Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шоқанның белбеуі мен тапаншасы

1694
Шоқанның белбеуі мен тапаншасы  - e-history.kz
Таяуда тұңғыш есігін ашқан «Рухани жаңғыру» көрме залы несімен ерекшеленеді, қандай құнды жәдігерлер орын алғанына жеке тоқталсақ

Таяуда қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған ІІ республикалық форум өткені белгілі. Форумда аясында «Рухани жаңғыру» атты көрме залы тұңғыш рет есігін айқара ашты.

Көрмеге Қазақстанның өңірлерінен көптеген құнды дүниелер әкелінді. Қойылған жәдігерлердің кейбіреуіне ішінара тоқталып тарихына үңілгенбіз. Сондай атап өтетін ерекше құнды дүниелердің бірі Шоқан Уәлиханов парша белбеуі.

Қазақтың көрнекті ғалымының патшалық Ресей үшін табысты атқарған ісінің бірі - Қашқарға сапары. Сапарда көрген-түйгенін саяхатшы-ғалым «Шығыс Түркістан. Саяхат күнделігі» атты қолжазбасын қалдырды. Аталған қолжазба арқылы Шоқанның сапар аясында өткізген уақытының қалай өткенін біліп отырмыз. Белбеуге келсек арнайы құжаты жасаланғанша яғни 1985 жылға дейін Алматы Мемлекеттік Орталық музей қорында сақталған. Музей қорына қайдан және кім әкелгені белгісіз.

Уақыт өте келе ҚазКСР Мәдениет министрлігінің арнайы бұйрығымен акт жасалып белдеу «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейіне тапсырылған. Құжаттама бойынша жәдігер сипаттамасына келсек бұл белбеуді саяхатшы-ғалым 1858-1859 жылдары Қашқарияға жасаған сапарынан тағып келген. Бұйым 150 жылдан астам сақталса да өңін жоғалтпаған, таза қытай жібегінен жасалған сапалы екені көрініп тұр. Белбеудің екі жақ шетінен төгіліп тігілген сәнді шашағының бірде-бір жібі түспеген.

Тағыда Шоқан бабамыздың дүниелерінің бірі өзі қолданған тапаншасы. Оның тарихын қозғасақ Ресейде аса маңызды, әрі күрделі міндетті атқарушы ретінде өзін қорғау үшін арнайы тапанша берілген. Ғалымның күнделігін оқи отырып байқайтынымыз мұндай шағын пистолеттің бірнешеуі болғанын аңғарамыз.

Біздің көрмеге қойылған тапанша «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музей қорына тиесілі. Жәдігердің құжатнамасында 1958 жылы 12 наурызда № 165 акті бойынша Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің №3 бұйрығымен жоғарыдағы мезейге берілгені туралы жазылған. Пистолеттің бір бүйірінде «Шоқан Уәлихановқа. 1858 жыл» деген жазу бар. Уақыт жағына келсек ғалымның Қашқарға жасаған сапары уақытымен сәйкес келіп тұр.

Міне ұлы Шоқанның өзі қолданған осы секілді дүниелері орын алған «Рухани жаңғыру» залының әрбір жәдігерінің өзіндік тарихы бар.

Әңгімелеп берген: «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?