Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қансонарда бүркітші шығады аңға ....

3749
Қансонарда бүркітші шығады аңға .... - e-history.kz
Сұлу Көкшенің төрі Бурабайда «Қансонар» тұңғыш халықаралық құсбегілер турнирі өтті

Қазақ халқы ертеден тартып сал-сері мен ауқаттылары жүйрік ат мініп, тазы жүгіртіп, сейіл-серуен құратын болған. Бұл бір жағынан қасқыр, түлкі, ілбіс, сілеусін, сусар терілерінен ішік, бөрік, тұмақ жасау үшін болса, тағы бір жағынан әл-ауқаты төмендерге аң аулап, бүркіт салу күнделікті күн көріс екендігін көрсетеді. Құсбегілік пен құс баптау, қыран құсты тану қазақ жұртына тән өнер.

Жарыс бірнеше бағытта өрбиді. Алдымен жас балалар қаршыға мен ителгіні қолға қондырса, үлкендер бүркітпен аң аулап, бақ сынасты. Ұлттық спорттың осы түрі қазір қарқынды дамып келеді. Бүгінде Қазақстан бойынша 100 шақты саятшы бар. Олардың тең жарымы саятшылықпен кәсіби деңгейде айналысып жүрген кәнігі спортшылар. Спортшы дейтініміз, бұл ұлттық өнер 2016 жылы ресми түрде спорт түрі болып тіркелді. Тағы бір қуантарлығы құсбегілікке жастар жағы да бет бұра бастады.

Еліміздің құсбегілерінен бөлек көрші Ресей, Қытай, Қырғызстан, Венгрия және Моңғолия елінен саятшылық өнерінің майталмандары жиналды. Бас-аяғы 50-ден астам құс қолға қону, еркін ұшу және шырғаға салу сайыстары бойынша сынға түсті. Аталған байрақты бəсеке биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

Сайыстың жүлде қоры да қомақты. Республикалық Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы аталған жарысқа 2 млн теңге қаржы бөлген. Ал жергілікті әкімдік бас жүлдеге жеткен қатысушыға жеңіл автокөлік бұйырады. Айта кетейік, «Қансонар» бүркітшілер турнирі Көкше жерінде соңғы 12 жыл қатарынан тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал биылғы бәсеке «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күнінің қарсаңында, ақмолалық атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлының құрметіне ұйымдастырылды.

Ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Қансонар» құсбегілер сайысы жыл санап өз көрермендерін көбейтуімен қатар, қызығушылардың санын арттыруыменде ерекшеленіп келеді.

Батырханов Шынарбек, белгілі құсбегі М.Батырханұлының немересі, Ақмола облыстық Туризм басқармасының басшысы:

Бүгінгі өтіп жатырған шара ерекше деп айта аламыз, себебі біріншіден турнир халықаралық көлемде ұйымдастырылып отыр, аталған шараға Қытай, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Ресей елдерінен қатысып отыр. Біз 2005 жылдан бастап Қазақстандағы бүркітшілердің сайысы Ақмола облысында өтеді,  биылда дәстүрді  бұздай еліміздің туристік мақтанышы Бурабайдың төрінде ұйымдастырып отырмыз.  Тағы бір қуантарлығы жыл сайын қатысушы, қызығушылардың саны өсіп жатыр. Қазақстанда бүркіт салу ұлттық өнері жоғары сатыға көтерілсін деген мақсатта бізде өз тарапымыздан қолдан келген мүмкіндікті жасап жатырмыз.

 

Бүркітшілікпен екінің бірі айналыса алмайды, құс өнерін меңгерген дарын иесі деп айтуға болады. Құсты кішкентайынан өзіне тартып, қолға үйретіп, содан соң ғана оны шабуыл жасауға үйретеді және бұл өз кезегінде бір күндік емес күнделікті жаттығудың, тер төгудің нәтижесі деп айтуға болады.

 

Сондықта қазіргі таңда құсбегілік дәстүрін сақтаған саны елімізде көп емес, атап айтсақ бізде жобамен кәсіби бүркітшілердің саны 100-150-дей болады, ал осы кәсіп жақсы дамыған Венгрия, Испания секілді елдердеі олардың саны 1000-нан асады. Бұлай болатын себебі бізде бұл өнерге салт-дәстүр, одан қалды қызығушылық ретінде ғана қарайды, ал ол мемлекеттерде кәдімгідей индустрияға, арнайы қызмет түріне айналдырған. Сондықтан біздің елдеде бар бүркітшілерге жағдай жасауымыз керек, яғни әрбір кәсіби бүркітшіні штатқа алып, тұрақты жалақы тағайындап, одан қалды осындай сайыстар кезінде бір жерден екінші жерге құспен жол жүру оңай емес, осы жерде арнайы көңіл бөлінуі қажет. Одан соң құсбегілік мектептерін көп ашып, тиісті жағдай жасалу керек.

Сонымен сайысты қорытындыласақ, бас жүлдені Ақмола облыстық жасөспірімдер спрот мектебінің ұлттық спорт «Құсбелгі» тренері Қанат Шүленбаев жеңіп алды, екінші сатыға атыраулық Арман Қошқаров көтерілді, үшінші орынды Күнтуған Серікбек (Астана) мен Ақмола облысы атынан қатысушы Тастанбек Бергенбай өзара бөлісті.

Фото: Артем Чурсинов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?