қарсылық жасай алмады, Сәнбейлердің жаппай күшеюіне тарихы орай келді. Сәнбейлер ендігі жерде құдды ғұндар сияқты Қытай жеріне басып кіріп тонаушылық жасай беретін болды.

Сәнбей империясы

Таңшықайға дейін 

«Гуаң у кезінде (эрамыздың 25 жылы) түстік-терістік Ғұндар өзара қырқысып Ғұндар шығындалып, керісінше Сәнбейлер күшейе бастады. Жиан Удың отызыншы жылы (эрамыздың 54 жылы) 於仇贲 (Үй Шо Би) тайпаластарын бастап келіп ордаға тарту тарты, «Үй Шо Уй хан» деген мәртебе алды. Иұң Пиң Жұң, Ша Рұңдар Лияу Дұңға қорғаушы болып Сәнбейлер арқылы опасыздық жасаған Ахуанның Шин Жі Фан қатарлы адамдарын шаптырды, сонан Сәнбейлер өздерін Дұңхуаң, Жю Чуан нан шығысқа қарайға тайпалардың ағаманы ретінде қарады, Лиаудүңнің шығысында сыйға ие болып Чиң, Шүй Кей адам арқылы ақшаға ие болып тұрды, 270 миллионға жетті. Хы Ди кезінде Сәнбейдің аға тұтықтары Шияу Уй Гүй тайпаларын бастап Ахуан Шиу Уй Рінге шабуылдап жазалап тұрды, оған «топ басы хан» лауазымы берілді. Ян Ди Дің ян пиң жылы (эрамыздың 106 жылы) Сәнбей шығыс іргеге кіріп Үй Яңды қорғаған Жаң Шиянды өлтірді. Ән Ди кезінде (106-125 жылдыр) Сәнбей ақсақалы Ян Ли Ян қағанатымызға кіріп, Хан патшасынан «Сәнбей ханы» деген таңба алды, күймелі арбамен жүрді. Сонан кейін Ахуан шияу уйына (лауазым аты) тәуелділігі тоқтатылды. Ху Тұң қаласына (хуларға тұтасатын қала деген мағынада) түстік-теріскей екі сардарлық құрылып, оған оған тайпалардан  жиырмасы қаратылады. Жоғарыдан не төменнен болып Ғұнға, Ахуандарға шабуыл жасайды. Ән Дидің соңғы кезінде (125 жылдардың алдында)  шегараға 20 мың атты, жаяу жасақтар жіберіліп шабуылдан сақтанады.  Кейін Сәнбейдің 8-9 мың атты әскері Дәй Жүн және Ма қаласын бұзып Чаң Шыны зияндайды, Хан жағы Лияудің генералы Дың Зүн, ортадан Ма Шүйды жіберіп қорғаннан шығып қуалап талқандайды» [12].

Бұл деректерден Сәнбейлердің жаппай құдіреттенуге бет алғанын байқар едік. Таңшықайдан бұрынғы Үй Шо Уй, Ян Ли Ян қатарлы елбасылары болғанын біле аламыз. Бұл деректен тек олардың Қытаймен байланысты тұстары ғана айтылғандықтан олардың өзге жұрттармен және сахарадағы өзге тайпалармен байланысын, өз ішінде болып жатқан оқиғаларында біле алмаймыз. Олар Қытай патшаларынан лауазым алғанымен үнемі әскер тартып келіп Ғұндарша Қытай қалаларын тонап отырғаны айтылып отыр, бұл олардың тәуелсіз ел екендігінің айғағы саналады.

«Сәнбейдің ақсақалы Ұлұн, тағы Жыған бастаған жеті мың адамы келіп бағынады, Ұлұнға «хан», Жығанға «қоу» (бес дәреженің екінші дәрежесі) деген мансап беріледі, силанады. Кері қайтқан соң Жыған бүлік шығарып Ахуанның Шияу Үйін Ма қаласында қоршайды, лияу генералы Гің Күй және Ю Жоу лашысы (мансап аты) келіп құтқарады. Жыған тіпті күшейіп садақшылары түмен адамға жетеді, көп рет шегараға кіріп У Юанды басып Ғұн тәңірқұтына шабуыл жасайды, сол жақ Аужен ханды өлтіреді.Шүндидің тұсында (125-144 жылдар аралығы) көп рет шегара кіріп Дәй Жүнді шабады. Хан жағы Ли Яңды жіберіп ортаңғы тауда және шегарада әскер көбейтіліп, сақтықты күшейтеді, бес казармада садақ соғысы үйретіледі, оңтүстік тәңірқұт түмен әскерімен хандіктердің соққылауына көмектеседі. Кейін Ахуан шияу үйі Гың Ие Сәнбейлерге іргесінен келіп тиеді, басты амамандарын шауып өлтіреді, осылайша Сәнбейдің 30 мың бұқарасы Лияудұңға келіп бағынады» [13].

Бұл деректерден Сәнбейлердің Ғұндар көшерден бұрын саны оншалықты көп ел емес екенін көреміз, 10-20 мың әскер ғана шығара алған, бірақ өте күшті жауынгер ел болған. Ғұндардан қалған құтты қонысқа келіп, ірге тепкеннен кейін малы мен басы тең өсіп іргелі елге айнала бастайды. Десе де тұтас тайпалар бір ту астына әлі топталып, толыққанды құдіретті елге айнала қоймаған.

Таңшықайдың тұсында

«Ғұндар және олардың солтүстік тәңірқұты қашқаннан кейін  қалып қойған 100 мың түтіні Лияудүңда аралас қонып өздерін Сәнбей жасағы санады. Тұлұқұ Ғұн жасағы болған үшінші жылы оның әйелі үйде отырып балалы болып қалыпты. Тұлұқұ қайтып келіп ашуланып өлтірмек болғанда әйелі айтты: «Түнде келе жатып нажағайдың дауысын сездім, көкке қарап едім нажағай аузымнан кіріп жұтылып кетті де, жүкті болып қалып он айда тудым, бұл балада керемет кие бар, үлкейсін» деді. Тұлұқұ бұған әсте сенбеді, әйелі сол сөзде тұрып баланы баға берді, Таңшықай деп ат қойды, өсе келе батыр әрі денелі, ақылы елден ерек болды. Жасы 14-15 ке келгенде өзге тайпа ақсақалы Бұбиебасқа елдердің қой, сиырын тонады, Таңшықай атпен қуалап, еш бөгелмей малын қайтарып алды және оларды түгел қырды. Осылайша сол тайпа оған бағынды, ол түзіп орнатып, кербақпаны жөнге салып, бірте-бірте тайпа көсеміне айналды. Тайшықай тақта отырған кезде ордасы Гау Лияудан терістікте 300 шақырым Танқан тауында болды (қазіргі ішкі Монғол да Чин тауы), шығысы мен батысындағының бәрін өзіне қаратып, атты әскері молайып, оңтүстігінде Ханмен шектесіп, солтүстігі Деңлеңмен, шығыста Фуүймен (қазіргі Ляонин провинциясының шығысында) шектесті, батыста Асуанды (у сүн) талқандап Ғұнның байырғы жеріне толықтай ие болды, шығысы мен батысы он екі мың шақырым, оңтүстігі мен солтүстігі жеті мың шақырым таулы, өзені мен саздығы бар байтақ жерге ие болды. Ханның құлдыраған кезінде Ғұнның ортаңғы сардары Жаң Хуанды жорыққа аттандырса да жеңе алмады. Онан соң елші арқылы таңба жіберіп Таңшықайға «хан» атағын беріп татуласпақшы болды. Таңшықай мүлде бас тартты. Онан кейін елді орта, шығыс, батыс деп үш бөлікке бөлді. Оң солында негізі шығысы Лияудұңмен шектесіп, шығыс қанат делінген жиырма тайпа болды, сондағы ақсақалдарынан га (көне заманда көшпенділерді тайпа бастығы қа, онан жоғарғысы хан, тұтас ұлыс басы қаған атанған), куе ги, сори ( түрікше чор?), ғұй ту деп аталды. Оң-солының батысында Шаңгуды орталық еткен он тайпа болды, олардың тайпа ақсақалдары хы зүй, куе гу, баян (моңғолша бай деген сөзбен ұқсас) қатарлы мәнсаптар болды. Шаңгудан батысқа қарай Дұн хуаң, батыста Асуандарды қамтыған он тайпа болды, олардың көсемдері Жыған Лоры, Негритейін, Янлыиу қатарлылар болды, барлығы Таңшықайға бағынды. Лиң Ди (168-189 жылдары) шегарадағы аймақтар салғырттана бастады. 189 жылы Ахуан шияу үйі шя үй, Сәнбейден ортаншы қол тиан үй, Ғұннан ортаңғы қолға саң үй болып, оңтүстік Ғұнмен бірігіп Ян Міннан шығып, үш жолға бөлініп аттанып екі мың шақырымдық жорыққа бағыттанды. Таңшықай тайпаларын бастап соққылап оларды жеңіліске ұшыратты, ат пен жасақтың оннан бірі ғана оралды. Сәнбейлер күннен-күнге көбейіп мал бағып аң аулады, сонда да азық жетіспеді. Кейін Таңшықай Ұғусын өзені (қазіргі Ішкі моңғолдың Лияу Хы өзені) өзенді тосып, арнасын неше жүз шақырымға кеңітіп, балық ауламақ болса да оған ие бола алмады. Ханьдықтар балық аулауға шебер келеді дегенді естіп, Таңшықай Ханьға шабуыл жасап, неше мың отбасына Ұғусын өзені жағасына көшіріп әкеліп, оларға балық аулау арқылы азықпен қамдауға бұйырды. Қазірге дейін Ұғусын  неше жүз Хань отбасылары тұрады» [14].

Сәнбейлердің жаппай күшейюіне негіз болған түйін Ғұндардан қалған 100 мың халықтың оларға бағынуы саналады, оның 20-30 мыңы жарақты жауынгер. Ғұнның 237 мыңы Ордоста қалғанын айттық, ал тағы мөлшермен неше жүз мыңы батысқа босып кетті. Демек, осы көшпей қалған Ғұндар Сәнбейлерге қосылып, оған кейін Деңлеңдер қосылып, Қазақты қалыптастырғанын байқауға болады.

Таңшықайдың дүниеге келуі нажағайдан болған делініп отыр, бұны аңыз-әпсана ретінде қараған күнде де нажағай – көктің нұры, ал Шыңғыс ханның арғы бабалары Бодоншарда нұрдан жаратылған болатын. Бұл барлық құдіретті императорлардың елден ерек болмысын дәріптеуден туындаған болуы мүмкін.

Десе дегендей Таңшықай 5-6 млн шаршы километр аумақтағы көшпенділер империясын орнатады.  Батыс шекарасы Қазақстанның шығысы және Балқаш көліне дейін тірелген. Қытай патшасымен де есептеспей, оның берген мәртебесіненде бас тартады. Қытайдың Қытай, Ғұн аралас қалың қолында қанға бөктіріп, басым бөлігін жер жастандырады. Бұл атақты соғыс  эрамыздың 177 жылы болған, бұдан басқада ірілі-ұсақты көптеген соғыстардың да болғаны анық. Эрамыздың 156, 158, 159, 163, 168 жылдары Сәнбейлер Хань империясына шабуыл жасап, шекарадағы қалаларын шабындыға ұшыратады. Модұн мен Леузаң тәңірқұттың тұсындағы айдарынан жел ескен құдіретті көшпенділер империясы қайта жаңғырады.  Батыста Асуанды, шығыста Тұңғыстар мен Корейлерді, солтүстікте Деңлеңдерді бағындырады. Тұтас империяны үш әкімшілік бөлініс бойынша бөледі, бұл Шыңғысхан кезіндеде болған, ол орталық «қол ( қолқа), оң қанат «барұн қар» (бұрынғы қанат, қар көне түрікшеде де қанат мағынасын береді), сол қанат «жоуын қар» (соңғы қанат дегенге келеді) деп бөлген. Қазақтың «үш жүз» әкімшілік бөлінісі де осының көрнісі. Айрықшы айта кетерлігі, ол өзін «қаған» атайды, Ғұн патшалары өздерін «тәңірқұт» (тәңірұлы) деп атаған, кейінгі Ниооуан (Жужан), Түрік, Ұйғыр, Қидан, Моңғолдар билеушілері өздерін қаған атағаны белгілі.

Таңшықайдан кейін

«Таңшықай 45 жасында өлді де, ұрпақтары жалғасты билік жүргізді. Ұлы Хыленнің дарыны әкесіндей болмады, парақор болып заңды әділ атқармады, бұқараның жартысы тайқып қарсы шықты. Лиңдидің соңғы жылдары солтүстікке шабуыл жасап тонаушылық істеді, солтүстіктегі бұқара садақ атуға шебер еді, олар Хыленді атып өлтірді. Ұлы Шәнмен жас болғандықтан, інісі Ғұйту таққа отырды. Ғұйту таққа отырған кезде Шәнмен ержетті де Ғұйтумен ел билігіне таласты, бұқара тоза бастады, Ғұйту өлген соң інісі Бүдіген таққа отырды. Таңшықай өлген соң ел басылары таққа таласумен болды. Дібуген таққа отырған кезде бұқараға билігі әлсірей берді, ортаншы інісі Порохан түмендеген бұқарасы бар елдің ақсақалы еді. Жиян ан жылдары (196-220) Тайзу Южоуды (уй патшасы Сау пи) тыныштандырды, Бүдіген мен Хыбінің қатарлылар Ахуан Шияу Уүларын тыншытуда үлес қосты. Кейін Дәй Жүнде Ахуан Чентек бүлік шығарды, ол Пороханға тәуелді болуды өтініп сұрады,  Порохан 10 мың атты жасақпен қарсы алды. Саң Ганға барғанда дек қатарлылармен ақылдасып Пороханның бөлімдеріне көмектесуді шектеуді, ешнәрседен қаймықпай анағұрлым лайықты адам деп Хыбыныңды талдады. Хыбының түмен жасақпен келіп қалғандарымен одақтасып алды. Хыбының жиналыста Пороханды өлтіріп, оның ұлы Сегуін мен барлық бұқарасын өзіне қаратты. Хыбының өзін қанышер баба атап, мәміле жасауға шебер болды, Дібуген оған кектенді. Хан патшасы тағын ұсынып бергенде Тән үй Ахуандардың шияу уйы болып тізе қоса Сәнбейлерден қорғанып, оны Чаң Пиңге қойды. Дібуген елші жіберіп тұлпар тарту етіп «хан» деген лауазым алды. Кейін көп рет Хыбыныңмен өзара қырқысып, Дібугеннің күші әлсіреді, түмендеген бұқарасы Тайюан, Ян Мінге келіп қоныстанды. Дібуген әуелгідей адам жіберіп Хұшұғынға: «Қайын атамды неге өлтіреді? Кекті ұмытпаймын, өштігім тұнып тұр. Бүгін құдаласып қыз бере тұра не үшін қызға қастандық сайлайды, маған қайтарса болады ғой, мен қарындасыммен ет жақын туыспын, бұдан асар кек бар ма?» деді. Ол кезде нигеннің кей тайпалары Бүдігенге қашып келген болатын, Хыбының қуалап жете алмады. 220-226 жылдары Дібүген ордамызға тарту жіберіп байланысын күшейтті, кейін секем ойлап қорғанып, пәлеге жолығудан қорқатын болды, ал Хыбыныңның бұқарасы көбейіп күшейді. Миңди таққа отырғанда (227 жылы) Нұм тиектерге шабуылды азайтып, кең саясат ұстанды. 233 жылы Хыбының тіпті де ордамен татуласты, ал Дібүген  Сегуін қатарлылардың тайпасын қорғаныш етіп, Бин Жоуды шауып, халықты қырды. Патша Чин Лаңды жіберіп оларға жорық жасатты, Гүни Хыбыныңға қарсы шықты да, бұқарасымен келіп ордаға бағынды, оған мейірімді хан деген атақ берілді, тарту тартылып, барабан соғылып, күй ойналды. Оны Бин Жоуға қоныстандырды. Бүдіген Хыбының жағынан өлтірілді.

Жалғасы бар...

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?